Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяқ шегіртке



Саяқ шегіртке күбіршектерін көктемгі қайта тексеру әр түрлі жерлерде: жайылымдық, шалғындық, көп жылдық екпе шөп егістіктерінде, жол жиектері мен тың жерлерде және орман белдеулерінде жүргізілді. Сараптау қортындысында күбіршектердің ауруы және паразиттермен зақымдалғаны 1,5-5,8-ден 20,0% (Алматы облысы) аралығында болды. Орналасу тығыздығы 1,5-4,0 экз/м2, күбіршектегі жұмыртқа саны 8-ден 21 данаға дейін.

Оңтүстік өңірлерде дернәсілдердің шығуы 13-22 наурыздан 13 маусымға дейін созылды. Дернәсілдердің орналасу тығыздығы орташа 0,2-3,0 пен 8-10 экз/м2 болса, жоғарғы көрсеткіші 50 экз/м2 (Жамбыл облысы) болып тіркелді. Дернәсілдердің жасы 25 мамырға (Алматы облысы): I-II – 20%, III-IV – 30%, V – 50%.

Қанаттанудың басталуы 7 мамырдан бастап маусымның бірінші онкүндігнде өтті. Мамыр айының ортасынан тамыз айына дейін жұптасу мен жұмыртқа салу кезеңі жүрді.

Күбіршектерді топырақ қазып күзгі зерттеу нәтижесінде, олардың орналасу тығыздығы орташа 0,5-тен 1,6 экз/м2 болса, жоғарғы деңгейі 8,5 экз/м2 Жамбыл облысында тіркелді. Күбіршектегі жұмыртқа саны 15-27 дана болды.

Солтүстік өңірлерде қыстап шыққан күбіршектер 0,1-ден 12,0 экз/м2 аралығында болса, күбіршектегі жұмыртқа саны 4-20 дана аралығында, зақымдалғаны – 1,5-ден 38%-ке дейін. Саяқ шегіртке дернәсілдерінің шыға бастауы 22-31 сәуір - 7 мамыр аралығында тіркелді. Дернәсілдердің орналасу тығыздығы табиғи және көпжылдық астық тұқымдас екпе шөптерде орташа 0,2-ден 10 экз/м2 болса, жоғарғы көрсеткіші – 35 экз/м2. Дәнді дақылдар егістіктерінің жиектеріне орналасу тығыздығы 0,1-5,0 экз/м2 болып тіркелді.

Саяқ шегіртке дернәсілдерінің түрлері бойынша: ақжолақты шегіртке – 15-36%, айқышжолақты шегіртке – 10-30%, қаражолақты шегіртке – 24-30%, атбасар шегірткесі – 4-33%, Фишер шегірткесі – 5-21%, сібір шегірткесі – 3-30%, кіші айқышты шегіртке – 10-17%, басқа түрлері – 5-7%.

Ақмола облысы бойынша 20 маусымға дернәсілдердің жасы бойынша: I – 1-20%, II – 5-50%, III – 18-43%, IV – 7-55%, V – 2-30% болды.

Саяқ шегіртке зиянкестерінің қанаттануы 26 мамыр 23 маусым аралығында басталып, жаппай қанаттануы – 6-25 маусым мен10 шілде аралығында өтті.

Ересек шегіртелердің жұптасуы 21-25 маусым - 12-20 шілде аралығында тіркелсе, жұмыртқа салуы басталуы 12-30 маусым, жаппай - 4-15 тамызда тіркелді. Қыстап қалған күбіршектердің орналасу тығыздығы 0,1-5,5 экз/м2 аралығында, зақымдалуы 0,3-тен 11,0%-ке дейін. Бір күбіршектегі жұмыртқа саны 6-дан 35 данаға дейін.

Қалған өңірлерде дернәсілдердің шыға бастауы 21 сәуір мен 18 мамыр аралығында тіркелді. Дернәсілдердің шығу мерзімі өте созылмалы болды, яғни алдыңғы дернәсілдер қанаттанып жатқанда сол түрдің бірінші жастағы дернәсілін кездестіруге болады. Дернәсілдердің орналасу тығыздығы орташа 0,2-9,7 экз/м2 болса, жоғарысы 20 экз/м2, Павлодар облысында анықталды.

Саяқ шегіртке дернәсілдерін көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары 2094,2 мың га жерге жүргізіліп, онан 1223,8 мың га – залалданған, оның ішінде ЭЗШ-нен жоғары – 125,5 мың га. (№ 10 кесте).

Саяқ шегіртке зиянкестерінің қанаттануының басталуы 22 мамырда, жұптасуы – 4-30 маусымда тіркелді. Ересек шегірткелердің орналасуы 0,2-12,0 экз/м2 аралығында болды.

28 маусым мен10 шілде аралығында жұмыртқа салу кезеңі тіркелді.

Саяқ шегірткені жазғы жұптасу және жұмыртқа салу кезеңінде зерттеу жұмыстары 2742,0 мың га жерге жүргізіліп, онан 1683,8 мың га немесе зерттелген көлемнің 61% залалданғаны анықталды (№ 11 кесте).

Күзгі топырақ қазу жұмыстары жұптасу және жұмыртқа салу кезеңдерінде жүргізілді. Күбіршектердің топырақтағы орналасу тығыздығы 0,1-7,0 экз/м2, паразиттермен және ауру түрлерімен зақымдалғаны – 4,7-20,7%. Бір күбіршектегі жұмыртқалардың орташа саны 5-23 дана аралығында.

Үстүміздегі жылы ауа-райы шегіртке зиянкестерінің таралу аймағының ұлғаюуына қолайлы болды. 2009 жылы шегіртке зиянкестеріне қолайлы жағдай болғанда солтістік және батыс өңірлерде зиянкестердің саны мен зиян келтіру көлемі ұлғаяды деп күтілуде. Химиялық өңдеу жұмыстары 440,87 мың га жерге жүргізіледі деп болжам жасалды.

№ 10 кесте.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1710 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...