Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азиялық шегіртке



Бұлардың қарқынды көбейетін мекен – жайлары Алматы облысында- Балхаш,Алакөл көлдері мен іле өзенінің жағалуларындағы қамыс қопалары, Атырау облысында Каспидің аралдары мен жағалауы, Жамбыл облысында Шу, Талас өзендерінің жағалулары мен Мойынқұм өңірі, Батысқазақстанда Қамыс-Самар көлдері жүикесі, Чижин, Балықты қызылсу жиналатын аймақтары Қызылорда облысында телікөл, Қараөзен алабы, Қостанай облысында Жангелдин, Наурызым аудандары екендігі анықталып отыр. Күбіршектерге көктемгі тексеру 64,5 мың га. жерге жүргізілді, соның ішінде күбіршектер кездескен жер 16.13 мың га. болып шықты. 1 шаршыға шаққанда күбіршектер саны 0,3 тен 11, 0 ге дейін болды.Күбіршектердің зақымдалуы 0,8-3,0 % -ды құрады. Бір күбіршектегі жұмыртқа саны 26 дан 100-ге дейін жетті. Дернәсілдердің жұмыртқадан жарып шыға бастауы Оңтүстік аймақта 10-14 мамыр мен 22-31 мамыр арасында, ал жаппай шығуы 25-30 мамыр мен 7-9 маусым арасында өтті.Шығысқазақстан, Қостанай облыстарында дернәсілдердің шыға бастауы мамырдың үшінші онкүндігінде, Батыс өңірде маусымның бірінші онкүндігінде тіркелді.Жалпы республика бойынша дернәсілдердің шығуы қамысты қопалардың судан бірден арылмауының салдарынан біркелкі болмады.Ойпаң, шұқыр жерлерде 1 ші түлеудегі дернәсілдер маусымның аяғына дейін кездесті.

Дернәсілдерге мониторингтік тексеру 2455,85 мың га жерге жүргізілді. Қоныстанған аумақ 983,51 мың га болса, оның ішінде 700,05 гектар жерде дернәсілдердің тығыздығы экономикалық залалдау шегінен жоғары болды.(6 шы кесте)

Қоныстанудың орташа тығыздығы 1гектарға 350 -850 ден 1100 -1400 дернәсілге дейін болды.Ең жоғары тығыздық (1 гектарға 2700 -3000 шегірткеден) Жамбыл облысының Талас ауданында кездесті.Химиялық өңдеу жұмыстарының биологиялық тиімділігі 92 -98 % ды құрады.

Облыстар бойынша 20 маусымдағы шегірткелердің жас айырымына қарай құрамы төмендегіше болды:

Алматы II 5% III 10% 4 ші 40% 5 ші 45%

Батыс Қазақстан I 5% II 40% III 55%

Қостанай I 10% II 40% III 40% 5 ші 10%

Шегірткелердің қанаттана бастауы Оңтүстік аймақта маусымның үшінші онкүндігінің соңында, қалған аймақтарда --- шілденің бірінші онкүндігінде тіркелді.Жаппай қанаттану кезінде шегірткелер шекарасы жергілікті жерлермен шектелген ауысымдық ұшулар жасап отырды.Шағылысу мен жұмыртқа салудың басталуы шілденің үшінші онкүндігінде тіркеліп, жұмыртқа салу қырқүйектің ортасына дейін созылды.

Жазғы шағылысу мен жұмыртқа салу кезеңіндегі тексеру 3053,45 мың га жерге жүргізілді,оның 1527,13 мың гектарында шегірткелер қоныстанған, немесе тексерілген жердің 50% ы (2007 жылы бұл көрсеткіш 44 % болған еді.) (7 ші кесте)

Қоныстану тығыздығы 1 гектарға 215 тен 1280 шегірткеге дейін болды. Жамбыл, Қызылорда облыстарында шегірткенің саны 1 гектарға 1600 – 1800 шегірткеге дейін жетті.Күзгі тексеру қортындысы бойынша күбіршектердің тығыздығы 1 шаршыға 4,8 – 12 дана болып анықталды.Күбіршектердің зақымдалуы 0,8 ден 18% ға дейін жетті.Бір күбіршектегі жұмыртқа саны 32—

110 жұмыртқадан болды.

Азиялық шегірткенің тіршілік етуіне қолайлы жағдай туса, 2009 жылы бұл зиянкестің негізгі жатақтарында жоғары тығыздық сақталады,тек Алматы, Атырау, Қызылорда облыстарында тығыздық биылғы деңгейде қалуы ықтимал.Химиялық өңдеу жүргізілуге тиіс жер 886,6мың га болып болжамдалып отыр.


6-шы кесте





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1517 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...