Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Итальяндық шегіртке



Бұл шегіртке республика өңірінің барлық жерінде кездеседі, дегенмен бұл зиянкестің барынша көп шоғырлануы Солтүстік және Батыс Қазақстанда байқалып отыр.

Көктемгі күбіршектерге 325,24 мың га жерге тексеру жүргізілді.Соның 64,77 мың га жерінде күбіршектер кездесті.

Қоныстану тығыздығы 1 шаршыға 0,1 – 0,9 данадан 21 – 33 данаға дейін ауытқыды.Ауруға ұшыраған күбіршектер саны 10 -25 % болды.Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бұл көрсеткіш 40 -50 % ға жетті.Бір күбіршекте 6 дан 49 ға дейін жұмыртқа барлығы тіркелді.Биылғы жылы көптеген аймақтарда итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жұмыртқадан жарып шығуы былтырғымен салыстырғанда 5 -14 күндей мерзімге ерте өтті.

Дегенмен көктемгі – жазғы маусымдардағы ауа райының тұрақсыз болуының, салқын күндердің қайта –қайта қайталануының, күндізгі және түнгі ауа температурасының арасындағы үлкен айырмашылықтың әсерінен дернәсілдердің жұмыртқадан шығып бітуі созылып кетті.Дернәсілдердің әдепкі шығу мерзімі Оңтүстік аймақтарда 16 -28 сәуір мен 4 – 8 мамыр аралығында, Шығыс Қазақстан облысында 12 -18 мамыр аралығында, Солтүстікте және Павлодар облысында 14 – 24 мамыр аралығында тіркелді.Дернәсілдердің жаппай шығуы негізінен мамырдың екінші жартысы мен маусымның бірінші онкүндігінің арасында өтті.

Итальяндық шегіртке дернәсілдерінің облыстар бойынша 30 мамырдағы жас айырмашылығына байланысты құрамы:

Оңтүстік Қазақстанда III 40% 4 --ші 60%

Жамбыл облысында I 10% II 80% III 10%

Батыс Қазақстанда I 50% II 45% III 5%

Шығыс Қазақстанда I 45% II 35% III 20%

Қостанай облысында II 55% III 45%

Дернәсілдер бойынша көктемгі – жазғы тексеру 6468,52 мың га жерге жүргізілді, соның 1669,72 мың гектарында дернәсілдер қоныстанған.Қоныстанған жерден 882,06 мың гажер өңделуге жатады.

4 ші кесте.

Дернәсілдердің орташа тығыздығы 1 шаршыға 0,01 – 4 данадан 15 – 70 данаға дейін келді.Шоғырлана топталған жерлерде 1 шаршыға 200 -350 данаға дейін дернәсілдер кездесті.Химиялық өңдеудің биологиялық тиімділігі 85 -94 % аралығында болды.Дернәсілдер негізінен жайылымдарда, тыңайған жерлерде көпжылдық шөптерде көбірек топтасты.Бірақ кейбір жерлерде (Павлодар облысы) құрғақшылыққа байланысты зиянкестің орнықты мекеннен (резервация) өзге жерлерге таралып, бірді –екілі зиянкестердің егістік жерлерге ауысқаны байқалды.Итальяндық шегірткенің қанаттана бастауы Оңтүстік өңірде 3 мен 18 маусымда, Батыста 8 – 17 мен 22 маусымда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 21 мке 30 маусымда Солтүстікте 20 маусым мен 3 -10 шілде де тіркелді.Дернәсілдердің жас айырмасына қарай анықталған құрамы облыстар бойынша 25 маусымда төмендегіше болды:

Алматы облысы III 5% 4 ші 10% 5 ші 40 % ересек шегіртке 45%

БатысҚазақстан облысы 4 ші 13% 5 ші 81% ересегі 6%

Шығыс Қазақстан облысы III 30% 4 ші 30% 5 ші 40%

Павлодар облысы II 20 -30 % III 30 -50 % 4 ші 10 -30 % 5 ші 10 - 20%

Ақмола облысы I 2 – 30 % II 20 -70% III 9 – 67 % 4 ші 5 – 31 % 5 ші 6%

Шегірткенің жұмыртқа салуы Оңтүстікте 16 -23 маусымнан 22 -30 шілдеге дейін, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында 8 -19 шілде де, Батыс және Солтүстік аймақтарда шілденің үшінші онкүндігінде байқалды.Бір ұрғашы шегіртке орташа 22 -36 жұмыртқа салды.Биылғы жылғы тексерулер нәтижесі итальяндық шегірткенің биологиялық белсенділігінің артқанын көрсетті.Сонымен қатар түрленудің «саяқ» сатысынан «өткінші» сатысына өту құбылысы байқалды.

Күзгі тексеру барысында тексерілген 442,22 мың га жердің итальяндық шегіртке күбіршектері кездескен жері 149,04 мың га болды.Немесе тексерілген көлемнің 34% ын құрады.

Күбіршектердің тығыздығы 1 шаршыға 0,01 – 4,5 тен 8 – 12 ге дейін, ал ең жоғарысы 37 данаға дейін келді Соңғы көрсеткіш Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында кездесті.Күбіршектердің зақымдануы 0,01 ден 17 % ға дейін болды.Алматы және Павлодар облыстарында күбіршектердің зақымдалуы 21 – 31 % ға дейін жетті.Бір күбіршектегі жұмыртқа саны 10 мен 47 нің арасында болды.

Биылғы жылдың итальялық шегірткенің өсіп – жетілуі үшін қолайлы болуы бұл зиянкестің санының артуына және биологиялық белсенділігінің жоғары болуына жағдай туғызды.

Итальяндық шегірткенің санын шектеу үшін 2009 жылы 996,07 мың гектар жерге химиялық өңдеу шаралары жүргізілуі тиіс.


Кесте





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1334 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...