Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көп қоректі зиянды жәндіктер



Саршұнақтар Қазақстан аумағында саршұнақтың кіші түрі кең тараған, оның аздау тараған түрлеріне жататындар:қызылжақты саршұнақ, жирен(үлкен) саршұнақ,сары түсті құмтышқан(зорман)

Саршұнақтардың айтарлықтай дәрежеде залал келтіруі Батыс өңірде кездесіп отыр.Мәселен Батыс Қазақстан облысында тексерілген жердің 83%-- ында және Ақтөбе облысында тексерілген жердің 46%-- нда саршұнақтардың қоныстануы орын алған.2007 жылдың күзінде саршұнақтар қыстауға қоңды күйде кетті, биылғы жылғы қыс маусымы көптеген аймақтарда қардың аздығымен,температураның төмен болуымен ерекшеленді.Соған қарамастан саршұнақтардың қыстап шығуы жақсы өтті.Үстіміздегі жылы саршұнақтардың қысқы орындарынан шығуы ерте басталғанымен созылыңқы болды.Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында саршұнақтардың шыға бастауы 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында тіркелді.Бұл былтырғы жылға қарағанда 9 -- 14 күнге ерте болып отыр.Орталық және Солтүстік өңірлерде саршұнақ 6 – 19 наурызда шыға бастады.Саршұнақтардың жаппай шығуы оңтүстікте 1 – 16 наурызда, орталық пен солтүстікте 12 – 30 наурызда орын алды.Ақтөбе облысында олардың шыға бастауы 12 –27 наурызда байқалды, ал жаппай шығуы сәуірдің екінші онкүндігіне сәйкес келді.Қоныстану тығыздығы былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеу болып, бір гектарға 0,5 тен 34 тұрғын іннен келді.Оңтүстік аймақта саршұнақтардың шыға бастауы 28 ақпаннан наурыздың 14 – 17-леріне дейін созылды.Жаппай шығуы 10 –19 –наурыз аралығында өтті.Қызылорда облысында қоныстанудың орташа тығыздығы 1 гектарға 2 – 4 іннен, ал жоғары тығыздық 1 гектарға 5 – 7 іннен келді.Саршұнақтардың дәнді дақылдар егісін жиектей қоныстануы Алматы облысының Талғар ауданында кездесіп, тығыздығы 1 гектарға 5 тұрғын іннен болды.Солтүстік аймақта саршұнақтардың көктемгі белсенділігі наурыздың үшінші онкүндігінен бастап сәуірдің 12 сіне дейін жалғасты.Саршұнақтардың шағылысуы 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жүрді.Сәуірдің ортасында орын алған температураның күрт төмендеп кетуі мен қардың жауып кетуі шағылысу белсенділігін төмендеткенімен, саршұнақтардың басқа әрекеттеріне әсер еткен жоқ.Тұрғын індердің тығыздығы 1 гектарға 0,5 тен 6,5 ке дейін болды.Шығыс Қазақстан облысында саршұнақтардың шыға бастауы 19 – 26 наурызда, ал жаппай шығуы сәуірдің бірінші онкүндігінде байқалды.Тұрғын індердің саны 1 гектарда 4 –5 данадан 10 –17 данаға дейін ауытқыды.Қыстап шыққан саршұнақтардың физиологиялық хал – жағдайы: кіші саршұнақтың салмағы 120 – 390 грамм,қызылжақтынікі ---- 315 -460 грамм,сары саршұнақтікі 340 -450 грамм,ал жирен саршұнақтың салмағы 250 -300 грамм тартты. Шағылысуға ұрғашы саршұнақтардың 75 – 95 % дайы қатысты.Бір ұрғашы саршұнаққа шаққанда ұрық саны 2 ден 15 данаға дейін жетті.

Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлерде саршұнақтардың қоныстануын анықтауға көктемде 761,71 мың га жерге тексеру жүргізіліп,соның 291,42 мың гектарында, немесе тексерілген жердің 38% да саршұнақтардың қоныстанғаны тіркелді.

(Осы жерге бірінші кесте түседі.)

Батыс Қазақстан облысында саршұнақ баллары індерден шыға бастауы 14 – 18 мамырда, ересектерінен ажырап таралуы 22 – 26 мамырда, ал Ақтөбе облысында бұл әрекеттер ретіне сәйкес 11 – 26 мамырда және 28 мамыр мен 8 – 10 маусым аралығында өтті.Оңтүстікте күшіктердің шығуы мамырдың екінші онкүндігінде, Солтүстік пен Шығыста --- маусымның басында тіркелді.Саршұнақ балаларының табиғи алқаптарға таралуы негізінен мамырдың үшінші онкүндігінен маусымның аяғына дейін жалғасты.Орташа қоныстану тығыздығы 1 гектарға шаққанда 1 – 2 ден 8 -10 тұрғын аралығында болды.Кіші саршұнақтың дәнді дақылдар егісіне ауысуы мен зиян келтіру әрекеті Батыс Қазақстан облысының Сырым, Теректі аудандарында кездесті.Бұл жерлерде негізінен танаптардың шет жағында, танап жиектерінде өскен өсімдіктердің 0,3 – 2,4 тен 8,6 - 16% ға дейін зақымдалғаны байқалды.Жазғы тексеру бойынша ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлердегі саршұнақтардың қоныстануы 412,1 мың га, немесе тексерілген жердің 35% -ын құрады.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% ға төмен.(екінші кесте).Қоныстанған жерлердің едәуір ұлғайғандығы Шығыс Қазақстан облысында (тексерілген жердің 40%),Павлодар облысында (47% ға дейін),және Солтүстік Қазақстан облысында(45% ға дейін) байқалды.Жасамыс еркек саршұнақтар мен қысыр қалған ұрғашы саршұнақтардың ұйықтауға жатуы Батыс Қазақстанда 28 мамыр мен 4 маусым, Оңтүстік және Шығыс аймақтарда 25 -28 маусым мен 14 -20 шілде аралығында, Солтүстікте 20 – 28 шілдеден тіркелді.Ересек саршұнақтардың ұйықтауы 15 маусымнан басталып, тамыз айының ортасында аяқталды.Саршұнақтардың ұйқыға кетер алдындағы салмақтары төмендегіше болды: кіші саршұнақтікі 420 -515 грамм (еркектері),240 -360 гр.(ұрғашылары),қызылжақ саршұнақтікі 527 -790 гр.(еркектері), 401 -550 гр. (ұрғашылары). Балаларының ұйқыға кетуі тамыздың 5 -18 нен бастап, қырқүйектің екінші жартысына дейін созылды. Олардың салмақтары 150 -445 грамм аралығын көрсетті.

2008 жыл саршұнақтардың жоғары қоңдылыққа жетуіне барынша қолайлы болды,олар қыстауға күйілі жағдайда кетті.Саршұнақтардың негізгі залал келтіретін аймақтарында жүргізілген өңдеу шаралары олардың санын едәуір азайтты.Сондықтан саршұнақтар үшін қыс қолайлы болғанның өзінде келесі жылғы олардың санының өсуі мардымсыз болмақ.Саршұнақтардың санын одан әрі азайтып, оны ең төменгі деңгейге түсіру үшін 2009 жылы саршұнақтарға қарсы 11,0мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында 5,7 мың га, Ақтөбе облысында 5,3 мың га жер өңделуі тиіс.


1 кесте





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1020 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...