Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

С.И. Сүлейменов



Шолуға қатысқандар:

Абдрахманов М. -мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасының орынбасары

Амерғожин Р.Ш. – егін шаруашылығындағы фито қауіпсіздік пен мемлекеттік

инспекция басқармасының бастығы;

Жаңабаев М.Д. – егін шаруашылығындағы фито қауіпсіздік пен мемлекеттік инспекция 1-ші діңгейдегі сарапшышысы.

Сүлейменова З.Ш. – «Республикалық фитосанитарлық диагностика және

болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мұхышев А.А. – «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар

Әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары;

Палинка А.П. - «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар

Әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас агрономы;

Абдугалиева Г.Х. – Ауылшаруашылығы зиянкестерінің таралуын анықтайтын зертхана меңгерушісі

Токмурзина З.Х. – Ауылшруашылығы дақылдарының ауруларын анықтайтын зертхана маңгерушісі

Уразбаев М.А. – Арамшөптермен ластануды тексеру мен бағалашы зертхана меңгерушісі.

2007 жылдың күзі. Қыркүйек айында ауаның тәуліктік орташа температурасы республиканың солтүстік және шығыс обылыстарында +18*С, +21*С болса, Қазақстанның қалған аймағында бұл көрсеткіш +20*С, +24*С болды. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасының барынша жоғарылауы +20*С, +30*С дейін жетсе, оңтүстік пен батыста температура +36*С +40*С-қа дейін көтерілді. Ауаның төменгі температурасы Қазақстанның солтүстік аймағында +6*С, +8*С деңгейінде болып, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік батысында бұл көрсеткіш +9*С, +17*С аралығында болды. Республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын жаумады, ал батыс пен шығыста 6,7 – 17,1 мм-лік деңгейде жауын-шашын түсті. Күзгі ауа райы зиянкестердің қыстап шығатын өкілдерінің қысқа жақсы дайындалуына қолайлы болды.

Қазан айында Қазақстанның көпшілік аумағында ауаның тәуліктік орташа температурасы +6*С, +15*С-ты құрады, батыс пен оңтүстікте +11*С, +20*С, солтүстікте, шығыста және орталық Қазақстанның шығыс аудандарында +4*С, +7*С шамасында болды. Ауаның ең жоғарғы температурасы республиканың солтүстік бөлігінде +15*С, +20*С-қа дейін көтерілсе, оңтүстікте бұл көрсеткіш +25*С-қа дейін жетті. Ауаның ең төменгі температурасы солтүстік аймақтарда -4*С, -9*С, батыс пен шығыста -1*С, -7*С, ал оңтүстік бөлікте +2*С, +9*С деңгейінде болды. Қазанның екінші, үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде түскен жауын-шашын көлемі 27-54 мм-ді құрады. Бұл кезде республика аумағында қар басқан жағдай орын алған жоқ.

Қараша айында ауаның орташа тәуліктік температурасы республиканың солтүстік бөлігінде --7*С, оңтүстігінде +11*С болды. Ауаның ең жоғарғы температурасы солтүстік бөлікте +13*С-қа дейін көтерілді, ал оңтүстікте +18*С-қа жетті. Ең төменгі температура – солтүстік обылыстарда, шығыста және орталық Қазақстанның көпшілік бөлігінде --16*С-қа дейін, кейбір жерлерде --20*С-қа дейін төмендеді. Республиканың қалған аумағында бұл көрсеткіш --3*С, --9*С деңгеінде болды. Батыс Қазақстан обылысында түскен жауын-шашынның бір айлық көлемі 13,4 мм, солтүстікте 7,8 мм, оңтүстікте 5,8 мм, ал шығыста 4,9 мм болды. Солтүстік, батыс және орталық аймақтарда жерді қар басып, оның қалыңдығы солтүстік аумақта 5-8 см, кейбір жерлерде 13-22 см-ге жетті. Республиканың барлық жерлерінде дерлік тұрақты қар жатты. Солтүстікте, солтүстік батыста, шығыс бөліктің кейбір жерлерінде және орталық қазақстанда топырақта тоң қату құбылысы байқалды. Тоңның тереңдігі 10-нан 63 см-ге дейін, солтүстіктің кейбір жерлерінде 83 см-ге дейін жетті.

2007-2008 жылдардың қысы. Желтоқсанның I және II онкүндіктерінде ауа температурасының төмендеуі республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында байқалды. Ауаның орташа температурасы республиканың солтүстігінде --9*С, --12*С, кейбір жерлерде --13*С, --16*С, оңтүстікте желтоқсанның I онкүндігінде --8*С, --10*С аралығында болды. Ең төменгі температура солтүстік және шығыс обылыстарда --22*С --26*С, кейбір жерлерде --28*С --31*С болды. Оңтүстікте, оңтүстік шығыста және батыс обылыстарда бұл көрсеткіш --11*С, --24*С аралығын көрсетті. Ауаның ең жоғарғы температурасы солтүстік, орталық және шығыс обылыстарда 0*С - --3*С, оңтүстікте +4*С - +10*С-қа дейін жетті. Айлық жауын-шашын көлемі 6 --48 мм-ді құрады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обылыстарында 6,7 мм шамасында ғана жауын-шашын түсті.

Қаңтардың орташа температурасы солтүстік, орталық және шығыс обылыстарда --3*С - --14*С болды, батыс оңтүстік батыс аймақтарда --5*С пен +3*С-тың аралығында ауытқып тұрды. Ауаның ең жоғарғы температурасы солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда --4*С -- +3*С шамасында, кейбір жерлерде --5*С - --7*С болды, оңтүстік батыста бұл көрсеткіш +8*С - +12*С-ты көрсетті. Ауаның ең төменгі температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде --18*С - --25*С болса, солтүстік және шығыс аймақтардың кейбір жерлерінде --26*С - --31*С-қа дейін, оңтүстік, оңтүстік батыс аймақтарда --11*С, --17*С-қа дейін төмендеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан обылыстарында бір айда түскен жауын-шашын көлемі 5-тен 20 мм-ге дейін болды. Қаңтардың II онкүндігінде Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарында 3 – 4 тәулікте 21 – 25 мм шамасында жауын-шашын түсті.

Республиканың басым бөлігінде қардың қалыңдығы 4--34 см аралығында болып, қалыпты мөлшерден асқан жоқ. Солтүстік аумақ пен Шығыс Қазақстан обылысының таулы аудандарында бұл көрсеткіш 40 – 57 см-ге дейін жетті. Қар қалыңдығының қалыпты мөлшерден төмен (9 см) көрсеткіші батыс өңірдің кейбір аумақтары мен оңтүстікте және оңтүстік шығыстың кейбір жерлерінде орын алды.

Ақпанда Қазақстанның барлық аумағында дерлік температура төмендеді. Айлық орташа температура республиканың солтүстік өңірінде -10*С, -19*С-ты құраса, оңтүстікте --8*С, +1*С аралығында, ал қиыр оңтүстікте ол 0*С, +3*С аралығында ауытқып тұрды. Ең жоғары температура солтүстік пен орталық аумақтарда --9*С, +1*С болса, республиканың қалған жерінде ол +4*С-қа дейін көтерілді, ал оңтүстікте +8*С-қа жетті. Ең төменгі температура Қазақстанның көпшілік жерлерінде -21*С - -37*С-ты құраса, оңтүстік пен оңтүстік шығыста ол -11*С - -17*С-ты көрсетті. Ақпанның аяғында республика аймағының басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты мөлшерден артық түсті. Жауын-шашынның жиынтық көрсеткіші 9-дан 18 мм-ге дейін ауытқыды. Жауын-шашынның ағыл-тегіл мол мөлшерде түсуі (20 дан 48 мм-ге дейін) солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлердің жекелеген аудандарында орын алды. Республиканың солтүстік және орталық өңірлерінде жеткілікті қалыңдықтағы қар жамылғысының болуы, тәуліктік және айлық орташа температураның көпжылдық көрсеткіштен артық болуы зиянды және ерекше қауіпті зиянды нысандардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызып, олардың таралым тығыздығын төмендететін себепке айналмады.Қары аз және жылы болған қыс, әсіресе оңтүстік өңірлерде, көбелектердің жұлдызқұрттары мен шегіртке күбіршектерінің қыстап шығуына және де көптеген ауру түрлерінің қоздырғыштарының өміршеңдігін толық сақтап қалуларына барынша қолайлы жағдай жасады.

2008 жылдың көктемі. Наурыз айының бірінші жартысында республика бойынша ауа температурасының төмендеуі жалғасты. Тек Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау обылыстарында температура жоғары болды. Айдың екінші жартысында ауа температурасы барлық жерде қалыпты мөлшердің шамасын және одан жоғарылау дәреже көрсетті. Наурыздың басында оңтүстік батыс обылыстарының аумағында қар қалмады. Ауаның орташа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде +13*С - +1*С аралығында болса, Қазақстанның қалған жерлерінде ол 0*С пен +8*С аралығында болды. Ең жоғарғы температура Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында +2*С - +9*С-ты көрсетті, ал оңтүстік пен оңтүстік шығыста бұл көрсеткіш +23*С-қа жетті. Ең төменгі температура Қазақстанның басым бөлігінде -6*С - -14*С-қа дейін төмендесе, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде наурыздың екінші жартысында -32*С-қа дейін суытты.Мол кө-лемдегі жауын-шашын республиканың орталық, солтүстік, оңтүстік шығыс өңірлерінде байқалды. 5-6 күн ішінде түскен жауын-шашынның ең көп мөлшері (29-56 мм) Оңтүстік Қазақстан обылысында кездесті.

Сәуірде Қазақстанның көпшілік жерлерінде ауа температурасы жоғары деңгейде сақталды. Республиканың солтүстігінде ауаның орташа температурасы 0*С - +10*С шамасын көрсетті. Қалған жерлерде ол +9*С-тан +18*С-қа дейін ауытқып тұрды. Ең жоғары температура Қазақстанның солтүстігінде +5*С - +17*С-ты көрсетті, айдың соңына таяу кейбір жерлерде ол +23*С-қа дейін жоғарылады, оңтүстікте +33*С-қа жетті. Ең төменгі температура республиканың солтүстігінде -3*С - +11*С болды. Қалған жерлерде ол -1* - +4*С-ты құрады. Сәуірдің екінші онкүндігінде Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында, оңтүстік шығыс аумақтың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында мол көлемде жауын-шашын түсті. Жауын-шашынның мөлшері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда обылыстары мен Қарағанды обылысының кейбір аудандарында 1,2 – 20,6 мм деңгейінде болды.

Мамырдың бірінші онкүндігінде Қазақстан жерінің денінде температура жоғары болып тұрды. Ауаның орташа температурасы солтүстік, шығыс обылыстарда +12*С - +17*С, батыс пен оңтүстік батыста +17*С - +25*С болды. Ауаның ең жоғары температурасы Қазақстанның солтүстік бөлігінде +21*С – 23*С-ты құрады, республиканың қалған аумағында ол +31*С – 35*С-қа дейін көтеріліп, кейбір жерлерде +36*С - +38*С-қа дейін жетті. Ауаның ең төменгі температурасы Қазақстанның солтүстік аумағында -1*С пен +5*С-тың арасында ауытқып тұрды.республиканың қалған өңірлерінде бұл көрсеткіш +4*С - +9*С-ты құрады, тек батыс және оңтүстік батыс Қазақстанда ол +10*С – 18*С –ты көрсетті. Мамыр айында солтүстікте ауа райы салқын болуынан, ауаның температурасы -1*С - +7*С-тың арасында болды. Шығыста тұрақсыз айнымалы ауа райы қалыптасты, жауын барынша аз жауды (0,4 мм), батыста ағыл-тегіл жауған жауын көп болып, ауа райында едәуір салқындық байқалды, оңтүстікте ауа температурасы +38*С-қа жетіп, құрғақ та ыстық ауа райы орнықты. Мамырда Қазақстанның солтүстік бөлігінің барлық жерінде дерлік 1 – 5 тәулікке созылған суық ұру құбылысы (-2*С - -6*С) орын алды. Бір тәуліктік, кейбір жерлерде 2 – 3 тәуліктік мерзімге созылған әлсіз (-1*С - -2*С) суық ұрулар оңтүстік обылыстардың жекелеген аудандарында байқалды.

Көктем ерте шыққанымен, созылмалы, ауа райының тұрақсыз болуынан, температураның күрт төмендеп кетуі ерекшеленді. Осыған байланысты, яғни көктемгі ауа райының жағдайына орай зиянкестердің өсіп-даму тіршілігі баяау болды.

2008 жылдың жазы. Маусымда ауаның орташа температурасы солтүстікте, шығыста және орталық обылыстардың басым бөлігінде +16*С - +21*С-ты құрады. Қазақстанның батыс және оңтүстік обылыстарында ол +23*С - +24*С-қа жетті. Ең жоғары температура республиканың солтүстік бөлігінде +31*С-тан +38*С-қа дейін жетсе, оңтүстік пен оңтүстік батыста ол +44*С-қа дейін көтерілді. Ең төменгі температура солтүстікте, шығыста, орталықта және Батыс Қазақстанның кейбір аудандарында +9*С-тан 0*С-қа дейін төмендеді.республиканың қалған жерлерінде ол +10*С - +16*С аралығында тұрды. Маусымда Қазақстан жерінің басым бөлігінде жауын-шашынның таралымы біркелкі болмады. Төкпе жауындар (57-ден 94 мм-ге дейін), Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан обылыстары мен Солтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарында байқалды. Маусымның үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс өңірлерінің кейбір аудандарында диаметрі 2-ден 14 мм-ге дейін болған бұршақ жауды.

Шілдеде ауаның орташа температурасы республиканың солтүстік жартысында +20*С, +23*С, оңтүстік жартысында +25*С, +33*С-ты құрады. Ең жоғарғы температура солтүстік, орталық аумақтарда +30*С, +35*С болды, кейбір жерлерде +39*С-қа жетті, республиканың оңтүстік бөлігінде ол +38*С, +45*С-ты көрсетті. Ең төменгі температура республиканың солтүстігінде +6*С тан +15*С-қа дейін ауытқыды,Қазақстанның қалған бөлігінде ол +13*С, +18*С-ты көрсетті. Жауын-шашынның жиынтық көрсеткіші батыста 36,7 мм, шығыста 19,2 мм, солтүстікте 50мм шамасында болса, оңтүстікте ол 0,8 мм-ден аспады.

Тамызда ауаның орташа температурасы республика бойынша +18*С - +23*С-ты құоады. Оңтүстік, оңтүстік батыста, батыста және шығыста ауаның орташа температурасы +24*С - +32*С байқалды. Ең жоғары температура Қазақстанның солтүстігі мен орталығында +27*С - +35*С –қа дейін көтерілді. Республиканың қалған бөлігінде ол +36* - 45*С деңгейінде болды. Ең төменгі температура солтүстік, шығыс және орталық Қазақстанда 0*С - +8*С-ты көрсетсе, республиканың қалған жерлерінде ол +9*С - +18*С-ты көрсетті. Оңтүстік пен оңтүстік батыстың кейбір жерлерінде бұл көрсеткіш +22*С-қа жетті. Жауын-шашын мардымсыз көлемде (0,8 ден 21,8 мм-ге дейін) тек шығыс, орталық, солтүстік бөліктерінің декелеген аудандарында ғана түсті. Салыстырмалы ауа ылғалдылығының орташа көрсеткіші 45 пен 88% аралығында болды. Жазғы маусым ауа райының жылы болуымен ерекшеленді. Жиі жауған жауындар, жайлы температуралық орта көкөніс, жеміс-жидек, астық дақылдары, жүзім мен картопта ауру түрлерінің көптеп дамуына, арамшөптердің қаптай өсіп кетуіне мүмкіндік туғызды.

2008 жылдың күзі. Қыркүйекте ауаның орташа температурасы республиканың солтүстік және шығыс обылыстарында +7*С - +14*С болды. Қалған жерлерде ол +20*С - +24*С деңгейді көрсетті. Ең жоғарғы температура республиканың басым бөлігінде +20*С- +30*С-қа жетті, оңтүстік пен батыста ол +36*С-қа дейін көтерілді. Ең төменгі температура қазақстанның солтүстік бөлігінде -2*С - +6*С, ал оңтүстік пен оңтүстік батыста +9*С - +17*С аралығын көрсетті.

Қазанда ауаның тәуліктік орташа температурасы оңтүстікте +17*С, солтүстікте +9,8*С, батыста +12,6*С, ал шығыста +10,1*С шамасында болды. Ауаның ең жоғарғы температурасы солтүстікте +7*С - +21,3*С, оңтүстікте +16*С – 23*С, батыста +8,3*С - +21,9*С, шығыста +5,3*С - +17,2*С-тыкөрсетті. Ең төменгі температура батыста +1,9*С - -1,1*С, шығыста +2*С - -5*С, оңтүстікте +9*С, солтүстікте +3*С - -6,1*С-ты құрады. Республикада жауын-шашынның түсуі әрқилы деңгейде өтіп, шығыста 0,3 – 11,2 мм, батыста 0,7-12,6 мм, оңтүстікте 0,8 – 1,9 мм, солтүстікте 0,5 – 16 мм-ге жетті.

Жалпы алғанда республикада қалыптасқан ауа райының жағдайы зиянкестердің қыстайтын өкілдерінің қысқы мерзімге жақсы дайындалуына, іс жүзінде барлық аурулардың қоздырғыштарының қыстап шығатын орындарында қорлануына мүмкіндік туғызып отыр





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 635 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...