Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ата-аналар мен жасөспiрiмдердiң арасындағы қайшылықты жеңу жолдары



Ата-аналар мен жасөспiрiмдердiң арасындағы қайшылықтарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.

Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері:

Диагностикалық – отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.

Консультация жүргізу – мектепте ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.

Ата-аналардың тілегі бойынша белгілі бір оқыту формалары мен әдістерін ұйымдастыру.

Мониторинг кезеңі, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру.

1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.

- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.

- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;

- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру мәдениетін қалыптастыру.

2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекеттестігі:

- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;

- “Мектеп өмірінің кодексін” жасап, оны талқылауға ата-аналарды кеңінен араластыру.

Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.

Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.

3. Ата-аналардың жиналысын өткізу. тақырыптары:

“Сіздің балаңыздың туған күні”, “ Біз айтатын өнегелі сөздер”, “Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?”, “Осы заманға адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер”, “Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары”, “Өмірдің адамгершілік заңы”, “Адам - өз өмірі жайлы”, “Экологиялық зардаптар” т.б.

4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру.

- үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы;

- отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалар үйі, баспана үйі, психологиялық-медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психоневрологиялық диспансер, т.б.;

- басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары, т.б.

5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайын және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың құқын қорғау; құқықтарымен таныстыру;

К өп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру;

Толық емес отбасылар: қосымша көмек алу жағдайын қарастыру, психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заңмен қаруландыру.

Күрделі отбасылармен жұмыс: отбасы мәселелерінің дамуын зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, құқықтық заңдармен таныстыру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Отбасы тәрбиесін қалай жетілдіруге болады?

2. Түрлі отбасымен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?

3. Көп балалы отбасының ата-анасымен қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?

Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік

жұмысына арналған тапсырмалар

1. Ата-аналармен өткізілетін жиналыстың тақырыбын таңдап, оның мазмұнын жобалаңыз.

2. Ата-аналардың қандай тақырыптарға педагогикалық консультация алғысы келетінін анықтайтын сауалнама жасаңыз.

3. Белгілі бір сынып жетекшісінің отбасымен жұмыс жүргізу бағдар ламасын құрастырыңыз.

Студенттің өзіндік жұмысына арналған реферат тақырыптары

1. Баланың күн тәртібін анықтаудағы отбасының іс-әрекеті.

2. Отбасында байқалатын терiс тәрбие түрлерiнің алдын алу.

3. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны.

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы.“Дарын”, 2004.

2. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері.-Алматы. “Білім”,2001.

3. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мектеп, отбасы және қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерін кіріктіру. /Жалпы білім берудегі мектептің ұлттық моделінің қалыптасу жағдайндағы моделі. – Алматы. “МерСал” баспа үйі, 2003.

4. Үлгілі үйдің ұл-қызы. – Алматы. “Санат”. 2000.

VІІІ - модуль. Тәрбиелеу жүйесi (12 с.)





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1879 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...