Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Отбасы параметрлерiн зерттеу алгоритiмi



1. Отбасы құрамын анықтау:

- құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы ажырасқан отбасылар;

- тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.

2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты:

- отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табысатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен;

- отбасы мен бала арасындағы қатынас - көз жұмушылық, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрайды қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру;

- баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері тегіс баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.

3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі:

«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін».

« Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді».

«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді».

«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламаңдар».

Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды.

4. Баланың ата-анасына қатынасы:

отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; балаға немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.

Ұсынылып отырған отбасы өлшемдері жалпы отбасын сипаттайтындықтан, мұғалім осыларды ескеруі керек.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Қазақстандағы отбасының демографиялық ахуалы жайында не білесіз?

2. Бүгінгі күнгі отбасындағы халықтық тәрбие мәселелері қалай жалғасын табуда?

3. Отбасындағы дін негіздерінің ізгілік бағыттарын көрсетіңіз.

Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік

жұмысына арналған тапсырмалар

1. Сынып жетекшiсiнiң отбасына педагогикалық көмек көрсету бағдарламасының мазмұнын түсіндіріңіз.

2. Отбасының саяси және ақпараттық мәдениетін арттырудың мақсаты не?

3. Отбасын сипаттайтын өлшемдерге тән түрлі отбасыларына жазбаша түсінік жазыңыз.

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер тізімі

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы. “Дарын”, 2004.

2. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы. “РБК”, 1999.

3. Үлгілі үйдің ұл-қызы. – Алматы. “Санат”, 2000.

Студенттің өзіндік жұмысына арналған реферат тақырыптары

1. Қазақстандағы этностардың бірінің отбасы тәрбиесі.

2. Мұхаммед (ғ.с.) “Хадистеріндегі” отбасы мәселелері туралы.

3. Қазақ отбасындағы тәрбиелік дәстүрлер.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1814 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...