Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәрбиелеу жүйесінiң құрылымы және оның даму кезеңдерi. Тәрбиелеу жүйелерiнiң түрлері



Жоспар:

Тәрбиелеу жүйесінiң құрылымы және оның даму кезеңдерi. Тәрбиелеу жүйелерiнiң түрлері.

Негiзгi түсiнiктер: Тәрбиелеу жүйесі, ұжым, тәрбие жүйелерінің түрлері, тәрбие жүйесінің құрылымы.

Тәрбиелеу жүйесінiң құрылымы және оның даму кезеңдерi. Тәрбиелеу жүйелерiнiң түрлері. Тәрбие жүйесі - ұжым, ұжымдық қатынастар және қоршаған ортаның бірлігінен тұрады. Тәрбие жүйесі алға қойған мақсаттар жиынтығы негізінде іске асады.

Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.

Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.

Ò¸ðáèå æ¾éåñi ò¸ðáèå iñiíi» ìàçì½íû, º½ðûëûìû ìåí ºîëäàíóäû» ¸äiñ-ò¸ñiëäåði æ¸íå îíû áiëiì áåðó ¾ðäiñiíäå ºîëäàíóäû ½éûìäàñòûðó iñòåðiíi» æèûíòû¹û. Ò¸ðáèå æ¾éåñiíå ò¸ðáèåøi ìåí ò¸ðáèåëåíóøiëåðäi» ¼çàðà ºàðûì-ºàòûíàñûíà º½ðûë¹àí ñàáຠ¾ñòiíäåãi æ¸íå ñûíûïòàí òûñ æ½ìûñ ò¾ðëåði ñàáàº, ¾éiðìå æ½ìûñòàðäû, êåøòåð ìåí æàðûñòàð, áàéºàóëàð, ò.á. åíåäi.

Ресей ғалымы Л.И.Новикова тәрбиелеу жүйесі тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, іс-әрекеттерінің өзара байланысынан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды деп анықтама береді.

Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады.

В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды:

- әр мектептің өзіндің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының болуы;

- тәрбиелеу жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі;

- тәрбие жүйесінің тұлғаға бағытталған еркіндік кеңістігінің қалыптасуы;

- мектеп пен қоғамның өзара байланысына негізделуі;

- жүйелі түрде салауатты өмір салтының қалыптасуы;

- әр мәселенің жариялылық тұрғыда әділ шешілуі;

- мектептегі қарым-қатынастың ізгілікке бағытталуы;

- мектептегі әр атқарған іс-шаралардың сабақтастығымен бірге, іргелі шараларға ұласуы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5899 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...