Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сынып жетекшiсiнiң отбасына педагогикалық көмек көрсету бағдар ламасы: ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңi



Мектеп тәрбиесі оқушының ортаға, айналадағы дүниеге, халықтың тарихы мен мәдениетіне деген қарым-қатынасын қалыптастырып, тәрбиелік білім мен оқушы белсенділігінің ішкі байланыстарын жүзеге асыруды көздейді.

Осы орайда “мен өзім үшін”, “өзге мен үшін”, “мен өзгелер үшін” дейтін ұғым үлкен мәнге ие. Мұнда адамдар өмірінің өзара тәуелділігі туралы түсініктер беріледі. Бұл түсініктер оқушының тұлғалық ерекшелігін ескере отырып, оның оқуға әзірлік деңгейін көтеруге көмектеседі.

Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалық әдептілікті мектеп оқушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және ғылыми түрде жүйелі ұйымдастырудың маңызы зор. Осымен байланысты жоғары сынып оқушыларына ата-аналық міндет пен құқықты арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін күн ілгері ұялатуға тура келеді.

Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық және психологиялық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.

Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата-ананың беделін көтеретін іс-шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескертпе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бірінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың түсіністік қарым-қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.

Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді араласуына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбиелеу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.

Үшінші ереже. Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып жетекшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабардар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.

Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу өте күрделі болғанымен де, кездесетін қайшылықтарды шеше білу және педагогикалық ситуациялардың шешімін дұрыс таба білу өте маңызды.

Мұғалімнің отбасымен байланыс орнатуы ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқаны жөн. Ерекше назар аударатын мәселенің бірі - ата-аналалардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ананың үйіне келуі, түрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыруы тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын ала белгілеп, оқушының жетістігі мен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білуі тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбиесінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу барысында кейбір отбасылардың жағымды тәжірибесінен хабардар болады.

Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға – педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, мекен – жай аумағында клубтар ұйымдастыру, спорттық секция жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету, т.б. жұмыстарға да араласа алады.

Мектептің материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгалдандыруға, т.б. істерге көмектеседі. Әр ата-ананың мектепке қандай көмек көрсете алатынын сауалнама арқылы анықтауға болады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2133 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...