Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

VІІ - Модуль. Отбасында мәдени құндылықтарды дамытудың негiздерi



Азiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы

Жоспар:

Қазiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы.

Отбасы тәрбиесiнiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, құралы, формасы. Отбасында балалардың және үлкендердiң өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.

Негiзгi түсiнiктер: отбасы, отбасы тәрбиесі.

Қазiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы. Отбасы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, ондағы әлеуметтік-эконмикалық өзгерістер отбасында көрініс береді. Жаңа қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі. Отбасының өзгеріске ұшырауына қоғамдық-экономикалық жағдайдан басқа да биологиялық, психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді. Отбасындағы моральдық құндылықтар бірден жаңарып кетпейді, сондықтан да бұрыннан қалыптасқан отбасылық психология тұрақты болады.

Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.

Отбасының қоғамға қатысты қызметі:

- өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;

- тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;

- отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;

- отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.

Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:

- ерлі-зайыптылық. Олар біріне –бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;

- ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;

- тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері:

Ауыл мен қала отбасыларының ерекшеліктері. Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.

Ата-ананың білімі неғұрлым жоғары болған сайын оның балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналардың көпшілігінің орта білімдері бар. Олар өндірістік-шаруашылық орындарда жұмыс атқаруына байланысты бала тәрбиесімен көбіне ата мен әжелері айналысады. Сондықтан тәрбиеші отбасындағы тәрбие мәселесінің қыр-сырын білуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеге екі түрлі көзқарас орын алады.

Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.

Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.

Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеу қажет.

Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші жылы өмірге дайын болмауы салдарынан болады.

Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2124 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...