Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және әлеуметтік-мәдени тәжірибесін арттыру



Жоспар:

Оқушыларды түрлi танымдық iс-әрекеттерге қатыстырып, олардың әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiн арттыру.

Жеке тұлғаны әлеуметтендiруде отбасы мен мектептiң iс-әрекеттерiн кiрiктiру.

Негiзгi түсiнiктер: дүниетаным құрылымы, әлеуметтендiру, персонификация, дүниетаным қалыптастыру құралдары.

Оқушыларды түрлi танымдық iс-әрекеттерге қатыстырып, олардың әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiн арттыру. Мектеп оқушыларын педагогикалық процесте түрлі танымдық іс-әрекеттерге қатыстырып, олардың іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушылар ғылым негіздерін меңгеру барысында оқу және тәрбие қызметінің алуан түріне қамтылады. Психология әрекетті үш түрге (ойын, оқу-үйрену, еңбек) бөліп қарастырады. Ойын - қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған шартты ситуациядағы әрекет түрі. Оқу – еңбек әрекетін жүзеге асыратын үздіксіз білім, білік, дағдыны меңгеру процесі. Еңбек – адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қоғамдық пайдалы өнімді жасауға бағытталған әрекет.

Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері бар:

§ әрекеттің қоғамдық сипаты. Кез келген әрекетті қарастыратын болсақ, олардың мазмұны мен атқарылуы – адамның қоғамдық-тарихи дамуының нәтижесін көрсетеді. Адам кез келген әрекетті сол қоғамның тарихи дамуына сай жетіліп отырады;

§ әрекетінің бағыттылығы. Әрекет саналы қойылған мақсат арқылы мейілінше ойланып, тексерілген тиімді тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асырылады. Әр әрекеттің өзі ортақ мақсатты көздеген ұсақ әрекеттерден құралады;

§ әрекеттің жоспарлы түрде іске асуы;

§ әрекеттің жүйелілігі. Адам әрекеті туралы сөз қозғағанда оның ұзақтығы, күнделікті орындалуы, жүйелілік сипатын айту қажет. Еңбек әрекетіне осылар тән. Кез келген қимыл мен әрекет еңбек болып есептелмейді.

Педагогикалық қызмет - жас ұрпақты саналы түрде өмірге дайындауға, экономикалық, саяси, адамгершілік, эстетикалық мақсатты іске асыруға бағытталған ұстаздардың ерекше қоғамдық пайдалы әрекеті.

Педагогикалық қызметтің субьектілері, оны іске асыратын адамдар және түрлі топтар. Оларға жататындар: қоғам - әлеуметтік ортадағы адамдардың педагогикалық ықпалы. Топ - кішігірім қауымдастық ортасындағы педагогикалық қызмет. Педагог – педагогикалық қызметті ұйымдастырушы және басқарушы.

Педагогикалық қызметті іске асыратын негізгі тетіктер: ба сқару – педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу; тәрбиелеу – қоғамдағы өмір мен айналадағы шындыққа тұрақты көзқарас қалыптастыру; оқыту – қазіргі заманғы өмір мен әрекетке қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; дамыту– адамдардың өмірі мен әрекетіне қажетті ақыл-ой мен тәндік қызметін жетілдіру процесі; психологиялық дайындық - өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге іштей дайын болу процесін қалыптастыру.

Педагогикалық қызмет компоненттері: жобалау – нақты мақсат пен міндеттер қою арқылы адамдардың бойында белгілі сапалық қасиеттер қалыптастыру; ұйымдастырушылық – педагогикалық қызметтің бағытын анықтап, оны ұйымдастыру арқылы тиімді нәтижеге жету; танымдық – педагогикалық қызметтің субьектісі мен обьектісінің өнімді зияттық-танымдық белсенділігін қамтамасыз ету; коммуникативтік– педагогикалық қызмет барысындағы обьект пен субьектілер арасындағы қарым-қатынас пен әрекеттесуді мұқият ұйымдастыру; зерттеушілік– педагогикалық қызмет процесін зерттеп, жетілдіру.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2516 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...