Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi



Жоспар:

Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi.

Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы.

Дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру.

Бiлiм беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесi - ғылыми көзқарас, сенiм және мұраттарды қалыптастырушы ретiнде.

Негізгі түсініктер: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтiк орта, дүниетаным құрылымы, әлеуметтендiру, персонификация, дүниетаным қалыптастыру құралдары.

Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi. Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.

Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.

Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік принциптері.

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізіне дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.

Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.

Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік пен жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...