Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржының мәні, қаржылық нарық



Қаржы – бұл ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастардың ерекше жүйесі. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады: мемлекет және оның институттары, компаниялар, кәсіпорындар, үй шаруашылығы. Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.

Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Функциялардың жиынтығы қаржыны жан-жақты сипаттайды, демек оның мәнін толық ашады. Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды қарастыру қажет. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржылық нарық – капитал нарығы мен ақша нарығының жиынтығын құрайды. Қаржылық нарық – бұл басы бос ақша құралдарын сату-сатып алу бойынша және оларды ақша капиталына айналдыру туралы экономикалық қатынастардың белгілі бір жиынтығы. Қаржылық нарықтағы қатынастар субъектілеріне әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, коммерциялық банктер, қаржы-несие ұйымдары, мемлекет және т.б. жатады. Қаржылық нарық объектілеріне тұрғындардың жеке жинақтары, өнеркәсіп және сауда капиталының айналымы кезінде пайда болатын уақытша босалқы құралдар және т.б. жатады. Бұл нарықтың негізгі элементтері – қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныс және оның бағасы. Қаржылық нарықтағы капиталды сатушы ретінде қазіргі таңда коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, жинақтау ассоциациялары, тұрғындардың айтарлықтай қамтамасыз етілген бөлігін айтады. Әлемнің көптеген елдерінде оларға сондай-ақ әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдары, трансұлттық банктер және т.б. жатқызылады. Қаржылық нарықтың негізгі сатып алушылары – өнеркәсіптік, сауда компаниялары, мемлекет және тұрғындар. Бұл ретте олар осы ерекше тауарды сатуды өздері жүзеге асырады. Қаржылық нарықты екіге бөлуге болады: қысқа мерзімді (ақша нарығы) және ұзақ мерзімді (капитал нарығы). Ақша нарығы есептеу құралдары нарығына (сату-сатып алу объектілері қазыналық және коммерциялық вексельдер, жоғары өтімділікке ие қысқа мерзімді құнды қағаздар болып табылатын) және банк аралық (несие мекемелерінің уақытша басы бос ақша қаражаттары банктер арқылы қысқа мерзімге банк аралық депозиттер ретінде орналастырылатын) несиге ыдырауы мүмкін. Капитал нарығында ұзақ мерзімді қарыздар мен құнды қағаздар қызмет етеді, сондықтан ұзақ мерзімді қаржылық нарық ұзақ мерзімді несие нарығы және құнды қағаздар нарығына бөлінеді.




Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1009 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...