Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Отбасы бюджеті: табыстары мен шығындары



Отбасы – іс-әрекеті отбасының және қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктерін іске асыратын туыстық және тұрмыстық ортақтыққа негізделген адамдар тобы.

Отбасылық бюджет екі бөлімнен тұрады: отбасы шығындары мен табыстары.

Отбасы табыстары келесі бөліктерді құрайды:

· жалақы;

· кәсіпкерлік табыс;

· жеке меншіктен табыс (рента, пайыз, жалдау төлемдері, дивиденттер).

· Мемлекеттік трансферттік төлемдер (зейнетақылар, шәкіртақылар, төлемақылар, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша тегін қызметтер);

· басқа да табыстар (мұра т.б.).

Отбасы шығындары келесі бөліктерді құрайды:

· әлеуметтік сақтандыру;

· салықтар;

· киім-кешек, аяқ киім;

· пәтерақы;

· электр энергиясы;

· жиһаз, тұрмыс құралдары;

· көлік;

· өндірістік тауарлар;

· білім беру;

· демалыс, саяхат;

· ерікті түрде қоғамдық ұйымдарға төлемдер;

· басқа да шығындар;

· жинақтаулар.

Табыстар ішінде негізгілері – жалақы және кәсіпкерлік табыс, әр отбасында әр түрлі болады. Табыстың осы бөліктері отбасы жағдайын анықтайды, алайда тек қана аталған бөліктер ғана емес.

Жеке меншіктен түсетін табыстың маңызы зор. Париж университетінің профессоры А.Бабоның мәліметтері бойынша, 90-жылдардың бас кезінде француз отбасыларының иелігіндегі меншік көлемі 15-16 трлн. франкке бағаланған, ал бұл көрсеткіш ұлттық табыстың көлемінен 4 есе көп. Аталған жағдай француз отбасылары жағдайының жоғары деңгейінің көрсеткіші. Жан басына шаққанда орташа есеппен 300 мың франк мүлік тиесілі екен. Дамыған елдердің отбасы мүліктерінің құрылымының өсуінде меншіктің қаржылық бөліктерінің өсуі тенденциясы басым (ақша қаражаты, құнды қағаздар, жинақ салымдары, өмірді сақтандыру қорларындағы жинақтар т.б.).

Шығындар ішінде маңызды орын алатыны – тамақтануға жұмсалатын шығындар. Біздің елімізде төменгі деңгейдегі табысы бар отбасыларда бұл шығындар 60 – 90 пайызға дейін, орташа табыстыларда – 42 пайыз, жоғары табысты отбасыларда - 28-29 пайызды құрайды. Салыстырыңыз: АҚШ - 25,4%, Батыс Европа - 20, Жапония - 25-30%, төмендеу тенденциясы орын алады. Біздің елімізде керісінше тенденция.

Америкалық мамандардың бағалауы бойынша, біздің еліміздегі отбасылардың жан басылық тұтынуы 90-жылдары АҚШ деңгейінің 34,4%, азық-түлік тауарлары бойынша - 54%, киім-кешек бойынша - 39%, ұзақ қолданудағы тауарлар бойынша - 20%-ды құраған. Ағылшындардың айтуынша, тамақтануға жұмсалған ақша – желге шашылған ақша. Талас тудырады, дегенмен де отбасылар аталған мақсатта қажеттен анағұрлым көбірек шығын жұмсайды.

Жекелеген елдерде өмір сүру деңгейі де әр қилы, сондықтан осы деңгейді сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – тұтыну жәшігі.

Тұтыну жәшігі – орта статистикалық отбасының қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге қажет тұтыну құндылықтары (материалды және рухани) мен қызметтерінің толық жинағы.

Тұтыну жәшігінің есебі біздің елімізде алғашқы рет 1988 ж. жүргізілген. Тұтыну жәшігі үш бөлікке бөлінеді: азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және қызметтер. Азық-түлік жәшігі негізгі саналады, себебі, кедей адамдар үшін тамақтану – шығынның негізгі бөлігі. АҚШ денсаулық сақтауының әдістемесіне сәйкес қалыпты тұтыну үшін азық-түлік шығындары тұтынушының жинақталған шығындарының 1/3 бөлігін құрауы тиіс. Осы жерде кедейлік шегі азық-түлік шығының үш еселенген көлеміне тең. Біздің елімізде 90-жылдардың бас кезінде халықтың кедей бөлігі 75%, қалыпты қамтамасыз етілгендер - 15%, жоғары қамтамасыз етілгендер - 10% -ды құраған.

Тұтынудың қоғамдық қажетті стандарты: пәтермен, үй-жаймен, автомобильмен, саяжаймен (екінші үй) қамтамасыз етілу.

Өмір сүру минимумының келесі құрамды бөлігі (азық-түлік жәшігінен тыс) азық-түлік емес тауарлары мен қызметтер жәшігі. Өмір сүру минимумына салықтар мен міндетті төлемдер кіреді.

Бағаның өсуіне байланысты тұтыну жәшігі көлемі ақшалай бағамда үнемі өсуде. Осыдан жеке адамдар мен отбасы мүшелері өмірінің құнын халықтың әлеуметтік топтары бойынша индексациялау қажеттілігі туындайды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3453 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...