Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артты




Шілде айында жұмыссыздық 9,3 пайыз болып есептелді.

Сол кезеңде жұмысқа орналастыру болса 601 мың адам артып, 26 миллион 99 мыңға жетті.

Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артып, 9,3 пайыз деңгейіне көтерілді.

Осылайша 2013 жыл шілде айында өткен жылдың осы айымен салыстырғанда жұмыссыздық көрсеткіші 363 мың адам артып, 2 миллион 686 мың болды.

Осы кезеңде егіншілік саласында жұмыс істейтіндер саны 81 мың адам азайды. Егіншіліктен тыс салаларда жұмыс істейтіндердің саны 682 мың адам артты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде елдер мен континеттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Яғни ол әлем және біздің тарихымызда теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі құбылыстар санатына жататын анық. Соңғы кездері билік және мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы шаралар жасалып, жоспарлар мен бағдарламалар қабылданып жатыр.Осы бағдарламаның бірі біздің Қазақстан Республиканың Президентінің 2009 жылдың 6 наурызында шыққан «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауын айтуға болады. Бұл жолдауда дағдарыспен күрес, біздің еліміздегі жұмыссыздықты тоқтатудың жолдарын қарастырған. Осының ішіндегі ең актуалды проблема ол – жұмыссыздыққа қарсы күресі. Қазақстанда орта буын мамандарының тапшылығы экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен өндірістің даму қарқынына кері ықпал етуде. Елде жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың сауатты жүйесі түбіне дейін орнықпаған. Бірақ қазіргі біздің Қазақстанымызда әрбір қалаларда жұмыссыз адамдарды тіркейтін орталықтар, жүзеге асырылып жатыр. Олар мемлекет тарапынан, Президентіміздің нұсқауы бойынша жұмыссыздықпен жұмыс жасап жатыр.

Жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Батыс экономистердің көбі нарық жағдайында жұмыссыздықтың белгілі дәрежесінің болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж. Кейнс амалсыз жұмыссыздықтың түсінігі жиынтық сұраныстың бейімділігінің жетімсіздігінен екеніне тудырады. Оның түсінуі бойынша, толық жұмыспен қамтылу, тиімді сұраныстың қосымша кеңеюіне байланысты жұмысшылардың санының өзгермеген жағдай болып табылады. Тиімді сұраныстың әрі қарай өсімі тек инфляциялық өсім болып табылады. Осы жағдайда амалсыз жұмыссыздық нөлге тең.

Экономистердің біразы жұмыссыздықтың еңбек нарығы икемділігінің қажетті көрсеткіші деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі туралы айтуға болады. Осы көрсеткішті сипаттау үшін «шапшаңдалмаған инфляция кезіндегі жұмыссыздықтың нормасы» деген түсінік қолданады. Бұл көрсеткіш сан жағынан 5,5-7%-ға тең.

Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2003-2005 жылдары 7,0 млн. адамнан 7,2 млн. адамға артты, 2006 жылғы үшінші тоқсанда 7,5 млн.-ды құрады. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы 8,8 пайыздан 2005 жылы 8,1 пайызға дейін төмендеді. Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі орташа елдер тобына кірді. Бірақ қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 25 кәсіпорынның қызметі тоқтап, 72 мың адам жұмыссыздар қатарын толықтырған. Осылайша, республика бойынша жұмыссыздар саны 9 пайызға өсіпті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 805 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...