Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ



Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

Нарықтық қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.

Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi­рiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал – жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс – әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмсалатын зияткерлік құндылық.

Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.

Ал В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.

Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс – әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.

Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл – нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс – әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік – экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.

Сол себепті, қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында. Батыстың экономика ғылыми инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырылады. Микроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы Д. Кейнс) инвестиция проблемасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Бесіншіден – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді.

Алдағы жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.

Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жалғасатын болады.

Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:

- миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;

- кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгiзуге;

- қызмет түрлерiн лицензиялаудың транспаренттiк жүйесiн құруға;

- қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға (ISО-9000, ISО-14000);

- Ұлттық инновациялық жүйенiң экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстың жалғасуына;

- мемлекеттiк даму институттарының жұмысын үйлестiрудi күшейту жөнiндегi iс-әрекеттi, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруды жандандыруға;

- инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру;

- отандық бизнестiң, әсiресе экспорттаушылардың мүддесiн ескере отырып, iрi халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлiгiнде халықаралық қаржы институттарымен бiрге жұмысты жандандыру;

Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1067 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...