Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инфляцияның мәні, себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдары



Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады.

Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:

1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.

2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.

3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.

4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы

5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.

6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.

7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

- Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

- Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

- Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

- Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

- Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

- Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

- Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

2. Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Елімізде инфляция деңгейі (2013 жылғы қантар 2012 жылғы қантарға) – 6,6% құрады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2308 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...