Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Несиенің мәні формалары. Банк жүйесі



Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:

1. Несиелеу объектісі бойынша:

· Коммерциялық несиетауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

· Банктік несиесінкәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

2. Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

3. Несие сипаттамасы бойынша: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік,халықаралық

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты пайызсыз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Банк функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Қызметі және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық

- коммерциялық, депозиттік, инвестициялық

- жинақ

- арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

· І дәрежелі – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

· ІІ дәрежелі – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Қаржылық нарықтың қызмет етуі мен дамуына мемлекет несие саясатын жүргізу арқылы айтарлықтай әсер етеді. Дәлірек айтсақ, мемлекет есептік ставканың деңгейіне, сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына әсер етеді, несие беруші немесе қарыз алушы болып табылады, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуының жалпы ережелерін бекітеді, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуы ережелерін жүзеге асырады, оған жедел бақылауды жүргізеді.

Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 881 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...