Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыссыздық: түрлері, себептері



Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздықтың негізгі түрлері:

§ Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

§ Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

§ Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

§ Циклдық жұмыссыздық - өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі.

Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді.

Оукен заңы.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциалдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады.

Y-Y’/Y’=B*(u-u’)

мұнда:Ү — өндірістің нақты көлемі,

Ү» — ЖҮӨ әлеуетті көлемі,

и — жұмыссыздықтың нақты деңгейі

u’- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%

Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.

Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне — мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.

Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен — 27%, жергілікті өкімет органдарынан — 31%, кәсіпкерлік фирмалардан — 41% алады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 10122 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...