Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Филлипс қисығы



Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды.1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861 – 1856 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып, Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3% -тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р.Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен американ экономистері Р.Солоу және П.Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін (ставкасын) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшір,ең алдымен, жұмыспен қамту,экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады. Х сызығында жұмыссыздық деңгейі (% - пен), Ү сызығында – тауар бағаларының өсу қарқыны (%-пен) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің арақатынасын белгілейді.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U-1 (Р 1 – инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады, ЖҰӨ - нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс қарқыны өседі, түптеп келгенде, ЖҰӨ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U 2 –ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р 2-ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың (қызуын) арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан Үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, «қымбат» ақша – несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қақыны Р 3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі U 3 –ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсінуге болады.
Осы жағдайлар арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: Үкіметті жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс - әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірпқ сонымен бірге өндіріс өсуі қысқарыды. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады.
Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаты Үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банкі жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізілуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай болып келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монопология, қағаз ақша т. б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен – өзі және алдын – ала белгілі. Сондықтан көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады.

Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.




Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1584 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...