Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Болжау және жоспарлау



Мемлекеттік реттеудің жоғарғы нысаны – бағдарламалау, болжау және жоспарлау.

Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

Болжаудың бірнеше анықтымалырын ұсынамыз:

Болжау – әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.

Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.

Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:

Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышарты құру;

Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;

Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;

Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.

Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары, атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.

Бірақ мұндай жіктеу шартты сипатта болады.

Болжамдардың сипаттамасына кеңірек тоқталайық.

Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің, аумақтардың және салалардың алғашқы буындары көрінеді.

Аралықтары бойынша болжаулар жедед (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3 жыл), орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болу мүмкін.

Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру және нормативтік.

Бұл болжаулардың арасындағы айырмашалық, олар екі түрлі мәселелерді шешуіне байланысты қорытындыланады. Іздестіру болжамдары мемлекеттік ықпал етудің ешқандай шарасы қабылданбаса, не болады және егер өткен және бүгінгі көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады?» деген келешек деген сұрақтарға жауап береді.

Нормативтік болжам: «Келешекте тапсырылған міндетке жету үшін, осы кезеңде не өзгерту қажет?» деген сұрақтарға жауап береді.

Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады, ал нормативтік болжам үшін – мақсатты маңызы бар.

Болжау тәсілдерінің арасында сарапшылық, экстрополяциялық және экономикалық-математикалық (модельдеу) түрлерін бөліп алады.

Болжау түрлері: экономикалық (инфляция деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи ресурстардың (әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір түрлері және т.б.), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер).

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және стратегиялық болады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1913 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...