Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағдарламалау мағынасы



Мемлекеттік реттеудің жоғарғы нысаны – бағдарламалау, болжау және жоспарлау. Оларды қолдану шаруашылық байланыстардың күрделіленуі мен қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуде кешенді шараларды қолдану қажеттігімен байланысты. Аталған мақсатты бағдарламалардың объектілері - (экономиканың аграрлы секторы), аймақтар, әлеуметтік шарттар, ғылыми зерттеулердің бағыттары. Бағдарламалар қарапайым, мақсатты, төтенше болады.

Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бүл ЭМР-дің құралдары.

Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

- Бағдарламада анықталатындар:

- реттеу мақсаты;

- мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;

- жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

- экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.

Бағдарламаға ұлттық экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттарының төтенше өзгерістері жағдайында реттеудің резервтік нұсқасын жиі қосады.

Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

Экономиканы жоспарлау мен болжауда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

Жүйелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиәмді бақару қағидасы бойынша құрылады.

ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар жүйесінің талаптарымен қортындыланады: әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады

Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы тиісті:

- Мақсат

- Кешенді тәсіл

- Мекен-жайы

- Орындалу міндеттілігі

- Шараларды жүзеге асыру мерзімі

- Ресурстардың негіздері

Бағдарлама дегеніміз – бұл мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық процестеріне тікелей араласу құралы. Бағдарламалардың іске асу объектілері келесі болады: экономика салалары немесе аймақтар (облыс, аудан, елді мекендер), әлеуметтік сфера (мысалға, көшіп қонушылардың) әлеуметтік – экономикалық бейімделуі. Оларды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, ғылыми зерттеу жұмыстарының әр түрлі бағыттары есептелінеді. Бағдарламалар жай жалпы экономикалық және қауіп – қатерлі тоқыраушылық жағдайды қамтитын болып бөлінеді.
1) Жай жалпы экономикалық бағдарламалар – бұл барлық әлеуметтік – экономикалық өмірді қамтып, көп жағдайларда 5 жылдық уақыт аралығына жасалынады және әр жыл сайын нақты көрсеткіштер, жағдайлар ішкі және сыртқы экономикалық негізінде түзетіліп, толықтырылып отырады.
2) 2-ші түрдегі бағдарламалар көп жағдайларда елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатер төнген кезде жасалынатын құжат. Мысалы: инфляцияның өсуін тоқтату, жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу, экономиканың кері құлдырауына жол бермеу және т.б. болады. Мысалға, біздің еліміздегі келесі ұлттық бағдарламалар бекітілген 1) 1991 жылғы «ҚР-сы комитет министрлігі мен облыстық халық депутаттарының кеңестері дағдарыстан шығу жолындағы біріккен іс қимыл» 2) 1993-1995жж. аралығына арналған «Дағдарысқа қарсы шығу шаралар және әлеуметтік – экономикалық реформалардың жаңа кезеңдері» бағдарламасы 3) 1992ж. бағдарлама «Қазақстанның экспорттық потенциалын дамыту» бағдарламасы 4) 1992ж. «Шетел инвестицияны тарту және пайдалану» бағдарламасы 5) 2003-2005жж. «Ауыл жылы» 6) Жалпы білім жаңа жүйеге көшу 7) су құбырларымен елді мекендерді қамтамасыз ету индустриялық, иновациялық бағдарлама 9) Стратегия – 2030





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1413 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...