Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Псевдотуберкулез



1.Псевдотуберкулез кезіндегі инфекция көзі:

1.адам

2.кене

3.құстар

4.кеміргіштер

2.Псевдотуберкулез патогенезіндегі негізгі фактор:

1.бактеремия

2.дегидратация

3.иммуносупрессия

4.токсико-аллергия

3.Псевдотуберкулез кезіндегі бөртпе пайда болуының негізгі механизмі

1.қоздырғыштың дермадағы лимфатикалық тамырларға еніп қабыну өзгерістерін тудыру

2.қан тамырлар қабырғасының токсико-аллергиялық зақымдануы

3.генерализденген деструктивті-пролиферативті тромбоваскулит

4.тері капиллярларына иммунды комплекстердің тұнуы

4.Псевдотуберкулезде білезікпен аяқ басындағы экзантема:

1.уртикарлы

2.везикулезді

3.эритематозды

4.буллезды

5.Экзантема пайда болумен өтетін псевдотуберкулезді қай аурумен ажырату керек:

1.қызылша

2.жел шешек

3.қызамық

4.скарлатина

6.Псевдотуберкулездің клиникалық түріне кірмейтіні:

1.арттралгиялық

2.аралас

3.генерализденген

4.абдоминальды

5.урогенитальды

7.Псевдотуберкулездің сарғаю түрінің клиникалық белгісі болмайтыны:

1.гепатомегалия

2.қызба

3.генерализденген лимфаденопатия

4.нефропатия

5.сарғаю

8.Псевдотуберкулез кезінде бактериологиялық зерттеуге міндетті түрде алынатын зат:

1.құсық массалары

2.нәжіс

3.қақырық

4.зәр

5.ликвор

Оба

1.Обаның бубонды түріндегі негізгі таралу жолы:

1.трансмиссивті

2.алиментарлы

3.ауа-тамшылы

4.контактылы

5.тұрмыстық-қатынас арқылы

2.Обаның терілік түрінің негізгі таралу жолы:

1.трансмиссивті

2.су арқылы

3.ауа-тамшы арқылы

4.контактылы

5.тұрмыстық-қатынас арқылы

3.Оба кезіндегі инкубациялық мерзім:

1.1-6

2.3-7

3.5-10

4.7-14

5.11-21

4.Обаның локальды түріне жататын:

1.екіншілік септикалық

2.біріншілік септикалық

3.бубонды

4.екіншілік өкпелік

5.біріншілік өкпелік

5.Обамен сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарға шұғыл профилактика немен жүргізіледі:

1.эритромицин

2.пенициллин

3.полимексин

4.стрептомицин

5.рифампициллин

6.Обаның өкпелік түрімен ауырғандардың эпидемиологиялық қауіптілігі қай кезеңде ең жоғары болады:

1.инкубациялық

2.бастапқы

3.өршу

4.реконвалесценция

7.Оба эпидемиология басында көбінесе тіркелетін клиникалық түрі:

1.бірінішілік өкпелік

2.бубонды

3.біріншілік септикалық

4.терілік

5.терілік бубонды

8.Обаның септикалық түріндегі асқынумен науқастар өлімінің себебі:

1. бүйректің жедел жетіспеушілігі

2.тыныс алудың жедел жетіспеушілігі

3.токсико инфекциялық шок

4.ми ісінуі

5.бауырдың жедел жетіспеушілігі

9.Обаның бубонды түрінде науқастың емін неден бастайды:

1.иммуноглобулин енгізуден

2.бубонның жергілік емдеуінен

3.дезинтоксикациялық емнен

4.антибиотик енгізуден

5.симптоматикалық ем

10.Оба инфекциясына күдіктенгенде дәрігердің ең бірінші хабарлайтын орны:

1.қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидбақылау орталығы

2.аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидбақылау орталығы

3.өзінің емдеу мекемесінің басшысына

4.әкімшілік бастығына

11.Оба бубонына тән емес симптомдар қатарына жатпайды:

1.контурының тура еместігі

2.қатты ауырсыну

3.маңайындағы тіндермен жабысуы

4.көптеген лимфа түйіндерінің зақымданы

5.бубон үстіндегі тері түсінің көк-қызғылт болуы

12..Обаның қоздырғышының тасымалдаушысы:

1. биттер

2. масалар

3. кенелер

4. бүргелер

5. москиттер

13..Обаның адамнан адамға көбiнесе берiлу жолы:

1. су арқылы

2. парентеральды

3. қатынас арқылы

4. трансмиссивтi

5. ауа-тамшы арқылы

14. Обаның қай клиникалық түрiнiң эпидемиялық қауiптiлiгi жоғары болады

1. терiлiк

2. бубонды

3. септикалық

4. өкпелiк

5. терiлiк-бубонды

15..Обаның патогенезiнде негiзгi роль атқарады:

1.бактериемия

2.токсинемия

3.бактеремия және токсинемия

4.жылдам түрдегi аллергиялық реакциялар

5.аутоиммунды реакциялар

16. Обаның жиi кездесетiн клиникалық түрi:

1. терiлiк

2. бубонды

3. алғашқы-өкпелiк

4. септикалық

5. терiлiк-бубонды

17.. Обаның ең ұзақ инкубациялық кезеңi:

1. 3 күн

2. 4 күн

3. 5 күн

4. 6 күн

5. 7 күн

18. Оба бубонына тән емес белгi:

1. қатты ауырсыну

2. шеттерi айқындалған

3. бубонның үстiндегi терiнiң қызаруы

4. бiр жақты зақымдану

5. екiншi бубондардың пайда болуы

19. Обада өтетiн интоксикацияға тән емес белгi:

1. қозу

2. терi қабаттары мен шырышты қабаттардың бозғылттануы

3. басы ауру, басы айналуы

4. ұйқысыздық

5. тахикардия

20. Обаның өкпелiк түрiне тән емес қасиет:

1. жедел басталуы

2. интоксикацияның жақсы дамуы

3. көп мөлшерде, көпiршiк, қан аралас қақырықпен жөтел

4. өкпе жағынан физикальды мәлiметтердiң айқындығы

5. кеуденiң тiлгiлеп ауырсынуы

21. Обаның септикалық түрiне тән емес:

1. жоғары қызба

2. интоксикацияның үдеуi

3. токсико-инфекциялық шоктың дамуы

4. үдеген дегидратация

5. геморрагиялық синдром

22.. Обаның таралған /диссеминацияланған/ түрiнiң летальды аяқталуының негiзгi себебi:

1. мидың iсiнуi

2. септицемия

3. токсико-инфекциялық шок

4. ДВС-синдром

5. өкпе жетiспеушiлiгi

23.Обаның сыртқы диссимирленген түрі:

1.екіншілік септикалық

2.біріншілік септикалық

3.бубонды

4.екіншілік өкпелік

24.Обаның негізгі емдеу әдісі:

1.антибиотико-терапия

2.серотерапия

3.дезинтоксикациялық терапия

4.ынталандырушы терапия

25.Обағы сәйкес емес жауапты табыңыз:

1.тек қана трансмиссивті жолмен жұғады

2.айқын жалпы интоксикация тән

3.ең негізгі симптом лимфаденит (бубон)

4.эпидемиологиялық қауіпті түрі болып аурудың өкпелік түрі табылады

5.антибиотикті аурудың ерте кезінен бастап қолданғанда өлім көрсеткіші азаяды

26.Обаның бубонды түріне тән емес:

1.айқын интоксикация

2.ауырсынусыз бубон

3.бубонның іріңдеуі

4.бубонның шап немесе ансилярлы аймақта орналасуы

5.екіншілік бубондардың пайда болуы

27.Оба кезіндегі бубонға тән емес:

1.ауырсынусыз болуы

2.қатты ауырсыну

3.маңындағы тері асты май қабатпен жабысуы

4.бубон астындағы терінің гиперемиясы

28. Обадағы қоздырғыштардың организмге ену жолдары қатарына жатпайды

1. терi арқылы

2. трансмиссивтi /бүрге шаққан кезде/

3. аэрозольды

4. трансплацентарлы

5. алиментарлы

29. Обадағы инфекциялық процесстiң ерекшелiгi:

1. ауыр ағымдардан гөрi жеңiл ағымдардың көп кездесуi

2. рецидивтерге бейiмдiлiгi

3. процесстiң генерализивтi түрге бейiмдiлiгi

4. созылмалы процесске бейiмдiлiгi

5. пенициллинмен емдеудiң тиiмдiлiгi

30.. Обадағы ең маңызды зерттеу:

1. бактериологиялық

2. серологиялық

3. биологиялық

4. иммунды флюоресценттi

5. иммунологиялық

31.. Обаның емiнде қолданылмайды:

1. спецификалық - глобулин

2. стрептомицин

3. тетрациклин

4. қан толтыратын сұйықтар

5. левомицетин

32. Обаның профилактикасында қолданылмайтын шара:

1. табиғи ошақтардың санитарлы-эпидемиологиялық бақылауы

2. дератизация

3. дезинсекция

4. жергiлiктi талықты жоспарлы түрде егу

5. жедел профилактикасы

33. Төмендегi клинико-эпидемиологиялық симптомдар жинағы тән ауруды көрсетiңiз: Науқас С., 28 жаста, ауруханаға сырқатының 5-шi күнi түскен. Шағымдары: сол аяғының тобық аймағында ауырсынған жараға,шап аймағының ауырсынуына, температурасының көтерiлуiне, енжарлыққа. Жедел ауырған, аяғында қызарған дақ пайда болып, қышыған, температурасы 38С-ке көтерiлген, бiраз уақыттан кейiн дақ қызыл тығыз iсiкке айналып, жарылған, орнында ауырсынған жара пайда болған. Сонымен қатар сезiнуi нашарлаған, сол жақ шабында ауырсынатын және тығыздалған iсiк пайда болған.

Эпиданамнезi: Геолог, Монголиямен шекарадағы зкспедицияда жұмыс iстейдi.

Обьективтi: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38,2С. Аздап қозған, бетi қызарған, аздаған склера тамырларының иньекциясы. Сол жақ аяғының тобығының iшкi жақ аймағында 2 см диаметрмен жара, түбiнде инфильтрат, шеттерi терi деңгейiнде, маңайы аздап қызарған және iсiнген, жарада серозды геморрагиялық сұйықтық, пальпация кезiнде қатты ауырсынады, шап аймағында орман жаңғағының көлемiндей лимфаденит шеттерi айқындалмаған, өте қатты ауырсынады. Басқа органдар бойынша өзгерiс жоқ, тек қана тахикардия байқалады.

1. туляремия

2. сибир жарасы

3. тiлме

4. оба

5. терi лейшманиозы

34.. Науқас А., 38 жаста, аңшы, сырқатының 4-шi күнi дене қызуы жоғарлауымен, әлсiздiкке, басы ауру, оң жақ шап аймағының ауырсынуымен түстi. Жедел ауырған, дене қызуы 38С жоғарлаған, қалтыраумен, басы ауырған, 3 күннен кейiн оң жақ мықын аймағында ауырсыну және iсiну байқалған.

Эпиданамнез: аңшы, 3 күн бұрын суыр атып, терiсiн сыпырған.

Обьективтi: жағдайы ауыр. Дене қызуы 39,5С. Сөзi түсiнiксiз, бетi iсiнген, қызарған. Оң жақ шап аймағында iсiнуi көлемiнiң диаметрi 6х7 см, қозғалмайды, ауырсыну бар. Терiсi қызарған, өпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ, жүрек тондары әлсiреген, ырғақты. Пульсы минутына 110 рет соғу. АКК-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Iшi қалыпты формада, жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. инфекциялық мононуклеоз

2. туляремия, бубонды формасы

3. сибир жарасы

4. оба, бубонды формасы

5. оба,септикалық түрi

35.Науқас И., 40 жаста, шопан, сырқатының 6-шы күнi температурасының көтерiлгенiне, әлсiздiкке, басы ауырғанына, басы айналғанына, жүрегi айнығанына, оң аяғының ауырғанына, әсiресе шап аймағының ауырғанына шағым айтып түстi.

Жедел ауырған, температурасы қалтыраумен 40С-ке көтерiлген, қатты басы ауырған, жүрегi айныған, құсқан., оң жақ балтыр аймағында жараның ауырғанын байқады, бiр күннен кейiн қатты ауырсыну оң жақ шап аймағында болды.

Эпиданамнез: бұдан бiр жыл бұрын Қызылорда облысынан көшiп келдi, шопан болып жұмыс iстегенiне 2 ай өткен.

Обьективтi: көтерiп әкелген, жағдайы ауыр, температурасы 39,8С, мазасызданған, сөздерi түсiнiксiз. қатты ауырсынғаннан кейiн оң жақ аяғын жамбас буынында бiр қалыпты бүгулi ұстайды. Бетi қызарған, оң жақ балтырының бiр бөлiгiнде қатты ауыратын жара. (1,5х2 см), шеттерi қызыл-қүрең қара струппен жабылған. Оң жақ шап аймағында үлкейген лимфа түйiндерiнен конгламерат, астындағы тканьдермен бiрiккен, үстiндегi терiсi тартылған, қызыл-көк түстi. Тыныс алуы жиiленген, өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған,пульсы минутына 110 рет. АКК-95/60 мм.с.б.б. Тiлi құрғақ, ақ жабынды жабылған. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi мен зәрi кешеден берi жоқ.

Диагнозыңызды көрсетiңiз:

1. туляремия, жаралы-бубонды түрi

2. туляремия, генерализивтi түрi

3. оба, екiншiлiк-септикалық түрi

4. оба, бубонды түрi

5. оба, терiлi-бубонды түрi

36.Төмендегi клинико-эпидемиологиялық комплекс қандай ауруға тән екендiгiн көрсетiңiз: науқас 40 жаста, 4 күн бұрын түйенiң етiн бөлгеннен кейiн жедел ауырған. Дене қызуының көтерiлуiне, қалтырау, қатты бас ауруына, басы айналуына, әлсiздiкке, бұлшық еттерiнiң ауырсынуына, жүрегi айнуына шағым айтады.

Қарағанда: жағдайы ауыр. Т-40С. Науқас мазасыз, есту галлюецинациясы, түрiнде қорқыныш. Теңселіп жүредi. Бетi қызарған, коньюктивит. Бетi iсiнген, көгерген, көзiнiң асты қарайған шектер тәрiздi. Терiсi құрғақ, ұстаған кезде ыстық, жиi петехиальды бөртпелер бар. Өкпесiнде әлсiреген, везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ.Тыныс алу жиiлiгi 20 минутына, жүрек тондары тұйықталған. Пульсы минутына 120. АКК-90/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған, жұмсақ, таңдайында ұсақ нүктелi қан құйылулар бар. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Динамикасында науқастың жағдайы төмендеген, ентiгу күшейген, пульсы жiпше тәрiздес,саналмайды. АКК-60/0 мм.с.б.б. құсығы кофе түстес, нәжiсi қарайған, өкпе, жүрек жетiспеушiлiгiнiң жоғарлауы салдарынан науқас өлдi.

1. обаның бiрiншiлiк-септикалық формасы

2. обаның екiншiлiк-септикалық формасы

3. обаның бiрiншiлiк өкпелiк формасы

4. обаның екiншiлiк-өкпелiк формасы

5. сiбiр жарасы, герализденген формасы

Туляремия

1..Туляремияның негiзгi инфекция көзi болып табылады:

1. кемiргiштзр

2. үй жануарлары

3. құстар

4. балықтар

5. буын аяқтылар

2..Туляремияның жиi кездесетiн берiлу жолы:

1. трансмиссивтi

2. қатынас арқылы

3. ауа арқылы

4. алиментарлы

5. су арқылы

3.. Туляремияда кездеспейтiн клиникалық түрi

1. бубонды

2. көз-бубонды

3. ангинозды бубонды

4. жаралы бубонды

5. карбункулездi

4.Туляремия кезіндегі инкубациялық кезең уақыты:

1.1-6

2.3-7

3.5-10

4.7-14

5.11-21

5.. Папула түзiп, қою сары түстi iрiң бөлетiн некрозданған жарасы бар коньюктивит, қатты интоксикация, регионарлы лимфаденит қай инфекцияға тән:

1. аденовирусты инфекция

2. энтеровирусты инфекция, кератоконьюктивит

3. туляремия

4. токсоплазмоз

5. бруцеллез

6.. Арнайы пневмония дамитын, өкпенi зақымдаумен өтетiн аурулардың қатарына кiрмейдi:

1. iш сүзегi

2. Ку-қызба

3. дифтерия

4. легионзелез

5. менингококкты инфекция

7.Туляремияның жаралы-бубонды түрiнiң сiбiр жарасының терiлiк түрiнен айырмашылық белгiлерi қатарына жатпайды:

1. жараның болуы

2. қабыну валигiнiң болуы

3. дененiң ашық жерлерiнде орналасуы

4. лимфадениттiң болуы

5. жайылған түрде iсiнуi

8.Туляремия кезіндегі бубонға тән емес:

1.болар-болмас ауырсыну

2.айқын периаденит

3.бубонның айқын конфигурациясы

4.бубон үстіндегі тері өзгерісінің болмауы

5.бубонның склероздануы

9.Туляремияның ангинозды түрінде қай лимфа түйіндері жиі зақымданады:

1.мойын

2.шап

3.кубитальды

4.мезентериальды

10.. Туляремиядағы лимфадениттiң обадан айырмашылық диагностикалық белгiсi болып табылмайды:

1. көбiнесе дененiң жоғарғы жағындағы лимфа түйiндерi зақымданады

2. шеттерi анықталған

3. аздап ауырсынады

4. терiде қабыну белгiсi болмайды

5. iрiңдеп немесе сiңу жолдары арқылы жылдам жазылуы

11.Туляремияның диагностикасы төмендегi әдiстердiң көмегiмен қойылады:

1. бактериологиялық және серологиялық

2. бактериоскопиялық және аллергиялық

3. серологиялық, биологиялық және аллергиялық

4. биологиялық және иммунологиялық

5. биологиялық және бактериологиялық

12. Туляремияның емiнде көбінесе пайдаланылатын препарат:

1. стрептомицин

2. пенициллин

3. сульфаниламидтi препараттар

4. кефзол

5. ампиокс

13. Туляремияның диагностикасында қолданылмайтын әдiс:

1. аллергологиялық

2. бактериологиялық

3. серологиялық

4. биологиялық

5. микроскопиялық

14. Туляремияның диагностикасында терi аллергиялық әдiсi оң болып есептелетiн жағдай:

1. гиперемия 0,2 х 0,2 см

2. гиперемия және инфильтрат 0,5 х 0,5 см

3. инфильтрат 0,3 х 0,2 см

4. гиперемия, инфильтрат 0,3 х 0,3 см

5. гиперемия, инфильтрат 0,4 х 0,3 см

15. Туляремияның емiнде пайдаланбайды:

1. ампициллин

2. тетрациклин

3. левомицетин

4. канамицин

5. стрептомицин

16. Туляремияның қай түрiнде көбiнесе вакцинотерапия пайдаланады

1. ангинозды-бубонды түрi

2. көз – бубонды түрi

3. жаралы бубонды түрi

4. өкпелі түрi

5. созылмалы ағымды

17. Туляремияның арнайы профилактикасында қолданылады:

1. тiрi вакцина

2. өлi вацина

3. химиялық вакцина

4. анатоксин

5. рекомбинантты вакцина

18.Туляремияның ең негізгі симптомы болып табылады:

1.бөртпе

2.лимфаденит

3.полиартрит

4.римит

5.диарея

19.Төмендегi симптомдар жинағы тән ауруды көрсетiңiз: жоғары температура, интоксикация, тамағының аздап ауырсынуы, тамағының гиперемиясы, бiр жақ миндалинасы үлкейiп, үстiн некрозданған тығыз сұр түстi, миндалиндерден аса таралған, қиыншылықпен алынатын жабынды жапқан, жақ асты және мойын лимфа түйiндерi үлкейiп, аздап ауырсынатын шеттерi тегiстелмеген, кейде бiраз уақыттан кейiн iрiңдейтiн бубондардың пайда болуы:

1. дифтерия

2. туляремия

3. некрозданған ангина

4. аденовирусты инфекция

5. инфекциялық мононуклзоз

20. Келесi клинико-эпидемиологиялық комплекс қай ауруға тән: науқас 40 жаста, аңшы, дене қызуының көтерiлуiне, басы ауырғанына, басының айналғанына, әлсiздiкке, бұлшық еттерiнiң ауырсынуына, мойын тұсында аздап ауырсынатын iсiгi бар екенiне шағым айтады. Жедел ауырған, бұдан 3 күн бұрын дене қызуы 39С-ке дейiн қалтыраумен көтерiлдi, басы ауырды, әлсiздiк болды, бiраз уақыттан соң мойнында аздап ауырсынатын iсiк пайда болды.

Эпиданамнез: бұдан бiр апта бұрын ондатр аулады.

Қараған кезде: жағдайы орташа ауырлықта, денез қызуы 38С.Терi қабаты құрғақ, түрi өзгермеген. Бетi қызарған, аздап iсiнген.Склера тамырлары қызарған. Мойнында мөлшерi өрiк тәрiздi, аздап ауырсынатын, шетi тегiстелген, тзрiмзн бiрiкпзгзн лимфа түйiнi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсiреген. Пульсы минутына 60. АҚҚ-100/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауырдың қыры пальпацияланады, нәжiсi мен диурезi қалыпты жағдайда.

1. оба, бубонды түрi

2. туляремия, бубонды түрi

3. туляремия, жаралы-бубонды түрi

4. инфекциялық мононуклеоз

5. аденовирусты инфекция

21.Келесi клиникалық эпидемиология жинағы қай ауруға тән: науқас 48 жаста, шопан, ауруханаға мынандай шағымдармен түстi. Дене қызуы көтерiлген, басы ауырған, бұлшық еттерi ауырсынады, енжарлық, әлсiздiк, оң жақ көз қабағы iсiнiп, оң көзiнен iрiңдi бөлiнiстер пайда болған. Бұдан 3 күн бұрын жедел ауырған-дене қызуы қалтыраумен 39С-ке дейiн көтерiлдi, басы ауырды, басы айналды, бұлшық еттерi ауырсынып, ұйқысыздық болды. Бiраздан кейiн оң жақ қабағында iсiну пайда болып, оң көзiнен iрiңдi бөлiнiстер ақты.

Эпиданамнез: ондатр аулаған, ауырмастан 4 күн бұрын кене шаққан.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38С, оң жақ қабырғасы бiршама iсiнген, көзi қызарған, кезiнде мөлшерi 3 х 2 мм жара бар, одан қою iрiң ағады. құлағының маңайында мөлшерi 2,5х2 см, шеттерi айқындалған, аздап ауырсынған лимфа түйiндерi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 70, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауырының шетi пальпацияланады. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1. туляремия, көз бубонды түрi

2. адеовирусты инфеция, коньюктивит

3. герпетикалық инфеция, кератоконьюктивит

4. стафилакоккты инфекция, кератоконьюктивит

5. көз дифтериясы

22.Келесi клиникалық-эпидемиологиялық сипаттама қай ауруға тән: науқас С., 29 жаста, аңшы, мынандай шағымдармен ауруханаға түстi. Дене қызбасы көтерiлген, басы ауырады, әлсiздiк, терең дем алғанда кеудесiнде ауырсыну байқалады, жөтелi аз мөлшерде қақырықпен.

4 күн бұрын ауырған-суфебрильды дене қызбасы болған. Жалпы енжарлық, кеудесiнiң ауырғанын байқаған, жөтелi алғашқыда құрғақ, одан кейiн қақырықпен болған.

Эпиданамнезi: ауырмастан бiр апта бұрын ондатрдың терiсiн сыпырған. Осы науқаспен бiрге жұмыс iстейтiн кiсi бiр уақытта мынандай шағымдармен келдi: дене қызбасының көтерiлуiне, мойнында грек жаңғағы мөлшерiндей, аздап ауырсынатын iсiк тәрiздi түзiлiстiң болуына.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызбасы 38С. Науқас жылдам қимылдайды, сұрақтарға жақсы жауап бередi, бетi қызарған, аздап iсiнген. Перифериялық лимфа түйiндерi ұлғаймаған. Өкпесiнiң артқы төменгi бөлiгiнде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Сол жерде құрғақ және ылғалды ұсақ көпiршiктi сырылдар бар. Тыныс алу жиiлiгi 16. Жүрек тондары тұйықталған.Пульсы минутына 68, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ,ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 2 см-е төмен. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда. Рентгенологиялық зерттеуде кеуде қуысының лимфа түйiндерi ұлғайған, өкпесiнiң артқы төменгi бөлiгiнде қараңғы аймақ байқалады.

1. оба, алғашқы өкпе түрi

2. сiбiр жарасы, өкпелiк түрi

3. крупозды пневмония

4. туляремияның өкпелiк түрi

5. Ку-қызбасы

23. Келесi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жинағы қай ауруға тән: науқас П., 38 жаста, шопан, мынандай шығамдармен түстi: дене қызуы көтерiлiп, қалтырау болды, басы ауырып, жұтынғанда тамағы бiраз ауырады.

Жедел ауырған, бұдан 4 күн бұрын дене қызуы 38С-ке дейiн қалтыраумен көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерiнiң ауырсынуын сездi, әлсiздiк, тамағының ауруы пайда болды.

Эпиданамнез: ауырмастан бiр апта бұрын ондатрдың, қоянның терiсiн сыпырған, кене шаққан.

Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, дене қызбасы 38,6С, бетiнiң қызаруы, iсiнуi, склера тамырларының қызаруы байқалады. құлағының маңайындағы, жақ асты лимфа түйiндерi өрiктiң мөлшерiндей ұлғайған, шеттерi айқындалған, астыңғы тканьмен бiрiкпеген, аздап ауырсынады. өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырылы жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 64, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған, көмейiнiң шырышты қабаты қызарған, оң жақ миндалинасы ұлғайған, бозғылт ақ некротикалық жабындымен жабылған. Жабындыны алған кезде орнында терең жара қалады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1.туляремия, бубонды түрi, көмей дифтериясы

2.көмей дифтериясы, жайылған түрi

3.көмей дифтериясы, локальды түрi

4.туляремия, ангинозды-бубонды түрi

5.дифтерия, субтоксикалық түрi

24. Келесi клиникалық-эпидемиологиялық жинағы қай ауруға тән: науқас 40 жаста, мынандай шағымдармен ауруханаға түстi: басының ауырғаны, дене қызбасының көтерiлуi, жалпы енжарлық, бiлегiнде жараның пайда болғанына.

Бұдан 5 күн бұрын ауырған, қалтыраумен дене қызбасы 39С-ке дейiн көтерiлген, басы ауырған, бұлшық еттерi ауырған, бiраз уақыттан кейiн бiлегiнде жара пайда болды және қолтық асты аймағында iсiк пайда болды.

Эпиданамнез: ауырғанынан бiр апта бұрын аң аулаған, қоянның терiсiн сыпырған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,8С.Терiсi құрғақ, түрi өзгермеген. Бетi қызарған, iсiнген, склера тамырларының иньекциясы байқалады. Оң жақ бiлiгiнiң жоғарғы аймағында терең емес шеттерi көтерiлген, аздап ауырсынатын жара бар. Жарадан серозды iрiңдi бөлiнiстер байқалады. Оң жақ қолтық асты аймағында мөлшерi грек жаңғағындай, шеттерi айқындалған, терiмен жабыспаған, лимфа түйiндерi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 62. АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, бауырының шетi пальпацияланады. Көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1.сiбiр жарасы, терiлiк түрi

2.оба, бубонды түрi

3.туляремия, жаралы бубонды түрi

4.терi лейшманиозы

5.туляремия, бубонды түрi





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1207 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.045 с)...