Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кенеден тарайтын бөртпе сүзегi



1.Эндемиялық таралу, регионарлы лимфаденитпен болатын алғашқы

аффект, плиморфты бөртпе, қатерсiз ағыммен өтетiн ауруды көрсетiңiз:

1. эпидемиялық бөртпе сүзегi

2. кенелiк бөртпе сүзегi

3. туляремия

4. оба

5. Қу-қызба

2.Кенелiк бөртпе сүзегiне тән жыл мезгiлiн көрсетiңiз:

1. қысқы

2. қысқы-кектемгi

3. жазғы

4. көктемгi-жазғы

5. күзгi-қысқы

3.Кенелiк бөртпе сүзегiнiң жұғу жолдары:

1. алиментарлы жолмен

2. ауа-тамшылары арқылы

3. ауа-шаң арқылы

4. трансмиссивтi

5. контактiлi жолмен

4. Кенелiк бөртпе сүзегiнiң бастапқы кезеңiне тән емес:

1. қызба

2. интоксикация

3. алғашқы аффзкт

4. бөртпе

5. регионарлы лимфадзнит

5. Кенелiк бөртпе сүзекте болатын бөртпеге тән емес белгi:

1. плиморфты

2. аз мөлшерде

3. розеолезды-папулезды

4. ұзақ уақыт сақталуы

5. алақанға және табанға шығуы

6. Кенелiк бөртпе сүзекте алғашқы аффекте тән емес белгi:

1. тығыз инфильтрация

2. мөлшерi 1 см-ге дейiн

3. терiнiң ашық жерлерiнде орналасады

4. қабыну валымен қоршалған

5. регионарлы лимфаденитпен өтедi

7. Кене бөртпе сүзегiнiң негiзгi диагностикалық әдiсi:

1. бактериоскопиялық

2. бактериологиялық

3. серологиялық

4. биологиялық

5. аллергиялық

8. Кене бөртпе сүзегiнiң емiне қолданылмайтын препарат:

1. левомицетин

2. доксициклин

3. тетрациклин

4. пенициллин

5. рифампицина

9. Кене бөртпе сүзегiнде жүргiзiлетiн негiзгi профилактикалық шара

1. вакцинация

2. гамма-глобулиндi профилактика

3. кенеден қорғанатын жеке меншiк заттар

4. тимиопрофилактика

5. кемiргiштермен күресу

10. Науқас 35 жаста, геолог, ауруханаға 28 Майда, сырқатының 4-шi күнiнде түстi, басының ауырғанына, дене қызуының көтерiлуiне, бұлшық еттерiнiң ауырсынуына, тәбетiнiң төмендеуiне, әлсiздiкке, денесiндегi бөртпеге шағым айтты.

Бұдан 1 апта бұрын шашының арасынан жабысып тұрған кененi алды, осыдан 3 күн бұрын жедел ауырған, дене қызбасы 38,8С-ке қалтыраумен көтерiлiп, басы, денесiнiң барлығы ауырды. Кеше денесiндегi бөртпенi байқады.

Обьективтi: жағдайы орташа ауырлықта, қызбасы 38,3С. Денесiнде, аяқ-қолдарында, алақаны мен табанында, бетiнде көп мөлшерде дақты-папулезды бөртпе бар. Басының желке жағында тығыз инфильтрат 1 см т 1 см, бетi кепкен, айналасында гиперемия. Мойынның, қолтық асты лимфа түйiндерi пальпацияланады, аздап ауырады. Өкпесi мен жүрегi өзгермеген. Пульсы минутына 74. АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған.Iшi ауырмайды, жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см шыққан. Көкбауыры пальпацияланбайды.

1. эпидемиялық бөртпе сүзегi

2. кене бөртпе сүзегi

3. туляремия

4. кене энцефалитiнiң қызбалық түрi

5. псевдотуберкулез





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 865 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...