Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

У-қызба



1..Қу-қызбаның эпидемиологиялық ерекшелiктерiне жатпайтыны:

1. табиғи ошақтар құру

2. көктемгi-жазғы уақытта тарау

3. антропноздарға жату

4. инфекцияның тарау жолдарының көптiгi

5. адамның осы инфекцияны қабылдау мүмкiншiлiгi жоғары болу

2..Қу-қызбаның инфекция көзi болмайтыны:

1. үй жануарлары

2. кенелер

3. құстар

4. адамдар

5. жабайы жануарлар

3..Қу-қызбаның таралу жолы болып табылмайды:

1. алиментарлы

2. ауа-тамшы арқылы

3. қатынас арқылы

4. жыныстық қатынас

5. трансмиссивтi

4. Қай инфекцияның қоздырғышы дәнекер тканьдармен ретикулоэндотелиалды жүйе клеткаларында паразиттiк тiршiлiк етедi:

1. эпидемиялық бөртпе сүзекте

2. Брилль ауруы

3. эндемиялық бөртпе сүзегiнде

4. кене бөртпе сүзегiнде

5. Қу-қызбада

5. Қу-қызбаға тән емес клиникалық көрiнiстi көрсетiңiз:

1. жедел басталуы

2. қызба

3. интоксикация

4. нефропатия

5. өкпенiң зақымдануы

6. Қу-қызбаның клиникалық түрiне жатпайды:

1. бруцеллез тәрiздес түрi

2. сүзек тәрiздес

3. бронхопневмониялық

4. септикалық

5. абдоминальды

7.. Қу-қызбаның негiзгi емi:

1.этиотропты

2.дезинтоксикациялық

3.арнайы

4.десенсибилизденген емi

5.симптоматикалық

8.. Қу-қызбаның емiнде қолданылады:

1. пенициллин

2. стрептомицин

3. тетрациклин

4. ампицилин

5. полимиксин

9. Келесi жағдай қай ауруға тән: ауылдың тұрғыны, механизатор. Жедел ауырған, осыдан бiр апта бұрын қалтыраумен дене қызуы жоғарлап, басы ауырған, бұлшық еттерi, буындарында ауырсыну пайда болып, жөтел қосылған. Аспирин, аналгин iшкен. Бiраз қызбасы сақталып, тершеңдiк, әлсiздiк пайда болған, жөтелi мазалайды.

Қарағанда: жағдайы орташа, Т-37,8С. Терiсi таза, аздап ылғалданған. Склера мен коньюктивалары иньекцияланған. Микроплиаденит. Өкпесiнде тыныс алуы қатқылданған, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмi дұрыс. Пульсi 72 минутына. АК-100/60 мм.с.б.б. Тiлi жабындымен жабылған, iшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 –2 см шығып тұр, ауырмайды. Көкбауырының шетi пальпацияланады. Комплемент байланыстыру реакциясы. Бернет реакциясының антигенiмен 1:40.

1. грипп

2. кене бөртпе сүзегi

3. iш сүзегi

4. Қу-қызбасы

5. псевдотуберкулез

10. Келесi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жинағы қай ауруға тән: шошқа фермасының жұмысшысы, жедел ауырған, дене қызуы қалтыраумен жоғары көтерiлген, бұлшық еттерi, басы ауырған. Сырқатының 5-шi күнiнде аздаған қақырық түсумен құрғақ жөтел қосылған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Денесiнде аз мөлшерде розеолезды бөртпелер, склера тамырларының иньекциясы байқалады. Оң жақ өкпесiнiң төменгi бөлiгiнде тыныс алуы қатқылданған, сырылдар естiлмейдi. Бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см төмен, көкбауырының шетi пальпацияланады. Рентгеноскопияда өкпе тамырлары кеңейген, өкпе суретi күшейген, оң жақ төменгi бөлiгiнде домалақ көлеңке шеттерi айқындалған. Осындай көрiнiстер 3 апта бойына сақталды.

1. iш сүзегi

2. микоплазмалы пневмония

3. Қу-қызба

4. респираторлы синтициальды инфекция

5. бронхопневмония





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 868 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...