Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АИВ-инфекциясы



1.АИВ-инфекциясы вирусының І-ші типінің қабықшасының антигенді құрылымы қандай гликопротеиндермен көрсетілген:

1.qp41, qp20, qp160

2.qp160, qp120, qp41

2. qp41, qp110, qp120

3. qp120, qp180, qp41

2.АИВ-инфекциясы вирусының репликациясы өтеді:

1.плазмоциттер мен макрофагтарда

2.макрофагтар мен Т-хелперде

3.Т-хелпер мен В-лимфоциттерде

4.В-лимфоциттер мен плазмоциттерде

3.ЖИТС-кезіндегі оппортунистикалық инфекциялармен инвазиялар:

1.генерализденген кандидозбен

2.лейшманиоз және токсоплазмоз

3.пневмоцитоз және диссеминирленген гистоплазмоз

4.өкпеден тыс туберкулез бен лейшманиоз

4.АИВ-инфекцияға скрининг әдісімен тексеру:

1.иммуноферментті-(ИФА)

2.радиоиммунды (РИА)

3.иммуноблотинг

4.молекулярлы гибридизация(ДНК-зондтар)

5.ЖИТС-тың индикаторлы ауруы:

1.өкпе туберкулезы

2.пневоцисты пневмония

3.ауыз қуысының кандидозы

4.өкпе гистоплазмозы

5.цитомегаловирусты гепатит

6.АИВ-инфекциясы кезіндегі персистирленген жайылған лимфоаденопатия кезінде ұлғаяды:

1.кез келген лимфа түйіндерінің 3 тобы, олардың ауырсынуы мен іріңдеуі

2.ұлғайған шап лимфа түйіндерінің ауырсынуы мен бір-бірімен жабысуы

3.кез келген лимфа түйіндерінің ауырсынуы, бірақ бір-бірімен жабыспауы

4. шап және қолтық асты лимфа түйіндерінің 3 см артық ұлғаюы, ауырсынуы және бір-бірімен бірігуі

7.АИВ –инфекциясының этиотропты емінде қолданылатын негізгі препарат:

1.ремантадин

2.пентамидин

3.интерферон

4.азидотимидин

8.Қанда АИВ антиденелерін анықтау тестінің қорытындысы теріс болғанда, ЖИТС диагнозын қоюға болатын тұжырым:

1.изоспорозды этиологиялы диарея

2.60-тан асқан адамдарда кездесетін Капоши саркомасы

3.пневмоцисты пневмония

4.өкпе гистоплазмозы

9.АИВ-деменцияға тән:

1.ликвор гипертензиялық синдромы

2.көп ошақты лейкоэнцефалопатия

3.ми қан айналымының дисциркуляторлы бұзылысы

4.серозды менингит

10.ЖИТС кезіндегі Т4/Т8 (Т лимфоциттер субпопуляциясының қатынасы) коэффиценті тең:

1.0,5

2.1,5

3.2,0

4.1,0

11.АИВ-ауруы вирусына тән белгiге жатпайды:

1. құрамында РНК бар ретровирус

2. құрамында қайтарымды транскриптаза бар

3. құрамында қосымша ген бар

4. зақымдайтын негiз клеткалары Т-киллерлер

5. сыртқы ортада төзiмдiлiгi жоғары

12..АИВ ауруының берiлу мүмкiншiлiгi жоқ жағдайды көрсетiңiз:

1. парентаральды

2. жыныс қатынас арқылы

3. трансплацентарлы

4. баладан анаға (емiзген кезде)

5. алиментарлы

13..АИВ-инфекциясымен зақымдану жолдары қатарына жатпайды:

1. парантеральды

2. жыныс арқылы

3. трансплацентарлы

4. баладан анаға (емiзген кезде)

5. су арқылы

14..Адам иммунодефицит вирусы сыртқы ортаға не арқылы бөлiнбейдi:

1. қан

2. сперма

3. тер, нәжiс арқылы

4. ана сүтi

5. сiлекей, көз жасы

15.АИВ-инфекциясының берілу жолы:

1.алиментарлы

2.қанмен байланысты

3.трансмиссивті

4.ауа-тамшы

16..АИВ-ауруының негiзгi тарау жолы:

1. трасмиссивтi

2. алиментарлы

3. тұрмыс-қатынас арқылы

4. ауа-тамшы арқылы

5. жыныс қатынас арқылы

17.СНГ-мемлекеттерiнде АИВ-ауруының негiзгi тарау жолы:

1. контактiлi

2. парентаральды

3. трансплацентарлы

4. анадан балаға (емiзген кезде)

5. жыныс қатынас арқылы

18..АИВ-ауруын жұқтыру мүмкiншiлiгi келесi жағдайдың қайсысында жоғары:

1. инфекцияланған ер адамнан әйел адамға жыныс қатынасы кезiнде

2. АИВ-ауруымен ауырған ер адамнан әйел адамға сүйiсу кезiнде

3. АИВ-ауруының терминальды стадиясында жатқан науқастан күтушi адамға

4. инфекцияланған әйелден ер адамға

5. АИВ-ауруымен науқастанған баладан шешеге

19. АИВ-инфекциясының нысана клеткалары болып табылады:

1. Т-супрессорлар

2. Т-хлеперлер

3. Т-киллерлер

4. плазматикалық

5. гепатоциттер

20.. СПИД-вирусының зақымдайтын клеткаларының құрамына кiрмейдi:

1. Т-хелперлер

2. нерв жүйесiнiң глиальды клеткалары

3. тыныс алу жолдарының зпителиальды клеткалары

4. моноциттер, макрофагтар

5. энтероциттер

21. АИВ-инфекциясының патогенезiне тән емес белгi:

Т-хелперлерге цитопатикалық әсер ету

биологиялық белсендi заттардың өндiрудiң жоғарлауы

интерлейкин ІІ бөлiнуiнiң төмендеуi

Т-хелперлер мен 1-супрессорлардың қатынастарының өзгеруi (индекстiң 2,0-ден жоғарлауы)

иммунды комплекстердiң, иммундық глобулиндердiң пликлональды бөлiнуiнiң жоғарлауы

22.АИВ-инфекциясының алғашқы клиникалық көріністеріне тән емес:

1.қызба

2.полиаденит

3.диарея

4.ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатының кандидозы

5.гепатолиенальды синдром

23.ЖИТС-индикаторлы ауруларына жатпайды:

1.атипті микобактериоз

2.пневмоцисты пневмония

3.жайылған кандидоз

4.цитомегаловирусты гепатит

5.60 жастан асқан адамдарда кездесетін Капоши саркомасы

24.АИВ-инфекциясында дамитын иммундық жетiспеушiлiктi сипаттайтын жағдайлардың қатарына жатпайды:

1. макрофагтың фагоцитарлық белсендiлiгi төмендейдi

2. еске сақтау клеткаларының жоғалуы

3. киллер белсендiлiгiнiң төмендеуi немесе жоғарлауы

4. антилимфоциттердiң антиденелердiң жоғарлауы

5. арнайы антиденедердің жоғарлауы

25.Полиаденит келесі инфекциялық ауруға тән:

1.сепсис

2.тырысқақ

3.құтыру

4.АИВ-инфекциясы

5.тілме

26. АИВ-ауруы кезiндзгi инкубациялық мерзiмнiң максимальды ұзақтығы:

1. 3 айға дейiн

2. 6 айға дейiн

3. 1 жыл

4. 3 жыл

5. 10 жыл

27.ЖИТС индикаторлы ауруларға жатпайды:

1.кандидозды эофагит

2.жайылған Капоши саркомасы

3.криптоспоридоз

4.инфекциялық мононуклеоз

5.пневмоцисті пневмония

28.АИВ-ауруының жедел инфекция стадиясына тән емес белгi:

1. дене салмағының прогрессивтi түрде жоғалуы

2. дене қызуының жоғарлауы

3. диспепсиялық бұзылыстар

4. лимфоаденопатия

5. бөртпе

29.Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

1. АИВ-инфекциясының қоздырғышы вирус

2. АИВ-инфекциясының негізгі берілу жолы жыныстық қатынас

3. АИВ-инфекциясымен зақымдану ұзақ тұрмыстық қатынас кезінде жүруі мүмкін

4. ЖИТС-тің клиникалық көрінісі басқа жүре пайда болған иммунодефицитті аурулар кезіндегі клиникалық көріністермен бірдей

5. АИВ-инфекциясы кезіндегі өлімге әкелетін себептердің бірі қатерлі ісіктер

30. АИВ-инфекциясының тексеру көрсеткiшi болып табылады:

1. микроплиаденит 1 ай бойына, флегмонозды ангина

2. микроплиаденит, субфебрилитет,ортоепидидимит

3. микроплиаденит, субфебрилитет, диарея, дене салмағын жоғалту, тершеңдiк

4. микроплиаденит, субфебрилитет, 5-6 апта бойында тершеңдiк

5. микроплиаденит, полиартралгия

31. АИВ –инфекциясы кезіндегі пневмонияның этиологиясы:

1.стафилакоккты

2.пневмоцисті

3.пневмококкты

4.вирусты

5.вирусты-бактериалды

32. АИВ-ауруының оппртунистикалық инфекциясы болып есептелмейтiн:

1. токсоплазмоз

2. цитомегаловирусты инфекция

3. пневмоцистты пневмония

4. орнитоз

5. герпес тудыратын инфекция

33.АИВ-инфекциясына тән емес клиникалық көрініс:

1.ұзақ диарея

2.ұзақ өтетін пневмониялар

3.өздігінен дене салмағын жоғалту

4.Капоши саркомасы

5.рецидивті эндокардит

34. АИВ-ауруының индикаторлы көрiнiсi:

1. арбовирусты инфекциялар

2. лимфогранулематоз

3. Капаши саркомасы

4. аденокарцинома

5. энтеровирусты инфекция

35.АИВ-инфекциясы кезінде қанда болмайтын көрініс:

1.лейкоцитоз

2.лейкопения

3.лимфопения

4.тромбоцитопения

СД4, СД8 инверсиясы

36.ЖПБС-ның оппртунистикалық инфекциялардың қатарына кiрмейдi:

1. кандидоз

2. токсоплазмоз

3. пневмоцистi пневмония

4. атиптi микобактериоз

5. герпест инфекциясы

37.АИВ-ауруының бiрiншiлiк көрiнiстер стадиясына тән клиникалық формасын көрсетiңiз:

1. Капаши саркомасы

2. белдеулi лишай

3. герпес инфекциясы

4. белгiсiз инфекция

5. плевмоцистi инфекция

38.АИВ-инфекциясының диагностикасында қолданылмайды:

1.иммуноферментті анализ

2.иммуноблотинг

3.РПГА

4.РСК

39. АИВ-ауруының екiншiлiк көрiнiстер стадиясына тән емес белгi:

1. дене салмағын 10 проценттен аса жоғалту

2. терiнiң грибокты, вирусты, бактериальды зақымдануы

3. шаш тәрiздi лейкоплакия

4. полиартрит

5. Капоши саркомасы

40.АИВ-вирусы Т-лимфоциттердің қай субпопуляциясына тропты:

1.Т-хелперлер

2.Т-супрессорлар

3.Т-киллерлер

4.Т-жасушалар

41..ЖПБС-ның генерализивтi лимфоаденопатия кезеңiне тән клиникалық белгiлерiне жатпайды:

1. 3 ай бойы перифериялық лимфатүйiндерiнiң үлкеюi

2. диарея

3. температураның көтерiлуi

4. оппортунистикалық инфекциялардың қосылуы

5. 10 процент мөлшерiнде дене салмағының жоғалуы

42.АИВ-инфекциясының ІІІб (ІІ-шілік аурулар) кезеңіне тән емес:

1.дене салмағының прогрессиялық түрде жоғалту

2.ұзақ диарея

3.ішкі органдардың бактериялды вирусты және протозойлды зақымдалуы

4.менингококкты инфекция

5.Капоши саркомасы

43. АИВ-ауруына тән емес лабораториялық көрсеткiш:

1. анемия

2. Т-хелперлер саны көбеюi

3. Т-хелпер,Т-супрессор қатынасы 1-ден кiшi

4. тромбоцитопения

5. ЭТЖ-жоғарлауы

44. АИВ-ауруына мiндеттi түрде тексерiлмейтiн:

1. гомосексуалистер

2. екi қабат әйелдер

3. донорлар

4. тамақ және су өнеркәсiбiнiң жұмыскерлерi

5. гемофилиямен ауыратындар

45. АИВ-ауруының лабораториялық өзгерiстерiне тәнезмес көрсеткiш

1. Т-хелперлер саны азаюы

2. Т-хелпер, Т-супрессор қатынас индиксi 1-ден жоғары

3. иммунды комплекстердiң концентрациясының жоғарлауы

4. А, М- класының иммуноглобулиндер деңгейiнiң жоғарлауы

5. Т-киллерлердiң саны төмендеуi

46. АИВ-ауруының лабораториялық өзгерiстерiне тән емес көрсеткiш

1.Т-хелперлер саны азаюы

2.Т-хелпер, Т-супрессор қатынас индиксi 1-ден кiшi

3.иммунды комплекстердiң концентрациясының төмендеуi

4.А, М- класының иммуноглобулиндер деңгейiнiң жоғарлауы

5.Т-киллерлердiң саны төмендеуi

47. АИВ-инфекциясы вирусының құрамындағы ерекшелiк неге байланысты:

1. гемаглютининнiң болуы

2. керiсiнше транскриптазаның болуы

3. нейраминидазаның болуы

4. протективтi фактордың болуы

5. плисатаридтi комплекстiң болуы

48. Адамның иммундық жетiспеушiлiгi вирусымен зақымданған кезде қанда арнайы антиденелердiң пайда болу мерзiмi:

1. зақымданғаннан кейiн лезде

2. 10-14 күннен кейiн

3. 3-4 аптадан кейiн

4. 5-7 аптадан кейiн

5. 8-12 аптадан кейiн

49. АИВ-мен зақымданғаннан кейiн серонегативтi кезеңнiң ең ұзақ уақыты:

1. 1-2 ай

2. 3-6 ай

3. 1 жыл

4. 3 жыл

5. 5 жыл

50.. АИВ-инфекциясының диагностикасында ең сезiмтал әдiс:

1. иммунды ферменттi анализ (ИФА)

2. ТГАР

3. полимеразды тiзбек рзакциясы

4. молекулярлы гибридизация

5. иммунды флюоресценттi әдiс

51. АИВ-инфекциясына мiндеттi түрде тексеру қажет емес:

1. донорларды

2. 3 ай ұзақтығына командировкаға шыққандар

3. бас бостандығынан айырылғандар

4. наркологиялық диспансердiң пациенттерi

5. ҚР-на 3 айдан ұзаққа келген шетелдiктер

52. АИВ-инфекциясының екiншiлiк аурулар кезеңiне өткен кезеңiнде Т-хелперлердiң мөлшерiнiң азаю деңгейi:

1. 1 мкл-де 400 клеткадан төмен болуы

2. 1 мкл-де 600 клеткадан төмен болуы

3. 1 мкл-да 800 клеткадан төмен болуы

4. 1 мкл-де 1000 клеткадан төмен болуы

5. 1 мкл-де 1200 клеткадан төмен болуы

53. АИВ-инфекциясының 10%- тен жоғары салмақ жоғалту, диарея, 1 айдан аса қызба, тiлдiң лейкоплакиясы, қайталанатын бактериальды, вирусты протозойлы терiнiң және шырышты қабаттың зақымдалуы, қайталанатын белдеуленген лишай, Капошо саркомасының ошақтық түрiнде өтетiн көрiнiстерi тән кезең:

1. алғашқы көрiнiстер

2. екiншiлiк инфекциялардың А кезеңi

3. екiншiлiк инфекциялардың Б кезеңi

4. екiншiлiк инфекциялардың В кезеңi

5. терминальды кезең

54.. АИВ-инфекциясының этиотропты емi ретiнде қолданылмайды:

1. азидотимидин

2. интерферон

3. интерлейкин 11

4. ацикловир

5. амодиатин

55.. ЖПБС-ның профилактикасында роль атқармайтын жағдай:

1. санитарлық ағарту жұмыстары

2. қорғаныс заттарын кең қолдану (презерватив)

3. вакцинация

4. зақымданған адамдарды ерте анықтау

5. донорлардың қандарын және содан жасалатын дәрiлердi күштi бақылауға алу

56.. Төмендегi симптомдар жинағына сәйкес нозологияны көрсетiңiз: дене салмағын 10%-тен жоғары прогрессивтi түрде жоғалту, себепсiз диарея немесе қызба (1 ай бойына), шаштың лейкоплакиясы, өкпе туберкулезi, қайталанған және тұрақты бактериальды, вирусты ағзалардың зақымдануы, қайталанған және жайылған темiреткi.

1. ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер, 3А кезеңi

2. ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер 3Б кезеңi

3. ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер, 3В кезеңi

4. ЖБИЖС, бiрiншiлiк көрiнiстер кезеңiнiң 2А кезеңi, жедел инфекция

5. ЖБИЖС, бiрiншiлiк көрiнiстер кезеңiнiң 2Б кезеңi, генерализивтi лимфоаденопатия

57..Төмендегi симптомдар жинағына тән нозологияны көрсетiңiз: 3 апта бойы қызба, тәулiгiне 2-3 рет сұйық нәжiс, денеде розолездi бөртпе, аздаған гепатомегалия, микроплиадзнит, түн iшiндз қатты тершеңдiк:

1. ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер, 3А кезеңi

2. ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер 3Б кезеңi

3.ЖБИЖС, екiншiлiк көрiнiстер, 3В кезеңi

4.ЖБИЖС, бiрiншiлiк көзрiнiстер кезеңiнiң 2А кезеңi, жедел инфекция

5.ЖБИЖС, бiрiншiлiк көрiнiстер кезеңiнiң 2Б кезеңi, генерализивтi лимфоадзнопатия

58.ЖИТС-ассоцирленген белгілер комплексіне қай клиникалық белгілер кірмейді:

1.3 ай бойы ешбір себепсіз өтетін тұрақты қызба

2.дене салмағын 10% жоғалтуы

3.1 ай бойы себепсіз диарея

4.персистерленген жайылған лимфаденопатия(3 айдан артық)

59.Келесi клиникалық белгiлерi жинағы АИВ ауруының қай стадиясына тән: 25 жастағы, гомосексуалист, дәрiгерге келесi шағымдармен келдi: ауызы ойылып,дене қызуы субфебрильды түрде көтерiлiп, анда-санда iшi өтiп, дене салмағы 5-6 кг төмендеген, әлсiздiк, шаршағыштық сезiнедi. Ауырғанына 1 ай болған.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Азған, терiсiнде көптеген ұсақ iрiңдi бөртпелер. Тамағы қызарған, ауызының шырышты қабаттары ойылған, ақшыл жабындымен жабылған.ұсақ ойық жаралар көрiнедi..Жақ астындағы мойын, қолтық астындағы лимфа түйiндерi 1-1,5 см –ге дейiн үлкейген, пальпация кезiнде бiраз ауырады, қозғалғыштығы шектелмеген. Iшi бiраз кепкен, бiраз ауырсынады.Бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см төмен, көкбауыры үлкеймеген. АИВ ауруына тексерiлген. ИФА реакциясы оң болған.

1. АИВ ауруы, жедел инфекция

2. АИВ ауруы, субклиникалық формасы

3. АИВ ауруы, бiрiншiлiк көрiнiстер

4. АИВ ауруы, екiншiлiк көрiнiстер

5. АИВ ауруы, терминальды стадиясы

60.. Келесi клиника белгiлер жинағы қай ауруға тән: 38 жастағы наркоман, көптеген гетеросексуальды жыныс қатынаста болған. Шағымдары: бұлшық еттерiнде әлсiздiк сезiнедi, көру өткiрлiгi төмендеген, субфебрильдi қызба, кейде iшi өтуi, жалпы әлсiздiк мазалайды.

Қарағанда: денесiнде розеолозьды папулездi бөртпелер, аузында ұсақ ойық жаралар, эрозиялар, перифериялық лимфа түйiндерi үлкейген, терiнiң дымқылдығы жоғарлаған, Ромберг позада тұрақсыз, сол жақтағы мұрын-ерiн қатпарлары жазылған түрде, тiлiнiң сол жақ девиациясы айқындалған, оң жақтағы Лассег белгiсi оң. Токсоплазмоздың антигенiмен қойылған КРБ 1:40

1. токсоплазмоз, жедел формасы

2. токсоплазмоз, созылмалы формасы

3. АИВ ауруы, екiншiлiк көрiнiстерi, токсоплазмоз

4. АИВ ауруы, жедел инфекция

5. АИВ ауруы, терминальды стадиясы

61. Келесi клиника және эпидемиологиялық белгiлер жинағы АИВ ауруының қай түрiне тән: 28 жастағы науқас, көптеген бисексуальды жыныс қатынаста болған. қараған кезде: мойын, қолтық асты лимфа түйiндерi 1,5-2 см көлемiнде, ауырсынусыз, қозғалғыштығы өзгермеген түрде табылған. Айтуы бойынша үлкейген лимфа түйiндерiн 3 апта бұрын өзi байқаған. қосымша әлсiздiкке, кейде iш өтуiне, субфебрильдi қызбаға, бiраз салмағының төмзндеуiне шағымданады.

1. АИВ ауруы, инкубация кезеңi

2. АИВ ауруы, субклиникалық формасы

3. АИВ ауруы, генерализивтi лимфаденопатия

4. АИВ ауруы, жедел инфекция

5. АИВ ауруы, екiншiлiк көрiнiстер

62.. Онкологиялық диспансерге науқас П., 45 жаста, аналь аймағының iсiгiне күдiкпен жiберiлген. Шағымдары: анус аймағында тығыз, ауырсынатын, кейде қанайтын iсiкке, әлсiздiкке, 8-10 кг салмақ жоғалтқанына, сұйық нәжiске, субфебрильды температураға. Бұл көрiнiстiң пайда болғанына 2 ай болған екен. Ауырғанға дейiн соңғы жыл бойына пневмониямен, жайылған лишаймен ЖРВИ, герпес инфекциясы және iрiңдеген бөртпелермен ауырғанын айтады.

Эпиданамнез: наркоман, гомосексуалист.

Жағдайы орташа ауырлықта. қатты жүдеген, терiсi құрғақ, кейбiр жерлерiнде тырнақ iзi байқалады. Барлық лимфа түйiндерi 1-1,5 см-ге үлкейген, қозғалады., ауырсынусыз, шап лимфа түйiнi тығыздалған, көлемi 2 см. Ауыз қуысында ұсақ жаралар, тез қанайды. Өкпесiнде қатқылданған тыныс алу, жайылған құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмi дұрыс.Iшi жұмсақ, пальпацияланғанда бауырдың және көкбауырдың шеттерi тығыз екендiгi байқалады. Анустың оң жақ аймағында диаметрi 2 см қоңыр түстi, өтi қанды қабыршақтармен жабылған тығыз iсiк байқалады. Iсiктiң аймағындағы тiндер инфильтрацияланған, тығыздалған. Тiк iшектi саусақпен зерттегенде - өткiзу тесiгi тарылған және қабырғаның эластикалық қабiлетi төмендеген. Гистологиялық-Капоши саркомасы. ИФА- АИВ-ке антиденелер табылған. АИВ инфекциясының кезеңiн көрсетiңiз:

1. жедел түрi

2. субклиникалық

3. генерализивтi

4. екiншiлiк көрiнiстер

5. терминальды кезең

63..Науқас А., 36 жаста, инфекциялық аурулар бөлiмшесiне ауыр жағдайда круппозды пневмония диагнозымен түстi. қойылған сұраққа қиналып жауап бередi, барлық денесiнде қатты ауырсыну мен бөткен мазасын алған.

Қарағанда: Т-37,2С, қатты жүдеген, акроцианоз, бетiнiң, басының, денесiнiң жоғарғы жағының, қолдарының терiсiнде көп мөлшерде, бiр-бiрiмен бiрiккен везикулззды – пустулезды бөртпе.Ауыз қуысында, коньюктивада ұсақ жаралар, ақ жабындымен жабылған. Желке бұлшық еттерiнiң региттiлiгi 2 к/с. Өкпесiнде тыныс алуы әлсiзденген, жоғары бөлiгiнде ылғалды сырылдар. Тыныс алуы минутына 30 рет, жүрек тондары тұйықталған, пульсы 116 рет, АҚҚ-85/50 с.б.б. Үлкейген лимфа түйiндерi, бауыр, көкбауыр пальпацияланады.Жыныс ағзалары аймағында көптеген кандиломалар. Аяғында – микоз.

Анамнезiнде: наркоман, қайыршы, қатты ауырған, сонғы 1 ай бойы төсек тартып жатқан, гетеросексуалист

Зерттегенде: қақырығынан пневмоцистер бөлiнген.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. пневмоцистi пневмония

2. АИВ-инфекциясы, жедел түрi

3. орнитоз

4. легионеллез

5. АИВ-инфекциясы, екiншiлiк көрiнiстер кезеңi

64..Науқас С., 30 жаста, дәрiгерге субфебрильдi температураға, әслiздiкке, тершеңдiкке, құрғақ жөтелге, ендiгуге, анда-санда жиi нәжiсi болатынына шағымданып келдi. Ауырғанына 1,5 ай болған. Өздiгiнен емделген: тетрациклин, бронтолитиктер iшкен. Жөтелi күшейген, ентiгу пайда болған, әлсiздiгi көбейiп, түнде қатты терлеген.

Эпиданамнезi: бұдан жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Босағаннан кейiн жедел түрде ЖРВИ- мен ауырған. Содан берi өзiн сезiнуi бұзылған: әлсiздiк болып, температурасы көтерiлген, сұйық нәжiс болған, жиi фурункулезбен және герпеспен ауырған. Шикi сүтпен жұмыртқаны жақсы көредi. Кенеттен жыныстық қатынаста болған. Тiстерiн емдеткен.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, жүдеу. Терiсi бозғылттау, ернiнде, мұрнында герпетикалық бөртпелер. Тiлiнде шашты лейкоплатия түрiнде өзгерiстер бар.Тыныс алуы жиiлеген, үнемi жөтеледi, қақырығы сирек қиындықпен түседi. Өкпесiнде перкуторлы – кеуде клеткасының алдынғы жоғарғы бөлiктерiнде аздаған тимпанит, жауырын ортасында дыбыстың қысқаруы байқалады. Аускультативтi: өкпесiнде тынысы қатайған, құрғақ және ылғалды сырылдар жауырын ортасы аймағында орналасқан. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, iшi жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры аздап үлкейген. Нәжiсi ботқа тәрiздес, патологиялық қоспалар жоқ.ЖҚА- лейкопения, анемиея, ЭТЖ жылдамдаған. Өкпенiң рентгенограммасында: өкпе суретi күшейген, кейбiр жерiнде пневмотизациясы жоғары /буллездi эмфизема/ түбiрлерi кеңiген.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. грипп, пневмониямен асқынған

2. Қу-қызба, бронтопневмониялық түрi

3. РС-инфекция

4. АИВ-инфекция,пневмоцистты пневмония

5. микоплазмалы инфекция

Тiлме

1 Тілменің эритематозды түріне сәйкес келмейтін тұжырым:

1.жоғары қызба

2.бас ауруы, гиперемия

3.қабыну ошағындағы ісіну

4.қабыну ошағындағы геморрагия

5.лимфа түйіндерінің ұлғаюы

2.Біріншілік тілме кезіндегі қабыну ошағының ең жиі орналасатын жері:

1.бөксе

2.аяқ

3.дене

4.қол

3.Пенициллин қай аурудың емінде қолданылады:

1.тырысқақ

2.тілме

3.трихинеллез

4.бруцеллез

5.инфекциялық мононуклеоз

4..Бiрiншiлiк тiлменiң клиникалық түрiне жатпайды:

1. эритематозды формасы

2. эритематозды-буллезды формасы

3. эритематозды-гемморагиялық формасы

4. буллезды геморрагиялық формасы

5. карбункулдi

5.Тiлме клиникасында негiзгi синдром:

1. интоксикация синдромы

2. диарея синдромы-интоксикация синдромы

3. интоксикация синдромы терi зақымдалу синдромы

4. интоксикация синдромы-артралгиялық синдром

5. менингеальды синдром

6.Тiлменiң эритематозды түрiне тән емес белгiнi атаңыз:

1. "жалын" тәрiздес тiлдiк эритема түрi

2. терi инфильтрациясы

3. терi асты майы клетканың iсiнуi

4. перифериялық валиктiң ауырсынуы

5. геморрагиялық көпiршiктер

7. Қайталанған тiлме диагнозы қай кезде қойылады:

1. екi аптадан кейiн

2. 1 ай

3. 3 айдан кейiн

4. 6 айдан кейiн

5. 2 жыл және одан көп

8..Тiлменiң асқынбаған түрiнде қолданылмайтын ем:

1. антибактериальды терапия

2. десенсибилизивтi терапия

3. қабынуға қарсы терапия

4. иммундық қалыптастыру терапиясы

5. жараны хирургиялық тазалау

9. Тiлменiң асқынбаған түрiндз қолданылмайтын ем:

1. антибактериальды терапия

2. десенсибилизивтi терапия

3. қабынуға қарсы терапия

4. иммундық қалыптастыру терапиясы

5. серотерапия

10.Тiлмеден кейiнгi қалыптасатын асқыну:

1. тұрақты лимфостаз

2. флегмона

3. абсцесс

4. терi некрозы

5. тромбоздар, тромбофлебит

11.. Тiлменiң қайталанған түрiнiң алдын алу мақсатымен қолданылады

1. бициллин

2. пенициллин

3. винилин

4. хлотазол

5. олеандомицин

12..Тiлме ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарына жатпайтын әдiс:

1. қанның жалпы анализi

2. қанның зәр анализi

3. жергiлiктi ошақтан бактериологиялық егу

4. қандағы қант сорпасына бактериологиялық зерттеу

5. терi аллергиялық сынау

13. Тiлменi емдеуде не қолданылмайды:

1. арнайы сары су

2. антибиотиктер

3. қан алмастырғаш сұйықтықтар

4. антигистаминды препараттар

5. иммуномодуляторлар

14. Тiлменi емдеуге көбiнесе қолданылады:

1. пенициллин

2. гемодез

3. индометацин

4. метилурацил

5. имодиум

15.. Тiлме асқынуына не жатпайды:

1. инфекция токсикалық шок

2. абсцесс

3. флегмона

4. гипволемиялық шок

5. ГВШ

16..Тiлме асқынуына не жатпайды:

1. инфекция токсикалық шок

2. абсцесс

3. флегмона

4. гипволемиялық шок

5. терiнiң жарсы және некрозы

17.Тiлменiң емiнде негiзгi пайдаланатын препарат:

1.пенициллин

2.эритромицин

3.левомицетин

4.тетрациклин

5.бисептол

18. Бiрiншiлiк тiлменiң клиникалық түрiне жатпайды:

6. эритематозды формасы

7. эритематозды-буллезды формасы

8. эритематозды-гемморагиялық формасы

9. буллезды геморрагиялық формасы

10. карбункулдi

20..Тiлменiң дамуына себепкер факторлардың қатарына кiрмейдi:

1. адамның

2. әлеуметтiк фактор

3. жыныс

4. жасы

5. қосымша тамыр ауруларының болуы

21.. Клиникалық жiктелуiне байланысты тiлменiң дұрыс вариантын көрсетiңiз:

1. жедел, жеделдеу, созылмалы

2. бiрiншiлiк, екiншiлiк, рецидивтiк

3. бiрiншiлiк, рецидивтiк, қайталанған

4. бiрiншiлiк, созылған, созылмалы

5. рецидивпен, рецидивсiз

22..Жергiлiктi өзгерiстерге байланысты тiлменiң түрлерiне кiрмейдi:

1. эритематозды

2. эритематозды-буллездi

3. эритематозды-жаралы

4. эритематозды-геморрагиялық

5. буллездi-геморрагиялық

23..Тiлмедегi интоксикациялық синдромға тән емем:

1. қалтырау

2. жоғары температура

3. құсу, сандырақтау

4. геморрагиялық бөртпе

5. бас ауру

24.Біріншілік тілмеге тән емес:

1.аурудың жедел басталуы

2.теріде айқын шекарасы жоқ гиперемия аймағының пайда болуы

3.айқын интоксикация

4.лимфаденит

5.локальды ауырсыну

25.Тілменің созылмалы түрге ауысуына әкелетін факторларға жатпайды:

1.созылмалы пневмония

2.венозды жетіспеушілік

3.табан эпидермофитиясы

4.қантты диабет

26..Науқас М., 48 жаста, тромбофлебитпен ауыратын, жоғары 39-40 С температураға, қалтырауға, басының ауырғанына, құсқанға, оң жақ балтыр маңайының тырысып ауырғанына және қызарғанына шағымданып келдi.

Қарағанда: балтырының iшкi беткейiне таман айқын гиперемия мен инфильтрация, шеттерi тегiс емес, сау терiден айқын айырмашылығы бар, кейбiр жерлерінде iштерi серозды-геморрагиялық сұйықтыққа толған көпiршiктер бар. Лимфа түйiндерiнiң бойымен аздаған, инфильтрация және ауырсыну, шаптың лимфа түйiндерi де ауырсынады. Анамнезiнде: бұдан жарты жыл бұрын осы аяғында тiлме болған.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды-буллездi түрi

2. қайталанған тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

3. алғашқы тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

4. рецидивтiк тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

5. қайталанған тiлме, эритематозды-буллездi түрi

27..Келесi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жинағы қай ауруға тән: науқас В., 40 жаста, шопан. Аурудың екiншi күнi түскен. Шағымдары төмендегiдей: дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, бас ауруы, жүрегi айну, құсу, ауырсыну, оң жақ балтыр аймағында ашу сезiмi болған.

Жедел ауырған, қатыраумен дене температурасы 39.5 көтерiлген, әлсiздiк, жүрегi айнып, басы ауырып, құсқан. 1 тәулiктен кейiн оң жақ балтыр аймағында қызару, ауырсыну және iсiк пайда болған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,8С. Терiсi құрғақ, түсi өзгермеген. Оң жақ балтыр аймағында анық айқындалған ашық гиперемия, жалын түрiнде. Зақымдалған аймақ шетiнде перифериялық валик бар, ауырсынады. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 98 рет. АҚҚ120/60 мм.с.б.б. Тiлiн ақ түк басқан, iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Диурез және нәжiс қалыпты.

1. сiбiр жарасы, карбункулездi түрi

2. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды түрi

3. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды геморрагиялық түрi

4. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды-буллездi түрi

5. бiрiншiлiк тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

28..Келесi клинико –эпидемиологиялық белгiлер жинағы қандай ауруға тән: науқас Д., 35 жаста, зоотехник. Ауруының 2-шi күнi төмендегiдей шағымдармен түскен: дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, бұлшық етте ауырсыну, бас ауруы, жүрек айну, құсу., ұйқысының бұзылуы, сонымен қатар сол жақ аяғында сыздап ауырсынады.

Анамнезiнен: Ревматизммен есепте тұрады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Т-38,4С, терiсi құрғақ, түсi өзгермеген.Сол жақ балтырдың төменгi бөлiгiнде шекарасы анық, шетi тегiс емес, гиперемия, жалын тәрiздi, пальпацияда ауырсынады, бетiнде бiрнеше геморрагиялық көпiршiк бар, көпiршiк жарылған жерде қара қабыршақтар бар. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында V-Боткин нүктесiнде систоликалық шуыл естiледi. Пульсы минутына 100 рет. АКК-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi, зәрi қалыпты.

1. тiлме, эритематозды түрi

2. тiлме эритематозды-буллезды түрi

3. тiлме, буллездi геморрагиялық түрi

4. сiбiр жарасы, эдематозды түрi

5. сiбiр жарасы, карбункулездi түрi

29.. Төмендегi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жинағы қай ауруға тән: 25 жаста, геолог, ауруының 3-шi күнi түскен. Шағымы: қызбаның жоғарлауы, бас ауру, қалтырау, қызарған, сол жақ мықын аймағында ауырсыну.

Анамнезiнде: осы аурудан 2 ай бұрын емделген. 3 ай бұрын Сiбiрден зкспедициядан келген, кене шаққан.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, Т-37,4С. Терiсi құрғақ, қалыпты түстi, перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпеде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, пульсы минутына 78 рет, АҚҚ-120/60 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi және диурезi қалыпты, сол жақ бiлек аймағында көрнектi қызарған, шетi анық, тегiс емес, жалын тiлiне ұқсас, аймақты сипағанда ауырсынады, оның бетiнде серозды құрамды көпiршiк бар.

1. қайталама тiлменiң эритематозды буллезды формасы

2. рецидивтi тiлменiң эритематозды-буллезды формасы

3. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды буллезды формасы

4. сiбiр жарасының эдематозды формасы

5. иық флегмонасы

30.. Келесi клинико-эпидемиологиялық жағдайда диагнозды көрсетiңiз: науқас К., оң жақ балтырда ауырсынуға, қызару, iсiнуге, қалтырау, дене қызуының 39,5 С-ке жоғарлауына, жүрек айнып құсуына шағым жасайды. 3 күн бұрын бiрiншi рет жедел ауырған.

Эпиданамнезi: науқастың тұратын жерiнде сiбiр жарасымен ауырған жануар тiркелген. Өзi малшы болып жұмыс iстейдi.

Обьективтi: оң жақ балтырдың төменгi 1/3 бөлiгiнде анық, шетi тегiс, ашық қызыл түстi, "жалын" тәрiздес жара бар. Пальпацияда ауырсынады, бетiнде, iшiнде геморрагиялық сұйық бар екi көпiршiк анықталады, регинарлы лимфаденит.

1. сiбiр жарасы, терiлiк түрi

2. оба, терiлiк түрi

3. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды буллезды түрi

4. туляремия, жара бубонды түрi

5. iшек иерсиниозы, эритема





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2427 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.08 с)...