Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эпидемиялық бөртпе сүзегi



1.Эпидемиялық бөртпе сүзектiң таратушысы:

1. биттер

2. бүргелер

3. кенелер

4. үлкен масалар

5. шыбындар

2.Эпидемиялық бөртпе сүзектiң негiзгi көзi:

1. кемiргiштер

2. ауырған адам

3. биттер

4. тасымалдаушылар

5. мал-хайуандар

3. Эпидемиялық бөртпе сүзек кезiнде гранулемалар көбiнесе және айқын түрде қай жүйе-мүшенiң тамырларында орналасады:

1. тiрек-қимыл жүйесiнде

2. лимфа тамырларында

3. дем алу жүйесiнде

4. орталық нерв жүйесiнде

5. ас қорыту жүйесiнде

4. Эпидемиялық бөртпе сүзегiнiң бастапқы кезеңiне тән емес белгi

1. жедел басталуы

2. дене қызуының 38-40С-ке жоғарлауы

3. жоғарғы деңгейдегi интоксикация белгiлерi

4. петехиальды бөртпе

5. склера тамырларының иньекциясы

5.Бөртпе сүзегінің көрінісі болып табылмайды:

1.сырқаттың жедел басталуы

2.розеолезді петихиальды бөртпе

3.полиаденит

4.бас ауру

5.ұйқы бұзылуы

6.Риккетсиоздың емінде таңдаулы препарат:

1.аминогликозидтер

2.сульфаниламидтер

3.тетрациклин

4.рифампицин

5.нитрофурандар

7.Бөртпе сүзегімен зақымдалу жүреді:

1.қатынас арқылы

2.ауа-тамшы

3.қан сорғыш жәндіктер шаққанда

4.зақымдалған биттердің нәжісін теріге жаққанда

5.биттерді теріде езгенде

8.Тетрациклинді қолданады:

1.сіреспе

2.іш сүзек

3.геморрагиялық қызба

4.бөртпе сүзек

5.вирусты гепатит

9.Бөртпе сүзектің қоздырғышы:

1.спирохета

2.сальмонелла тифимуриум

3.микоплазма

4.риккетсия

5.хламидия

10.Бөртпе сүзегіне тән емес симптом:

1.жедел басталуы

2.менингеальды синдром

3.көкбауырдың ұлғаюы

4.”қоян көз”

5.көптеп дақты папулезді бөртпе

11.Бөртпе сүзегінің клиникалық белгісі болып табылмайды:

1.жедел басталуы

2.4-5 күннен бастап розеолезьды петихиальды бөртпе

3.бауыр және көкбауырдың ұлғаюы

4.іштің ауырсынуы

5.Говорова-Годелье симптомы, тіл треморы

12. Брилль ауруының себебi:

1. Провачек риккетсияларымен зақымдану

2. Бернет риккетсияларымен зақымдану

3. организмдегi латентты риккетсиялардың белсенділiгi жоғарлауы

4. Брилль ауруымен науқастанған адаммен қарым-қатынаста болуы

5. әлеуметтiк-тұрмыс жағдайының нашар болуы

13. Эпидемиялық бөртпе сүзектiң негiзгi профилактикалық түрi

1. вакцинация

2. тимиопрофилактика

3. тұрмыстық жағдайды және санитарлық мәдениеттi арттыру

4. дезинсекция

5. санитарлық-ағарту жұмыстары

14.52 жастағы науқас дене қызуының 39С-қа жоғарлауына, басы, бұлшық еттерiнде ауырсыну, жөтел пайда болуынан жедел ауырған.келген дәрiгер пневмония диагнозын қойып, ем жазып бердi. Сырқатының 5-шi күнi дене қызуы 38,8С, басы қатты ауырып мазалайды. Бiраз көтерiңкi, көп сөйлей бередi. Бетi қызарған, екi көзi "қоян көзi" тәрiздес. Денесiнiң екi қырында көп мөлшерлi розеолезьды-петехиальды бөртпелер.Өкпесiнде аздаған құрғақ сырылдар. Тыныс алу жиiлiгi 24 минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсы 120 минутына. Ақ-100/70 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Көрсеткенде тiсiнен тыс әзер шығарады.

Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, көкбауыры үлкейген. Ауырар алдында моншадан кейiн iшкi киiмiнде бит табылған.

Диагнозын қойып бзрiңiз:

1. кенелiк бөртпе сүзегi

2. эпидемиялық бөртпе сүзегi

3. менингококкты инфекция, менингококкцемия

4. грипп, геморрагиялық түрi

5. лептоспироз

15. 65 жастағы науқас сырқатының 5-шi күнi дене қызуының жоғарлауына, басының ауырғанына, әлсiздiкке шағымданып емханаға келдi.

Анамнезiнде: дизентериямен, пневмониямен, iш сүзекпен, зпидемиялық бөртпе сүзекпен ауырған. қазiргi кезде пенсияда, көбiнесе дачада тұрады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5С, белсендiлiгi жоғары, көп сөйлей бередi. Склера тамырлары және коньюктивалары иньекцияланған. Денесiнде, аяқ-қолында көптеген розеолезды бөртпелер, арасында бiрен-саран петехийлары. Терiсi жалпы гиперемияланған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған, ритмдi. Пульсi минутына 88 соғу. Ақ-140/80 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен басылған, iшi бiраз кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, тығыздау, өт, қалта аймағында ауырсынады. Көкбауыры үлкеймеген. Үлкен дәретi 3 күн бойы болмаған. Зәр шығару әрекетi дұрыс.

1. эпидемиялық бөртпе сүзек

2. Қу-қызба

3. Брилль ауруы

4. кенелiк бөртпе сүзек

5. iш сүзегi





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1528 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...