Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сібір жарасы



1.Сібір жарасы кезінде инфекция көзі:

1.ауылшаруашылық малдар

2.адам

3.жәндіктер

4.өзен балығы

2.Сібір жарасы кезіндегі инфекцияның кіру қақпасы:

1.тыныс алу жолының шырышты қабаты

2.жараланған тері

3.коньюктива

4.асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаты

3.Сібір жарасы патогенезінің негізгі факторы:

1.аутоаллергия

2.иммуносупрессия

3.токсинемия

4.вирусемия

4.Сібір жарасы карбункулына тән:

1.тіндердің айқын ісінуі мен қатты ауырсынуы

2.айқын ісіну бірақ ауырсыну жоқ

3.тіндердің ісінуі жоқ бірақ ауырсынады

4.тіндерде ауырсыну да ісінуде жоқ

5.Сібір жарасы диагностикасындағы негізгі әдіс:

1.бактериологиялық

2.биологиялық

3.серологиялық

4.бактериоскопиялық

5.аллергологиялық

6.Сібір жарасы кезіндегі аймақтық лимфаденитке тән:

1.лимфа түйіндерінің ауырсынуымен тез іріңдеуі

2.лимфа түйіндері ауырсынуы бірақ іріңдеуі жоқ

3.лимфа түйіндерінің ауырсынуда, іріңдеуі де болмайды

4.лимфа түйіндердің ауырсынуы жоқ бірақ іріңдеген

7.Сібір жарасы терілік түрінің типтік формасы:

1.эризепелоидты

2.эдематозды

3.буллезді

4.карбункулезді

8.Сібір жарасы терілік түрінің негізгі емі:

1.Вишневский мазымен таңу

2.антибактериалды терапия

3.карбункулді ашып дренирлеу

4.карбункулді кесу

9.Сібір жарасы кезінде инфекцияның берілу жолы:

1.қатынасты

2.алиментарлы

3.трансмиссивті

4.ауа-шаң

5.парентеральды

10.Сiбiр жарасының негiзгi тарау жолы:

1. контактiлi

2. алиментарлы

3. трансмиссивтi

4. ауа-шаң арқылы

5. парентеральды

11. Сiбiр жарасының ең жиi кездесетiн клиникалық түрiн көрсетiңiз:

1. карбункулезды

2. эдематозды

3. буллезды

4. тiлме тәрiздi

5. септикалық

12. Сiбiр жарасының карбункулына тән емес белгi:

1. iсiк

2. струп

3. лимфаденит

4. жас везикулалар

5. қатты ауырсыну

13.Сiбiр жарасы карбункулдың қай жерге орналасқанда қауiптiлiгi жоғары болады:

1. қол басында

2. бiлекте

3. аяқта

4. денеде

5. мойын мен бас аймағында

14..Қабыну ошағы маңайында пайда болатын жас везикулалардың шығуы қай ауруға тән:

1. тiлме

2. оба

3. сибирь жарасы

4. туляремия

5. стафилококкты инфекция

15. Сiбiр жарасында диагностикасының негiзгi әдiсi:

1. бактериологиялық

2. биологиялық

3. серологиялық

4. аллергиялық

5. иммунофлюоресценттi

16.Сiбiр жарасының терiлiк формасында зерттеуге алынатын зат:

1. жара бөлiнiсi

2. пустула құрамы

3. қан

4. нәжiс

5. жара бөлiнiсi, пустула құрамы, қан

17.Антраксинмен қойылатын терiлiк аллергиялық проба қай аурудың диагностикасында қолданылады:

1. туляремия

2. оба

3. бруцеллез

4. сiбiр жарасы

5. токсоплазмоз

18.Сiбiр жарасының емдеуiне қолданбайды:

1. пенициллин

2. цеприн

3. левомецитин

4. гентамицин

5. делагил

19.Сiбiр жарасында жақсы әсер беретiн ем үйлестiруiн көрсетiңiз:

1. пенициллин және цеприн

2. пенициллин және стрептомицин

3. антибиотиктермен спецификалық гамма-глобулин

4. антибиотиктермен иммуномодуляторлар

5. антибиотиктермен гормондар

20. Сiбiр жарасының терiлiк формасының жиi кездесетiн түрiн көрсетiңiз:

1. эдематозды жеңiл түрi

2. карбункулездi

3. буллездi

4. эризипелоидты

5. эдематозды, ауыр түрi

21. Сiбiр жарасының терiлiк түрiне тән емес белгi:

1. некроз аймағында ауырсынбайтын карбункулдың қалыптасуы

2. лимфа түйiндердiң iрiңдеуi

3. карбункул маңайында дiрiлдек тәрiздi iсiну болуы

4. жараны жас везикулалар қоршау

5. жарадан серозды – геморрагиялық бөлiнiстер шығу

22.Сiбiр жарасының септикалық түрiнде болмайтын зақым:

1. пневмония

2. серозды-геморрагиялық плеврит

3. токсико-инфекциялық шок

4. бүйрек карбункулы

5. өкпенiң геморрагиялық iсiнуi

23.Сібір жарасы кезіндегі жергілікті қабыну түрі:

1.фибринді

2.продуктивті пролиферативті

3.серозды геморрагиялық

4.іріңді

24.Сібір жарасы карбункулына тән емес:

1.тері гиперемиясының болмауы

2.жұмсақ тіндердің айқын ісінуі

3.аймақты ауырсыну

4.карбункул ортасында қара струптың болуы

5.лимфаденит

25.Лимфаденит кездесетін ауру:

1.сібір жарасы

2.кене энцефалиті

3.бөртпе сүзек

4.орнитоз

5.тұмау

26.Сібір жарасы емінде қолданбайды:

1.пенициллин

2.сульфаниламид

3.левомицетин-сукцинат

4.арнайы иммуноглобулин

5.цефалоспорин

27.Сiбiр жарасының диагностикасында қолданылатын негiзгi әдiс:

1. аллергиялық

2. серологиялық

3. бактериологиялық

4. бактериоскопиялық

5. иммунофлюоресценттi

28. Сiбiр жарасының өкпелiк түрiне тән емес белгi:

1. сырқаттың бiртiндеп басталуы

2. катаральды белгiлер

3. өкпесiнде сұққылаған ауырсыну, демiкпе, цианоз

4. қақырықта қан араласу

5. өкпе плеврасының үйкелену дыбысының естiлуi

29.Сiбiр жарасының емдеуiне қолданылмайтын препарат:

1. пенициллин

2. тетрациклин

3. фуразолидон

4. гентамицин

5. левомецитин

30.Төмендегi симптомдар жинағына сәйкес нозологияны көрсетiңiз:

Терiсi үстiнде қан араласқан сұйықтық толған, қызғылт түстi инфильтративтi орналасқан пустула шығып, бiраздан кейiн жарылып, ойық жараға ауысқан, оның түбi қоңыр қабыршақпен жабылып, қатты ауырсынады.

1. туляремия, терiлiк –бубонды формасы

2. оба, терiлiк-бубонды формасы

3. сiбiр жарасы, тзеiлiк формасы

4. тiлме, буллездi геморрагиялық форма

5. АИВ ауруы, екiншiлiк көрiнiстерi, Капоши-саркомасы

31.Науқас Р., 40 жаста, терi заводының жұмыскерi, ауруханаға төмендегiдей шағымдармен түстi: дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, шаршағыштық, оң жақ қолының басында жара пайда болу. 2 күн бұрын жедел ауырған. Дене қызуы 38-39С-қа дейiн жоғарлап, басы ауырып, өзiнiң әлсiрегенiн сезген. Оң жақ қол басында қышыма дақ пайда болып, бiр тәулiктiң iшiнде қара қабыршақпен басылған, маңайы қызарып бөрткен жараға айланды.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,8С. Терi жабындысы құрғақ, түсi өзгермеген. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 90 соғу, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Тiлi ақ түкпен жабылған. Iшi жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Оң жақ қолында айқын iсiк бар, қолының сыртқы бетi ауырсынусыз. Ортасында 3х4 см көлемiндегi қара қабыршақпен жабылған жара, маңайында ұсақ көпiршiктермен қоршалған.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. сiбiр жарасы, карбункулездi түрi

2. оба, терiлiк түрi

3. туляремия, жаралық - буллездi түрi

4. тiлме, эритематозды – буллездi түрi

5. тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

32.22 жастағы науқас, мал базасының жұмысшысы дәрiгерге оң жақ бiлегiнiң iсiнуiне, ортасында ойық жара қалыптасуына, енжарлыққа дене қызуының жоғарлауына шағымданып түстi.

2 күн бұрын жедел ауырған. Алдымен шаршағыштығын, енжарлық сезiнiп, бiлегi қыши бастады. Кешке жақын қолы iсiп қызарып, ортасында ойық жара қалыптасты. Дене қызуы 39С-қа дейiн жоғарлады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолы iсiнген.Ортасында 4х5 көлемдегi, қара құрғақ қотырланған ойық жара. Маңайы қызарумен қоршалған, шеттерiнде везикула түрiнде бiрнеше элементтер шыққан. Сипап қарағанда жара ауырмайды, iрiңдi бөлiнiс байқалмайды. қолтық асты лимфа түйiндерi үлкейген түрде пальпацияланады.Iшкi ағзалар жағынан өзгерiссiз.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. туляремия-жаралы бубонды түрi

2. оба, терiлiк-бубонды түрi

3. сiбiр жарасы, терiлiк түрi

4. стафилококкты инфекция, карбункул

5. тiлме, буллезды-геморрагиялық түрi

33.Науқас В., 40 жаста. Ауырар алдында 4 күн бұрын ауру сиырдың етiн бұзған. Ауруханаға 2 күннен кейiн төмендегiдей шағымдармен түстi: дене қызуының жоғарлауы, қатты қалтырау, кеудесiнде сұққылап ауырсыну, түшкiру,қан араласқан қақырықты жөтел, iшiнде кескiлеп ауырсыну.

Қарағанда: жағдайы өте ауыр, дене қызуы 40С. Есi адасқан, терiсi көгерген. Өкпесiнде перкуторлы дыбыс тұйықталған, төменгi бөлiгiне қарай абсолюттi тұйықтыққа ауысқан, дымқыл ұсақ көпiршiктi сырыл бар. АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Iшi кепкен, пальпацияда ауырсынады. Динамикасында науқас жағдайы нашарлады,ентiкпе көбейдi, пульсi жiпше тәрiздi саналмайды. АҚҚ-60/0 мм.с.б.б. Кофе қоюындай құсық пайда болды. қара түстi нәжiс. Өкпе, жүрек жетiспеушiлiгiнен науқас қайтыс болды.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. сiбiр жарасы, өкпелiк түрi

2. оба, бiрiншiлiк өкпелiк түрi

3. крупозды пневмония

4. туляремия, өкпелiк түрi

5. бүйрек зақымдауымен өтетiн геморрагиялық қызба





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1117 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...