Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Токсоплазмоз



1.Адамның токсопалзмозбен зақымдану жолы:

1.тамақ арқылы

2.трансмиссивті

3.қарым-қатынас арқылы

4.ауа-шаң

2.Токсоплазмоз кезінде инфекция көзі:

1.адам

2.мысық тұқымдас жануарлар

3.ірі қара мал

4.шошқа

3.Адам организмінде токсоплазмоздың өмір сүру кезеңіне жатады:

1.спорогония

2.эндодиогения (ішкі бөліну)

3.гаметогония

4.шизогония

4.Токсоплазмоз кезіндегі иммунитет:

1.стерильді тұрақты

2.стерильді тұрақты емес

3.тұрақты стерильді емес

4.стерильді емес, тұрақты емес

5.Латентті түрінде токсоплазмоз адам организмінде кездеседі:

1.ооцист

2.псевдоцист

3.тахизоито (эндозоит)

4.тіндік цист

6.Токсаплозмоздың этиотропты емінде қолданылатын препарат:

1.хлоридин (пириметамин)

2.пенициллин

3.хлоррохин (делагил)

4.метронидазол (трихопол)

7.Токсоплазмоздар құрамайтын форманы көрсетiңiз:

1.вегетативтi

2.негiзгi цисталар

3.псевдоцисталар

4.ооцисталар

5.споралар

8..Токсоплазмоз мәселесiнiң маңыздылығын тудыратын факторлардың қатарына жатпайды:

1.қоздырғыштардың табиғатта кең таралуы

2.адамдардың көп мөлшерде зақымдануы

3.инфекцияның анадан балаға берiлу мүмкiншiлiктерi

4.бактериологиялық қару қатарына енуi

5.өлiмге әкелетiн ауыр ағыммен өтуi

9.Токсоплазмоздың негiзгi көзi:

1.иттер

2.ауырған адам

3.тасымалдаушы

4.мысықтар

5.кемiргiштер

10.Қай организмде токсоплазмоздың ішектік фазасы жүреді:

1.адамда

2.шошқада

3.ірі қара малда

4.мысықта

11.Токсоплазмозға тән емес тарау жолын көрсетiңiз:

1.алиментарлы

2.жарақаттанған терi және шырышты қабаттар арқылы

3.трансмиссивтi

4.трансплацентарлы

5.гемотрансфузия арқылы

12..Токсоплазмозды жұқтырған кезде адам организмiне қоздырғыш қай түрде түседi:

1.вегетативтi

2.негiзгi циста

3.песевдоциста

4.ооциста

5.спора

13.Токсоплазмоздың клиникалық формаларына жатпайтыны:

1.туа бiткен

2.жүре пайда болған

3.жедел

4.созылмалы

5.үздiксiз-рецидивтi

14.Токсоплазмоздың қай формасы екi қабат әйелдiң iшiндегi баласына қауiптiлiк туғызады (туа бiтетiн токсоплазмоз даму жағдайы)

1.латенттi

2.жедел токсоплазмоз

3.бiрiншiлiк созылмалы токсоплазмоз

4.екiншiлiк созылмалы токсоплазмоз

5.екiншiлiк летенттi токсоплазмоз

15.Жедел токсоплазмозда зақымданатын ағзалардың қатарына кiрмейдi:

1.көз

2.бауыр, көкбауыр

3.нерв жүйесi

4.асқазан-iшек жолдары

5.миокард

16.Балалардағы туа бiткен токсоплазмозда болатын өзгерiстердiң қатарына кiрмейдi:

1.микрофтальма

2.гидрооцефалия

3.микроцефалия

4.жүректiң туа бiткен аурулары

5.олигофрения

17. Ооциста түрiнде мысықтардан жұғып, кей кезде генерализивтi инфекция болып, клиника бойынша қызбамен, интоксикациямен әр түрлi жүйе-мүше, әсiресе орталық нерв жүйе зақымдауымен өтетiн, зақымға ұшыраған ағзалардың iшiнде некроз ошақтары мен кальцификат құратын ауру:

1.құтыру ауруы

2.кенелiк энцефалит

3.жедел токсоплазмоз

4.латенттi токсоплазмоз

5.эпидемиялық бөртпе сүзегi

18.Жедел токсоплазмозға тән емес клиникалық белгi:

1.айқын интоксикация

2.энцефалит

3.миокардит

4.ортит

5.хорэоретинит, иридоциклит

19.Созылмалы токсоплазмозға тән емес клиникалық белгi:

1.субфебрилитет

2.лимфаденопатия

3.нейро-циркуляторлы дистония

4.полиартрит

5.көз зақымдануы (увеит, тореретинит)

20.Токсоплазмоздың диагностикасына қолданбайтын әдiс:

1.микроскопиялық

2.иммунофлюроценттi

3.серологиялық

4.бактериологиялық

5.аллергиялық

21.Жедел токсоплазмоздың этиотропты емдеуiне қолданбайтын препарат:

1.хлоридин

2.сульфадиметоксин

3.солянокислый эметин

4.аминотинолин

5.делагил

22.Созылмалы токсоплазмоздың клиникалық белгілеріне жатпайды:

1.салмағын жоғалту

2.созылмалы субфебрилитет

3.лимфаденопатия

4.гепатомегалия

5.хориоретинит

23.Келесi клиника және эпидемиологиялық ситуация қай ауруға тән: 21 жастағы науқас., сырқатының 2-шi аптасында ауруханаға түстi: шағымдары: ұстама тәрiздi түрде басы ауырып, жүрегi айныды, анда-санда құсады, екi көзiнiң алдында бұлдырап қосарланып көру пайда болған. Сырқат жедел басталған. Ауырар алдында 1 ай бұрын ЖРВА ауырған, үйiнде 2 мысық ұстайды екен.

Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, есi анық, контактiлi. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкейген (фасоль көлемiне дейiн). Денесiндегi дақты бөртпелер қайту стадиясында. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Бауыры бiраз ұлғайған. Неврологиялық статус: тура қарағанда-диплопия, көз алмасының қоздырғышы бiраз шектелген түрде. Сол қалпында болар-болмас гиперкинез. Жұлынның пункциясы жасалынған-қысымы жоғарлаған, белок-0,99г/л, цитоз-110, нейтрофильдер-37%, лимфоциттер-63%. Науқасқа белгiсiз зтиологиялы серозды менингит диагнозы қойылып, пенициллин және стрептомицин ем жүргiзiлген. Бiрақта сырқатының 17-шi күнiнде науқаста эпилепсия тәрiздi дiрiлдеу пайда болған. Жағдайы бiр айдан кейiн хлоридин мен метранидазол қолданудан жақсарды.

1.менингококкты инфекция, менингоэнцефалит

1. энтеровирусты инфекция, серозды менингит

2. жедел токсоплазмоз, менингоэнцефалит

3. ЖРВА, серозды менингоэнцефалит

4. туберкулез, менингоэнцефалит





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 795 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...