Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дифтерия



1.Дифтерияның қоздырғышы қай тұқымдасқа жатады:

1.нейсериялар

2.коринебактериялар

3.кампилобактериялар

4.стрептококктар

2.Дифтерия қоздырғышы болып табылады:

1.спора түзуші және грамм теріс

2.грамм теріс және спора түзбейтін

3.спора түзбейтін және грамм оң

4.грамм оң және спора түзуші

3.Сыртқы ортада дифтерия қоздырғышы:

1.тұрақты емес

2.аздап тұрақты

3.тұрақтығылы ұзағырақ

4.тұрақты

4.Дифтерия кезінде инфекция көзі болып табылады:

1.сау бактерия тасымалдаушы

2.атиптік формамен сырқаттанушы

3.типті формамен сырқаттанушы

4.реконвалесценттер

5.Дифтерия инфекциясының берілу жолы:

1.тұрмыстық-қатынас арқылы

2.ауа-тамшы

3.трансмиссивті

4.су арқылы

6.Дифтериямен ауырғаннан кейінгі иммунитет:

1.белсенді антибактерияльды

2.белсенді антитоксикалық

3.белсенді емес антибактериальды

4.белсенді емес антитоксикалық

7.Дифтерия патогенезінің негізгі факторы:

1.экзотоксинемия

2.эндотоксинемия

3.бактериемия

4.экзо және эндотоксинемия

8.Жұтқыншақ дифтериясы кезінде бактериологиялық зерттеуде алынатын материал:

1.қан

2.қақырық

3.мұрын жұтқыншағынан алынған жағынды

4.нәжіс

5.зәр

9.Дифтериялық круптың дамуында негізгі фактор:

1.тыныс алу орталығының зақымдалуы

2.бұлшық ет тонусының жоғарлауы

3.тыныс алу жолдарының аспирациялық асфиксиясы

4.көмей шырыш қабығының ісінуі

10.Қазіргі уақытта дифтерияда зақымдалу тән:

1.мұрынның

2.жұтқыншақтың

3.көмейдің

4.трахеяның

5.терінің

11.І-ші дәрежелі ауыз жұтқыншақ токсикалық дифтериясы кезінде тері асты шел қабатының ісінуі тарайды:

1.жақ асты лимфатүйіндері айналасына

2.бірінші терілік қатпарға дейін

3.бұғанаға дайын

4.бұғана астына

12.Жұтқыншақ дифтериясы кезінде таңдай бадамшаларындағы жабынды түрі:

1.фибринозды

2.іріңді

3.іріңді фибринозды

4.жабынды жоқ

13.Жұтқыншақ дифтериясы кезінде таңдай бадамшаларының ұлғаю себебі:

1.лимфоидты тіннің гиперплазиясы

2.бадамшалардың ісінуі

3.бадамшалардың қабынуы

4.лимфоидты тіннің гиперплазиясы+бадамша ісіну

14.Дифтериямен сырқаттанудың алғашқы мерзімінде (2-3-ші күн) өлім себебі болып табылады:

1.миокардит

2.полиневропатия

3.жедел тыныс алу жетіспеушілігі

4.инфекция токсикалық шок

15.Дифтериямен сырқаттанудың кеш мерзімінде (2-ші апта және соңы) нерв жүйесінің зақымдану түрі:

1.менингит

2.полинейропатия

3.энцефалит

4.психикалық бұзылыстар

16.Дифтерияның ауыр түрінде бүйрек зақымдалу өтеді:

1.пиелонефрит

2.глюмерулонефрит

3.токсикалық нефроз

4.гидронефроз

17.Жұтқыншақ дифтериясының жабынды формасын қай аурумен салыстырады:

1.коккты этиологиялы лаконарлы баспа

2.ауыз жұтқыншақтың токсикалық және термиялық күюі

3.Симановский-Винцент баспасы

4.ауыз жұтқыншақтың шырыш қабаттарының зақымдануы

5.афтозды стоматит

18.. Дифтерия қоздырғышының негiзгi патогенездiк факторы болып табылады

экзотоксин

нейраминидаза

гиалуронидаза

дермотонекротоксин

гемолизин

19.Дифтерияның ауыз жұтқыншақтық, субтоксикалық түрі көбінесе қай ауруға ұқсас:

1.эпидемиялық паротитке

2.іріңді паротитке

3.паротонзилярды абсцесске

4.жақ астыңғы іріңді лимфоденитке

5.мойын лимфо түйіндерінің туберкулезіне

20.Дифтерия диагностикасының негізгі әдісі:

1.эпидемиологиялық

2.клиникалық

3.бактериологиялық

4.серологиялық

5.биологиялық

21.Жұтқыншақтың токсикалық дифтерияның негізгі емдеу әдісі:

1.этиотропты спецификалық

2.этиотропты спецификалық емес

3.дезинтоксикациялық спецификалық

4.дезинтоксикалық спецификалық емес

5.симптоматикалық

22.Жұтқыншақ дифтерияның локалды түрінің спецификалық еміне 1-ші күндерінде енгізілетін дифтерияға қарсы сарысудың бастапқы дозасы (АБ-мың):

1.20 мың АБ

2.40 мың АБ

3.60 мың АБ

4.80 мың АБ

5.100 мың АБ

23. Жұтқыншақ дифтерияның токсикалық түрінің спецификалық еміне 1-ші күндерінде енгізілетін дифтерияға қарсы сарысудың бастапқы дозасы (АБ-мың):

1.40 мың АБ

2.60 мың АБ

3.80 мың АБ

4.100 мың АБ

5.150 мың АБ

.24.Клетка белогының биосинтезiн жою, клеткаларды өлтiру қасиетi мынандай заттың әсерiнен болады:

1. экзотоксиннiң

2. эндотоксиннiң

3. гиалуронидазаның

4. геолизиннiң

5. диффузды фактордың

25..Көбiнесе дифтерияның ауыр ағымын тудыратын қоздырғыш:

1.gravis түрi

2.mitis түрi

3.intermedius түрi

4.түргз байланыссыз

5.mitis және intermedius түрi

26..Дифтерияда инфекция көзi ретiнде эпидемиялық қауiптi болып саналатын:

1. локальды түрiмен ауыратындар

2. таратылған түрiмен ауыратындар

3. араласқан түрiмен ауыратындар

4. терi дифтериясымен ауырғандар

5. бактериотасымалдаушылар

27.Антитоксинді сарысуларды қай аурудың емінде қолданады:

1.эхинококкоз

2.инфекциялық мононуклеоз

3.лептоспироз

4.дифтерия

5.псевдотуберкулез

28..Дифтерияда инфекция көзi болып саналады:

1. адам

2. үй жануарлары

3. жабайы жануарлар

4. кемiргiштер

5. құстар

29.Төменгі көрсетілген сипаттардың қайсысы дифтерияға тән:

1.патогенездің ең маңызды негізі бактериемия

2.айқын түрдегі гепатолиенальды синдром анықталады

3.патогенездің негізінде токсин әсері жатыр

4.ауыз жұтқыншақтың шырышында жайылған іріңді жабындылар тән

5.айқын полиеаденопатия тән

30..Дифтерияда инфекцияның негiзгi берiлу жолы:

1. қатынас арқылы

2. тұрмыстық қатынас арқылы

3. ауа-тамшы арқылы

4. парентеральды

5. ауа-шаң арқылы

31.Ауыз жұтқыншақ дифтерияға тән сипатты көрсетіңіз:

1.жақ астындағы лимфа түйіндер қатты ауырсынып маңайындағы тіндермен тығыз байланысады

2.баспа бездерінің, көмей доғаларының және таңдайдың шырышты қабаттарын фибринозды жабындылар басады

3.ауыз жұтқыншақтың обьективті зерттеуінде аранның қатты қызаруы айқындалады

4.ауыздың ашылуы кедергіленіп ауырсынады

5.сырқат айқын катаральды белгілерінен басталады

32..Дифтерияда инфекцияның ену қақпасы болып табылмайды:

1. көздiң шырышты қабаты арқылы

2. мұрынның шырышты қабаты арқылы

3. ауыз көмейiнiң шырышты қабаты арқылы

4. жыныс ағзаларының шырышты қабаты

5. терi қабаттары арқылы

33.Дифтерияның токсикалық түріне тән емес:

1.харектерлі асқыну-токсикалық гепатит

2.өлімнің негізгі себебі миокард зақымдалуы

3.сырқаттың басталуынан 6-8 аптадан кейін токсикалық полинейропатия дамуы мүмкін

4.кеуденің тері асты шел қабатына дейін тарайтын мойының тер асты шел қабатының ісінуі

5.тромбо геморрагиялық синдромның дамуы мүмкін

34.. Дифтерияның патогенезiнде маңызды роль атқаратын фактор:

1. экзотоксиннiң жергiлiктi әсерi

2. экзотоксиннiң жалпы токсикалық әсерi

3. айқын бактеризмия

4. организмнiң сенсибилизациясы

5. иммундық патологиялық реакциялар

35.Дифтерияға тән емес:

1.асфиксияның дамуы

2.жаралы-некротикалық баспа

3.жиі тыныс алу жолдары зақымдалады

4.көбінесе скарлатинамен салыстырмалы диагноз жұргізеді

5.жиі асқыну болып мокардит болып табылады

36. Дифтериядағы жабындының сипаттамасы:

1. катаральды

2. iрiңдi

3. iрiңдi-некротикалық

4. серозды-геморрагиялық

5. фибриндi

37.Дифтерия кезіндегі ем:

1.емді антибиотиктермен бастау

2.дифтерияға қарсы сары суды жабындының толық түсуіне дейін енгізу

3.жүрек гликозиттерін миокардит дамыған кезде қолдану

4.бактерия шығарушылардың негізгі емі болып дифтерияғ қарсы сары су табылады

5.емнің негізін дифтерияғ қарсы сары су құрайды

38. Дифтерияда қабыну болмайтын ағзаның шырышты қабатын көрсетiңiз:

1. трахея, бронхтар

2. көмей

3. мұрын

4. жұтқыншақ

5. көз

39.Дифтерияда орташа алғанда инкубациялық кезеңнiң ұзақтығы:

1. бiрнеше сағаттан бiр тәулiкке дейiн

2. 2-10 күн

3. 2-3 апта

4. 1,5-2 ай

5. 3 айдан жоғары

40.. Дифтерияның жиi кездесетiн клиникалық түрi:

1. көз дифтериясы

2. мұрын дифтериясы

3. көмзе дифтериясы

4. өңеш дифтериясы

5. терi дифтериясы

41. Дифтерияның локальды түрiнiң клиникалық белгiлерiне жатпайды

1. айқын қызба және интоксикация

2. жұтынғанда тамағының ауырсынуы

3. тығыз жабынды

4. миндалиндерiнiң iсiнуi

5. дауыс фонациясының әлсiздiгi

42.. Дифтерияның таралған түрiнiң клиникалық белгiлерiне жатпайды

1. қызбаның болуы, интоксикацияның болуы

2. тамағының ауруы

3. ауыз, көмей шырышты қабатының iсiгi

4. жақ асты аймақтың, терi асты клеткаларының iсiнуi

5. миндалиндердiң көлемiнен аса тараған, тығыз,бозғылт жабынды

43. Орталық нерв жүйесi жағынан полинейропатия түрiнде өтетiн асқыну қай ауруға тән.

1. псевдотуберкулезге

2. лептоспирозға

3. менингококкты инфекцияға

4. дифтерияға

5. инфекциялық мононуклеозға

44. Субтоксикалы дифтерияның клиникалық белгiлерiне жатпайтын белгi

1. тамағының ауырсынуы

2. ауыз-көмей iсiгi

3. миндалиндердiң шеттерiнен аса тарайтын тығыз жабынды

4. жақ асты лимфа түйiндерiнiң маңайында болатын iсiк

5. мойынның ортасына дейiн түсетiн терi асты клеткасының iсiгi

45. Токсикалық дифтерияның ІІІ-шi дәрежесiнде терi асты клетчаткасының iсiгiнiң таралуы.

1.жақ асты лимфа түйiндерiнiң аймағында

2.мойынның ортасына дейiн

3.бұғанаға дейiн

4.бұғанадан төмен

5.мойынның бiр жақ жартысына

46. Дифтерияда мiндеттi түрде бактериологиялық зерттеуге алынатын зат:

1.мұрын жұтқыншақтан алынатын жағынды

2.зәр

3.нәжiс

4.құсық

5.қан

47. Дифтерияның негiзгi емi:

1.антибактериальды

2.дезинтоксикациялық

3.арнайы/сарысу/

4.арнайы/гамма-глобулин/

5.гормондармен емдеуi

48. Дифтерияның арнайы профилактикасында қолданылады

1.өлген корпускулярлық вакциналар

2.тiрi вакцина

3.анатоксин

4.химиялық вакцина

5.бiрлiктiк вакцина

49. Дифтерияның профилактикасының негiзiне жатады:

1.сарысу енгiзу

2.вакциндер егу

3.гамма-глобулин енгiзу

4.анатоксиндзр енгiзу

5.сарысу және анатоксиндер енгiзу

50. Келесi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жиынтығы қай ауруға тән: Науқас 20 жаста, орта мектептiң мұғалiмi, сырқатының 5-шi күнi дене қызуының көтерiлуiне, салғырттыққа, жұтынған кезде тамағының ауырсынуына шағым айтады. Сырқаты жедел басталған.Температурасы 38 С-ке көтерiлген, қалтырау, басы ауру болған, бiраз уақыттан соң тамағында ауырсыну пайда болған.

Эпиданамнез: Мектепте бiрнеше оқушы жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырған.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта,Т-38,6С.Науқас салғырт,бозарған, мойынының ортасына дейiн терi асты клетчаткасының iсiгi байқалады. Ауырмайтын, үлкейген жақ асты лимфа түйiндерi пальпацияланады.Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ.Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 100 рет. Аққ 100/60 мм.с.б.б. Көмейде цианозды гиперемия,миндалиндерi ұлғайған,бiр-бiрмен бiрiгiп жатыр. Миндалиндердiң, тiлшенiң үстi тығыз, бозғылт кiр түстi жабындымен жабылған, жабындыны алған кезде астындағы ткань қанайды. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1. инфекциялық мононукулеоз

2. көмей дифтериясы

3. стрептококты ангина

4. туляремия, ангинозды-бубонды түрi

5. паратонзиллярлы абсцесс

51.Келесi клинико-эпидемиологиялық симптомдар жинағы қай ауруға тән: Науқас Д., 48 жаста, сырқатының 3-шi күнi дене қызуының көтерiлуiне, мұрнымен тыныс алудың қиындығына,мұрнынан жалқақ пен қан араласқан бөлiнiс.

Қарағанда: жағдайы орташа, дене қызуы 39С.Мұрын тесiгiнiң терiсiнде, жоғарғы ерiн тұсында, экскориация байқалады, мұрыннан жалқақты қан араласқан бөлiнiс, мұрын тесiктерi iсiнудiң әсерiнен тарылған,шырышты қабаты қызарған,мұрын қабырғаларында тығыздалған бозғылт кiр түстi жабынды, қиындықпен алынады,астындағы тканьдерi қанайды. Перифериялық лимфа түйiндерi ұлғаймаған, ауырсынбайды, өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ.Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 90 рет. АҚҚ-110/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ,ауырсынбайды, бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1. көмей дифтериясы, локальды түрi

2. аденовирусты инфекция

3. менингококкты инфекция, назофарингит

4. мұрын дифтериясы

5. риновирусты инфекция

52. Келесi клинико-эпидемиологиялық симптомдар жинағы көбiнесе қай ауруға тән: Науқас Р., 28 жаста, дене қызуының көтерiлуiне, қалтырауға, басы ауырғанына, тамағы ауырғанына шағым айтып түстi.Сырқаты жедел басталған,бұдан 2 күн бұрын дене қызуы қалтыраумен 39С-ке дейiн көтерiлдi, басы ауырды, құсты, кейiнiрек жұтынғанда тамағы ауырды.

Анамнезiнде-созылмалы тонзилит.

Қарағанда: жағдайы орташа,Т-39С, адинамия, терiсi құрғақ,өзгермеген.Терi асты клетчаткасының бiржақты iсiнгенi байқалады. Лимфа түйiндерi аздап ұлғайған, ауырмайды. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу,сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 90 рет. АҚҚ-110/70 мм.с.б.б. Көмейiнде цианозды қызару байқалады. Миндалиндерi iсiнген, тығыздалған, бозғылт, кiр түстi жабынды миндалиндерге,доғаларға,тiлшенiң үстiне жайылған, жабынды қиындықпен алынады,алынғанда астыңғы тканьдерi қанайды. Iшi жұмсақ,ауырмайды.Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1. көмей дифтериясы, жайылған түрде

2. көмей дифтериясы, локальды түрде

3. көмей дифтериясы, субтоксикалық түрi

4. көмей дифтериясы, токсикалық түрi,111-шi дәреже

5. паротозиялы абсцесс

53..Науқас С., 36 жаста, дене қызуының көтерiлуiне, басының ауруына, қалтырауға, оң жақ қабағының iсiнуiне, оң жақ көзiнен iрiңдi-қанды бөлiнiстердiң бөлiнуiне шағымданып келдi.

Осыдан 2 күн бұрын жедел ауырған. Дене температурасы 39С-ке көтерiлiп, қалтырау болған, енжарлық, бас ауырғанын, оң жақ көзiнiң ауырғанын айтады. Бiраз күннен кейiн көзiнiң iрiңдi-қанды бөлiнiстер байқалған.

Анамнезiнде: тамағы ауырған науқаспен қатынаста болған.

Қарағанда: жағдайы орта ауырлықта, Т39С. Оң жақ қабағының iсiнуi байқалады, коньюктивiнде кiр түстi сұр жабындылар байқалады, астыңғы тканьмен тығыз жабысқан. Перипериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде тыныс алуы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 100 рет. АҚҚ 110/70 с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынбайды.

Сiздiң диагнозыңыз:

1.аденовирусты инфекция, коньюктивит

2.туляремия, көз-бубонды түрi

3.герпес инфекциясы, кератоконьюктивит

4.энтеровирусты инфекция, геморрагиялық коньюктивит

5.көз дифтериясы





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1453 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...