Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көліктік және оқ-дәрілік жарақат



Қозғалыстағы көлік құралының бөліктерімен келтірілген немесе қоғалыстағы көлік құралынан құлау нәтижесінде пайда болған зақымдардың кешені көліктік зақымдар (жарақаттар) деп аталады. Көліктік жарақатқа жол-көліктік, авиациялық және су көлігіндегі жарақатты жатқызады. Жол-көліктік жарақаты түріне қарай автомобильдік, мотоциклеттік, велосипедтік, тракторлық, темір жолдық және жегін көліктік деп бөлінеді.

Автомобильдік жарақат. Автомобильдік жарақат жоғарыда аталған жол-көлік жарақаттарының арасында жиі кездеседі және барлық көліктік жарақаттың 75% құрайды. Көліктік жарақаттар қозғалыстағы көлік құралының бөліктерімен келтіріледі немесе қоғалыстағы көлік құралынан құлау нәтижесінде пайда болады. Тұрған автокөліктің немесе одан бөлініп (мысалы, жарылыс кезінде) түскен бөліктерімен келтірілген зақымдарды автомобильдік жарақаттарға жатқызбайды. Сонымен бірге, жүргізушінің немесе жолаушының автокөлік ішінде суға кетуінен, көміртегі тотығымен уланудан, күйіп қалудан туындаған өлімде автокөліктік жарақаттарға жатпайды.

Автокөліктік жарақаттарды келесі түрлерге бөледі:

- жүріп келе жатқан автокөліктің жаяу жүрушімен соқтығысуынан;

- автокөлік доңғалағымен адам денесінен өтіп кетуден;

- жүргізушінің (жолаушының) жүріп келе жатқан автокөліктен құлауынан;

- жүргізушінің және жолаушының автокөлік ішінде;

- жүріп келе жатқан автокөлік бөлігі мен басқа кедергілер арасында адам денесінің қысылуынан;

- араласқан (комбинацияланған).

Мотоциклеттік жарақат. Автомобильдік жарақатқа қарағанда мотоциклеттік жарақат маусымдылығымен және бұл жарақаттың нақты түріне қарамастан жолаушыларда да, жүргізушіде де жарақат пайда болуының жоғары пайыздылығымен ерекшеленеді.

Тақырыпқа арналған әдебиет:

1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004

2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

3. В.Л. Попов, Сот медицинасы: - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама: -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

5. А.Л. Стешиц, Жол-көлік апатындағы сот-медициналық сараптама: - Москва: «Норма», 1992 ж.

6. А.А.Солохин, Автомобильдік жарақаттың сот-медициналық сараптамасының сұрақтары: - Москва «ЦОЛИУВ», 1983 ж.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 750 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...