Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ткір заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы



Өткір заттар өзінің міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты шабатын, тілетін, сұғатын, сұғып-тілетін, сұғып-шабатын, кесетін және қырқатын деп ажыратылады. Олармен келтірілетін зақымдардың морфологиялық қасиеттерін айырудың айрықша белгілері шабатын, тілетін және қырқатын заттарда өткір қырының болуы, сұғып-тілетіндерде өткір қырының (қырларының) және сұғатын заттарда өткір ұшының болуы.

Шабылған зақымдар кез келген ауыр салмағы және өткір қыры (жүзі) бар нәрселермен келтірілуі мүмкін. Созып өткенде мұндай нәрселер тілінген зақымдар келтіруі мүмкін. Шабылған зақымдардың пайда болуының міндетті түрдегі шарты – нәрсенің жүзі бар бөлігімен тік (немесе соған жақын) бұрышпен соққы жасау, соның салдарынан жұмсақ тканьдер және әдетте астындағы сүйекте зақымдалады. Жүзінің ену тереңдігі кинетикалық энергиямен анықталады, яғни соққы жылдамдығымен және зақымдаушы нәрсенің салмағымен. Жүзінің өткірлігі бұл жағдайда біраз роль ойнайды.

Тілінген жаралар жиектері өткір нәрсені басып тұрып тарту нәтижесінде пайда болады. Көбіне мұндай заттар жазық ұзартылған формалы болады (ұстара, асханалық пышақ және т.б.).

Тілінген жаралар әдетте ұршық тәрізді тік формалы болады. Жараның формасы дене үстіне нәрсе жүзінің еңкею бұрышымен анықталады. Перпендикулярлы кескенде жара тіксызықты, бұрыш әсерімен – кескінді болады.

Сұғылған жаралар тілетін қыры жоқ, бірақ өткір ұшы бар заттардың әсерінен пайда болады. Өзек (стержень) формасындағы заттар денеге терең кіре отырып, теріде азын-аулақ немесе білінер-білінбес жара қалдырады (біз, найза, шеге; стилет және т.б.).

Сұғылатын заттар (мысалы, инелер) немесе олардың сынықтары денеде қалған кезде бұлшық еттердің жиырылуына байланысты көшіп отыруы мүмкін, соның салдарынан өмірлік маңызды органдарға зақым келтіруі немесе бір жерге қадалып тілу кезінде кездейсоқ табылуы мүмкін.

Сұғылатын заттар өз ұзындығынан асып түсетін жаралар келтіруі мүмкін. Әдетте, мұндай жаралар дененің сыртқы қысымнан иілгіш жерлерінде қалыптасады (қарын, жамбас маңайы). Зат жүзінің ұзындығынан жара каналының тереңдігі анағұрлым (5-10 см) ұзын болуы мүмкін.

Сұғып-шабылған жараларды әдетте арнайы мамандықтардың (балташы, ұста) қашау сияқты құралдарымен және қамау орындарында дайындалған үшкір затпен келтіреді. Сұғатын құралдардан айырмашылығы құралдың мейлінше жазық жүзінің болуы.

Сұғып-тілінген жаралар сараптамалық және тергеулік тәжірибеде жиі кездеседі. Бір өткір қыры (жүзі) және өткір ұшы бар затпен келтіріледі. Екі жақ қыры өткір (екі жағы өткір, қос жүзді) немесе бір жақ жүзі түгелімен өткір, ал екіншісі оның ұзындығының бөлігінде ғана қайралған (аралас қайралған) құралдар (қарулар) сирек кездеседі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 642 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...