Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот-медициналық травматологиясының негіздері



Адамға зақым келтіру — сот-медициналық сараптама тағайындау үшін жиі қолданылатын себеп. Медициналық көзқарас бойынша сыртқы орта факторының адам ағзасына әсер етуінен органдардың және тканьдердің анатомиялық тұтастығының немесе физиологиялық қызметінің бұзылуын зақым (дене зақымы) деп атайды.

«Зақым» терминімен бірге оның синонимі «жарақат» қолданылады.

Зақымдар әртүрлі факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін:

физикалық;

химиялық (әртүрлі химиялық заттар);

биологиялық (биологиялық шығу тегі бар инфекциялық (жұқпалы) және и токсиндік (улы) агенттерден);

психикалық (ішкі сезімінің қатты толқуымен, қорқынышпен (үреймен) және т.б. белгіленетін психикалық зақым).

Физикалық факторлардың арасында механикалық, термиялық, электрлік, барометриялық қысымды, акустикалық факторларды және сәулелі энергияны атап өтуге болады. Зақымдардың сот-медициналық сараптамасы кезінде сарапшы көбіне механикалық факторлармен келтіріген зақымдарға жиі кездеседі.

Халықтың белгілі бір тобында жаңа пайда болған жарақаттар жиынтығын жарақаттылық (травматизм) деп түсінеді. Пайда болу шарттары және жағдайлары бойынша өндірістік, өндірістік емес және әскери жарақаттылық деп бөледі, олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Сот-медициналық сарапшылар көбіне тұрмыстық жарақаттылықтың, кей кезде көліктік түрлерінің және ең сирегі өнеркәсіптіктің салдарымен кездеседі.

Зақымдар төмендегілермен келтірілуі мүмкін:

қорғаныс және шабуыл мақсаты үшін өнеркәсіппен шығарылатын, арнайы мақсаты бар нәрсе – қарумен (оқ ататын қару, суық қару);

тұрмыста, техникада және өндірісте қолдануға арналған және арнайы мақсаты бар нәрсе – құрал-сайманмен (асханалық пышақ, балға және т.б.);

арнайы қолданысы жоқ, бірақ зақым келтіру үшін кездейсоқ немесе әдейі пайдаланылатын нәрсе – затпен (тас, таяқ және т.б.).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 611 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...