Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ерлердің жыныстық жағдайларының СМС



Ерлердің жыныстық жағдайларына СМС төмендегілерді анықтау үшін жүргізіледі:

1. жыныстық қатынас қабілеттілігін,

2. ұрықтандыру қабілеттлігін,

3. жыныстық жетілуін,

4. мерез (венералық) ауруларды,

5. еркек құмарлық белгілерін,

6. күдіктінің зорлап жыныстық қатынас жасағанын сипаттайтын белгілерді,

7. жыныстық тиесілігін.

Жыныстық қатынас қабілеттілігін анықтау қажеттігі туатын жағдайлар:

1. күштеп жыныстық қатынас жасау: зорлау,

2. кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас,

3. еркек құмарлық,

4. әкелік дау туралы істер,

5. дене зақымдарының ауырлық дәрежесін анықтау: жыныстық органдардың жарақатында, орталық немесе шалғай жүйке жүйесінің зақымдануында.

Ұрықтандыру қабілеттілігінің сараптамасы әкелік дауы туралы сұрақты шешкенде, зорлау, кәмелетке толмағандармен тұру, неке бұзу істерінде жүргізіледі. Еркек тұлғалардың жыныстық жетілуінің СМС жыныстық құқықбұзушылыққа байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты жүргізіледі. Еркек тұлғалардың жыныстық жетілуі жыныстық бездердің жалпы физиологиялық дамуымен және құрылуымен сипатталады, ондай жағдайда жыныстық өмір физиологиялық қалыпты қызмет болып танылады да, денсаулықтың бұзылуына әкеп соқпайды және ағзаның әрі қарай дамуына зиян келтірмейді. Зерттеу жалпы жоспар бойынша жүргізіледі, бірақ бірнеше өзгешеліктері бар. Оқиға болған сәттен мейлінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Киімді тексергенде зақымдарына, үзілген жерлеріне, түймелердің жоқтығына; шөппен, сазбен, топырақпен ластануына; қанға, боққа, сілекейге күдікті дақтарға және киімде шаштардың бар-жоқтығына көңіл аударады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 484 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...