Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Доғал заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы



Өзінің байланыс бетімен әсер етіп механикалық зақым келтіре алатын заттарды қатты доғал заттарға (ҚДЗ) жатқызады. Оларға ештеңеге пайдасы жоқ заттарда (тас, таяқ), тұрмыстық заттарда, машиналар мен механизмдердің детальдары да, адам және жануар денесінің бөліктері де және т.б. жатады.

Негізгі зақымдардың пайда болу механизмі, белгілері және сот-медициналық бағасы. Қанталаған жерлер. Механикалық зақымдардың ішіндегі кеңінен кездесетін түрі. Негізінен ҚДЗ-мен тік немесе соған жақын бұрыштан соққанда, бұлшық еттер немесе теріасты майының тканьдері бар жерде, тері астында пайда болады. Соққы тиген жерде жұмсақ тканьдер қысылады, ал периметрінде олар созылады. Соның салдарынан соққы орнындағы қантамырлар зақымданады және сол орынға қан құйылады да, сол орын тегісімен немесе бөліктеп қанталап қалады. Көбіне ҚДЗ әсерінен қанталаған жерлер дөңгелектелген немесе сопақталған кескінге ие болады.

Тері сыдырылған жерлер. 90°-тан кем бұрышта ҚДЗ соққылық әсерімен қоса жарақаттаушы заттың дене бетімен сырғанау әсерін, яғни тангенстік әсер тигізеді. Соққы бұрышы төмен болған сайын ол жоғары болады. Мұндай аралас әсер бір мезетте қанталаған және тері сыдырылған жерлердің пайда болуына апарып соғады. Түйісудің өте сүйір бұрышы кезінде (20° төмен) тек тері сыдырылған жерлер қалыптасады.

Жаралар. ҚДЗ-мен тік немесе соған жақын бұрыштан соққанда, зақым келтіруші нәрсенің орнында, көбіне тері астында сүйек ткані орналасқан жерде (көбіне баста) пайда болады. Көрсетілген жағдайларда тері зақымдаушы затпен сүйектің арасында қыстырылатын сияқты. Сонан соң жұмсақ тканьдер тығыздалады, сосын езіледі және бөлінеді. Сонымен бірге, теріні астындағы тканьдерден ажырату және қатпарлап тастау, керу арқылы езілу аймағынан жұмсақ тканьдерді жан-жаққа ығыстыру басталады.

Сынықтар (мертігулер). Олардың пайда болуына көбіне соққы немесе басу себеп болады. Олардың кез келгені сүйектің форма өзгертуін (деформациясын) – созылуын, қысылуын, бұралуын, майысуын, деформацияның екі және одан көп түрінің бірігуін туғызады. Сүйек оның беріктігімен анықталатын белгілі бір шектерге дейін формасын өзгерте алады (деформацияланады), содан соң бұзылу (сыну) басталады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 894 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...