Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОЖЖ (ЦНС) әсер етуші улармен улану



Морфийлық дәрі-дәрмек тобы дем алу орталығын қысады, жүрек айнуын, лоқсуды тудырады, ішке қабылдағандағы өліммен аяқталатын дозасы 0,3-1,4 гр. Морфинге үйреніп кетуге байланысты морфиншыларда бұл мөлшер тәулігіне 10 граммға дейін жетеді. Сіңгеннен кейін морфин тканьдерде, көбіне бауырға жиналады. Морфиншыларда дем алулары ақырындайды, сонан соң ол күрт басылып қалады, жүректе қан аздығы, қысымының құлауы, капиллярларының параличі жоғарылайды. Оттегінің аздығынан көз қарашығының кеңеюі байқалады, сонан соң дем алу орталығы параличінен өлім туындайды. Үйреніп кету 25-30 тәулік бойы өтеді, 5-6 тәулікке созылатын абстинетті синдром болуы мүмкін.

Сырттай зерттегенде мәйітте ине шаншу (укол) іздері болады, тері асты клетчаткасын морфинды анықтау үшін алады. Тілу арқылы жылдам өлім белгілері байқалады.

1) Вегетативті белгілер (апияндық (опий) мастану), көз қарашығының нүктелік, қысаңдық симптомы;

2) Тері жабындарының сұрлығы және құрғақтығы (борлы сұрлылық);

3) Егер алкогольмен байланыс болмаған жағдайда сөйлеудің және координация бұзылуының болмауы, егер алкоголь болса сөйлеудің бұзылуы (дизартрия) болады;

4) Мұрын ұшы, маңдай терілерінің қышуы (зуд);

5) Гипотермия (температураның төмендеуі);

6) Жөтелу рефлексінің басаңдауы;

7) Ауруға (боль) тұрақтылық;

8) Дем алудың сирелуі;

9) Жүрек қағысының сирелуі.

Аяқтан басқа қарай түрткіні сезіну, тыныштану, психикалық тыныштық жағдайы, 2-4 сағат жайлылық, сонан соң ұйқышылдық және ұйқы байқалады. Апияндық нашақорлар интоксикация (улану) жағдайында әрқашан сабырлы (тыныш).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 600 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...