Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Акушер-гинекологиялық сот-медициналық сараптамасы



Акушер-гинекологиялық СМ сараптамасы тергеуші, прокурор, анықтау жүргізуші тұлға қаулысының немесе сот ұйғарымының негізінде ғана жүргізілдеі.

Акушер-гинекологиялық сот-медициналық сараптама жүргізу мына жағдайларды анықтау үшін қажет:

- жыныстық жетілуі,

- қыздықтың бұзылуы,

- зорлап жыныстық қатынас жасағанын сипаттайтын белгілері,

- жыныстық қатынас және ұрықтану қабілеттілігі,

- жүктілік және бұрынғы босанулары,

- жүктілікті тоқтатудың жарақатпен байланысын,

- жүктілікті жасанды тоқтату,

- жынысы,

- еңбек қабілеттілігін немесе ауыр еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтуын анықтағанда жыныстық органдардың жағдайларын.

Жыныстық өмір, бала көтеру, жүктілік, босану және бала емізу денсаулықты бұзбайтын қалыпты іс болып табылуы және куәленуші аналық міндеттерін орындауға қабілетті болуы, әйел ағзасының толық құрылуы жыныстық жетілу деп аталады.

Бұрын жыныстық өмір құрмаған куәленушінің жыныстық тиіспеушілігі туралы сұрақты шешкенде сарапшы қыздық белгісінің тұтастығын, егер ол бұзылған болса, мүмкін болса бұзылу уақытын (ұзақтығын) анықтайды. Қыздық белгісінің бұзылғандығы анықталған жағдайда олардың санын, шектеулерін, формасын және жыртылу шеттерінің сипатын (қансырап тұрған, ұнтақталған, тыртықталып жатқан, тыртықталған), жыртылу тереңдігін (қыздық биіктігінің, енінің ортасына, оның түбіне дейін жетеді), олардың бетінің түсін, жыртылу шеттерінің тығыздығын сипаттап жазады.

Бұл сараптаманы жүргізгенде бұрынғы жыныстық қатынастарын куәлендіретін объективті мәліметтерді және күштеп жыныстық акт немесе оған әрекет жасағандығын сипаттайтын денедегі зақымдарды анықтау СМ сарапшының міндетіне кіреді.

Кәмелетке толмағандарды куәлендіргенде СМ сарапшының міндетіне зақымдардың немесе басқа сипаттас белгілердің бар-жоқтығын анықтау жатады.

Азғындық әрекеттердің көрінуі әртүрлі сипатқа ие.

Азғындық әрекеттердің белгілері болып табылатындар:

· шырышты қабықшаның қызаруы;

· қыздық белгісінің жыртылуы және үзілуі;

· қалыңынан, шетімен немесе оның тұғырынан қан кетуі, сыртқы жыныс органдарының шырышты қабықшасында, атап айтқанда кіші жыныстық еріннің, клитордың маңайында қан кетуі және жарық, жыртық, сызат болуы;

· шат, аралық, артқы тесік маңайындағы әртүрлі зақымдар.

Бұл сараптама неке бұзу (айрылысу) істерінде, бала көтеру (ұрықтану) қабілеті жоқ әйел өзін бөтен баланың анасы ретінде көрсеткен жағдайларда, ұрықтандыру қабілетін жоғалту туралы сұрақтарда дене зақымдары ауырлығын анықтағанда жүргізіледі.

Жыныстық қатынасқа түсу туралы сұрақты шешкенде сарапшы жыныстық органдарда ақаулар немесе вагинизм бар-жоқтығын айқындауы тиіс.

Сыртқы жыныстық органдарды тексергенде анықтау қажет:

- жыныстық тесіктің жағдайын (жабық, бос), аралықтың жағдайын: жыртылудың бар-жоқтығы, пайда болу уақыты, дәрежесі;

- шырышты сыртқы жыныстық бөлшектердің жағдайын: түсі, ісінуі, зақымдануы;

- қыздық белгісін, еріндердің жүгенін: тұғырында үздіксіздігі сақталған ба немесе оның түрі сүйел тәрізді көтеріңкі ме;

- қынапқа кіре беріс жағдайы: тар, тартылуға қабілетті, кең, бос;

- іріңдеудің (бөлінудің) бар-жоқтығы.

Жүктілікті тоқтатудың жарақатпен байланысын анықтау бойынша сараптама жүргізгенде СМ сарапшы куәленушінің сөзінен анамнез жинауы тиіс, оны куәлендіруі (тексеруі) керек, сонан соң жүктілікке дейін және жарақаттан кейін куәленуші жүгінген емдеу және босануға көмектесуші мекемелерден, әйелдер консультациясынан медициналық құжаттардың түпнұсқасын сұратып алуы қажет.

Іштегі баланы алып тастау (аборт) тек дәрігерлермен емдеу мекемелерінде ғана жүргізілуі мүмкін. Емдеу мекемесінде сәйкес негізсіз немесе дәрігермен емдеу мекемесінен тыс жерде немесе медициналық білімі жоқ тұлғамен жасалған аборт заңсыз аборт деп саналады.

Жынысын анықтау бойынша СМС сот-медициналық сарапшының, акушер-гинекологтың, эндокринологтың, урологтың және психиатрдың қатысуымен өтеді.

Бұл сараптама туғанда жынысын қате қойған жағдайларда, неке бұзу істерінде, жыныстық қылмыстар, жыныстық бұрмалау, қорлау жағдайларында тағайындалады.

Тақырыпқа арналған әдебиет:

1 В.Н. Крюков, Сот медицинасы: - Москва: «Норма», 2004 ж.

2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

3. В.Л. Попов, Сот медицинасы: - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама: - Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

5. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау ережелері. 1998 ж. 04.05. № 240 бұйрық.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 873 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...