Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диссимуляция түсінігі. Диссимуляция формалары



Психикалық ауырудың диссимуляциясы дегеніміз психикалық дерттің рас белгілерін әдейі жасыру. Әлеуметтік аспектіде ол симуляцияның қарама-қайшысы: ауру адам өзінің әлеуметтік жағдайын психикалық дені сау адам ретінде сақтап қалуға тырысады.

Диссимуляция есалаң тұлғаларда әдетте шизофрения, негізінен сандырақтық синдром, мүмкіндігінше органикалық психоздар, алкогольдық психоз және параноялық синдром кезінде байқалады.

Зерттеушілер психикалық ауру динамикасын қоршаған диссимуляциялық мінез-құлықтың бірнеше тәсілдері мен клиникалық формаларын атап көрсеткен. Мысалы, психикалық ауру тұлғалар диссимуляциясының ең қарапайым формасы аутистикалық форма деп аталады, ондай жағдайда аурулар өздерінде бар жан күйзелістерін жасыруға тырысқандықтан қоршаған ортамен байланысты шектейді. Параноялық жан құбылыстары психикалық бұзылуды дәлелдейтін мейлінше «рационалды» әдістермен бірге жүреді: сандырақтық фабула сырттай қисынды болып жасырынады, бірақ шын мәнініде деректерді бір жақты түсіндіреді. Ауру процессінің өте терең көрсеткіштеріне өтуі, өз соңынан психикалық бұзылушылықтардың көрінуін ашатын, диссимулияцияның тізбексіз қайшы, қос қисынды әрекетіне әкеп соғады. Қол жетімді байланыс кезінде денсаулық жағдайы туралы әңгімелесуден таңдамалы бас тарту диссимуляцияның көрінуі болуы мүмкін (негативистік форма).

Параноялық сана кезінде психопатиямен, шизофрениямен ауыратындар көбіне әлеуметке қарсы ниеттерін және агрессиялық пиғылдарын жасырады, ақыл-ойдың біршама кем сақталуына байланысты бұл ниеттерін олар ауру (дерт) ретінде қабылдамайды, өтірік кешкен аурулық жағдайға деген сын көздік қатынасын еліктеу өте нанымды (сенімді) көрінуі мүмкін.

Сандырақтық жан құбылысы бар аурулардан басқа, өз-өзіне қол сұғу пиғылын жасырушы, күйзеліспен ауыратындар да диссимуляциялауды қолданады. Кейбір кездерде жасырын күйзелістік жағдай қоршаған орта үшін күтпеген ашық суицидтің себебі болуы мүмкін.

Диссимуляцияны тану көбіне айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені аурулар өзінің ІV немесе басқа психопатологиялық симптоматикасын жасырып қана қоймай, өмірдегі еш мәні жоқ оқиғалар туралы жалпыға бір ұсыныстарға сүйене отырып анамнезді сипаттауы мүмкін.

Диссимуляцияны танып білу.

Диссимуляцияны анықтаудың ойдағыдай болуы көбіне бірнеше факторлармен анықталады. Аурулармен әңгімелесу кезінде деонтологиялық қағидаттарды қатаң сақтау тұлғааралық қатынастардағы, қызығушылықтардағы, тұрмыс қалпындағы, көңіл-күйдегі әртүрлі өзгерістерді жанама түрде айқындауға, сонымен бірге ол өзгерістердің себептерін анықтауға септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда психикалық аурулар, оның әртүрлі көріністері туралы ауру тұлғалардың түсініктерін білген пайдалы.

Сандырақтық жан құбылысын, елестеушілікті айқындауға тырыса отырып, ауру тұлғаның өз жағдайындағы әртүрлі сипаттарға психиатрдың қатынасын жақсы сезетінін есте сақтаған жөн. Ауру адамды динамикалық бақылаудың зор маңызы бар: әңгімелесу барысында пайда болатын парамимия, микрокататониялық симптомдар, кернеуліліктің, күдіктіліктің кенеттен пайда болуы, долылық (аффекттік) өзгерістер, әртүрлі тұлғалармен қатынасу ерекшеліктері (медициналық қызметкерлердің қарауындағы және қарауынан тыс мінез-құлықтарының диссоциациясы). Кейбір жағдайларда диссимуляциялаушы күдіктінің клиникалық-психопатологиялық талдауына өзін тәжірибеде оң жағынан көрсеткен тәжірибелік-психологиялық зерттеуді толықтырған тиімді.

Ауру адамдар екі жоспарда өмір сүрген кезде диссимулияциялауды айқындау өте қиынға соғады: бір жағынан, қоршаған ортада дұрыс бағыттанады, екінші жағынан — сандырақтық жан-құбылысының ықпалында болады. Мұндай күйлер ауру созылып кеткен жағдайларда болуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2094 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...