Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйке ауруларының ағымы



Созылмалы психикалық аурулардың ағымында бірнеше сатыларды айыруға болады:

· алғашқы хабар сатысы, бұл кезеңдегі әртүрлі ауруларға ортақ симптомдармен сипатталады: бас аурулары, ашушаңдық, мазасыздық, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, ауру күйді сезіну, ұйқының бұзылуы және т.б. Содан соң осы ауруға сипатты симптомдар (белгілер) пайда бола бастайды;

· бастапқы немесе аурудың басы (дебюты) қатты, біртіндеп немесе шапшаң дамуы мүмкін және мынадай белгілермен сипатталады: сандырақтық ойлар, елестеушілік, сөйлеудің қозуы және т.б.;

· жақсару (ремиссия) кезеңі ұзақтығы бойынша әртүрлі – бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін.

Психикалық бұзылулардың ауыртпалығын (тереңдігін) анықтау үшін аурудың диагнозын қою қажет. Ауруды, оның қасиеттерін анықтаған соң ғана сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Ол үшін ауру адамға клиникалық зерттеу жүргізеді, ол психикалық бұзылулардың сипатын және мүмкін болса себептерін, олардың пайда болуының және ағымының ерекшеліктерін анықтайды.

Тақырыпқа арналаған әдебиеттер:

1. Г.Я. Авруцкий, Психикалық ауруларды емдеу. Дәрігерлерге басшылық құрал.

2. В.П. Белов, И. Боброва, Сот психиатриясы, Оқулық. Москва, 1996 ж.

Дәріс

Тақырыбы: Жүйке қабынуларының симуляциясы және диссимуляциясы.

Мақсаты: Жүйке қабынуларының симуляциясына және диссимулициясына сипаттама беру.

Жоспары:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 603 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...