Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БактериологиялыҚ зерттеуге тікелей тік ішектен нӘжісті алу



Мақсаты: диагностикалық жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дэке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндірігі, емшараға рұқсат алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес номірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10.Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына жэне сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11.Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12.Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

13.Биксті «кілтке» жабыңыз.

14.Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15.Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялык зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5014 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...