Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ



Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздыргышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруга күдік болғанда.

Дайындаңыз: штативті мақта-дэке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу ушін кұрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханага жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сүраңыз.

6. Науқаска қарама-қарсы отырыңыз.

7. Науқастың мүрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

8. Мүрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мүрнын сіңбіруін сүраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мүрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін қүрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың Ш-ІУ-У саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана үстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

10.Науқастың мүрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мүрын қуысына, содан кейін екінші мүрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мүрын қабырғаларына, мүрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

11.Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

12.Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

13.Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз. М.Пробирканы штативке орналастырып. сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

15.Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

П.Алынган материалды бикспен жэне жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

Ескерту: материалды апарғанға дейін 14-6°С тоңазытқышта сақталуы қажет.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4064 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...