Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БактериологиялыҚ зерттеуге ҚаҚырыҚты жинау



Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез жэне басқа да жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы номірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты жэне бет пердені киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нүсқауды науқаспен жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақыргандағы қақырық емес, терең жотелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сагаттай жыйнамас бүрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жүтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік түруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып түрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып түрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шыгаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін түсында үстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9. Түкіргішті немесе банканы қақпақгіен жабыңыз.

10.Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11.Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

12.Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13.Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14.Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жагдайда оны қақырық бөлетін дэрі-дэрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай түрып, қақырықты жинау қажег.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 10806 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...