Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аурухана жаҒдайында бактериоскопиялыҚ зерттеу Үшін туберкулезге ҚаҚырыҚ жннау



Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға уйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тыгыз бүрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза қүрғақ мөлдір эйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нүсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш жэне кварң шамы бар болек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағың.сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сүраңыз.

6. Наукастың артынан түрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сүраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сүрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сүрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің кырына жанастырмай қақырынып түкіруін сүраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз жэне қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тэулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сэйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қакырықтың I байқауы - науқас емханага таңертең қаралганда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы - келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы - сол күні емханада медиңиналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырыгын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медиңиналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға жэне залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...