Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ



Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Дайындаңыз: дэке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бүралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама номіріне сэйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жүтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сүраңыз.

6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV жэне V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен үстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сүрап, шпательді аузына енгізіңіз.

9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай үстап түрыңыз.

10.Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан үстап шығарып алыңыз.

11.Тампонды тілдің, тісктік, үрттың, жүмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

12.Жеңіл айналмалы қозғалыспен жүтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

13.Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жүтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

14.Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15.Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркага енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

16.Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

17.Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

1 Б.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

19.3ерттеуге алынган материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханага 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

- бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

- егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынган жер ошагынан және басқа да жерлерден екі тамйонмен алынады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6304 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...