Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №28 Рентгенологиялық зерттеулер әдістері



7.2. Мақсаты: Студенттерге рентгенологиялық зерттеулер әдістерін оқыту.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. Аспапты зерттеу әдістері туралы түсінік.

2. Өкпе мен жүректін, асқазан – ішек жолдары және бүйректің рентгенологиялық зерттеулер әдістерін (рентгеноскопия, рентгеногафия, ирригоскопия, ирригография, көрнекті урография) өткізу ерекшеліктері.

3. Рентгенологиялық зерттеулер әдістеріне дайындауда медбике міңез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері.

4. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасмалдау.

Сәулені түгел жұтып және оны шағылыстыратын ұлпалар (сүйек) осындай қалыпты тәсілдермен зерттеуге қиындық тудырады. Бауыр, ұйқы безі, өт қабы зерттеуге дайындау үшін тексеру алдында үш күн бойы шлаксыз тағам беріледі. Кіші астау ішінде орналасқан ағзаларды тексеру үшін қуық толық болуы керек. Ол үшін тексеріске 1 сағат қалған уақытт 1л сұйық ішу керек.

Функционалды әдістер

Спирометрия - спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография – тыныс көлемдерін және желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.

Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

1. Тыныстық көлем –қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа

шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500/см 3 шамасында.

2. Қосымша көлем (тынысты ішке алудың қосымша резерві) - демді қалыпты

алғаннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен

1500см/3.

3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) -демді

қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның

көлемі. Шамамен 1500 см/3.

4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша)

шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000см.

5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдердің қосындысы өкпенің

тіршілік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған

ӨТС-ті тиісті ӨТС-пен салыстырады.

Жүрек –тамыр жүйесін тексерудің инструментальды тәсілдері.

Электрокардиография - жүрекке пайда болатын электр тогын (биотокты) жазу тәсілі. Электр тогының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.

Дененің екі нүктесі аралығындағы потенциал айырмасын анықтайтын тәсілді электрокардиографиялық тіркеме деп атайды. Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі (стандартты) тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі.

Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп те атала береді. І-стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын, ІІ-стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, ІІІ-стандартты тіркеме арқылы сол қол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді.

Қалыпты электрокардиограмма.

ЭКГ-ны жазу үшін 12 тіркеме қолданылады:

3 негізгі (І, ІІ, ІІІ стандартты) тіркеме (Эйнтховен тіркемелері);

3 – бір полюсті күшейтілген (аяқ-қол) тіркемелер (AVR, AVL, AVF) (Гольдбергер тіркемелері);

6 - кеуде тіркемелері (V1, V2, V3, V4, V5, V6)

Қалыпты электрокардиограмма

Қалыпты электрокардиаграммада Р,Q,R,S,T деп белгіленетін тісшелер, P,Q,S,TP деп белгіленетін аралықтар /интервалдар/ болады.

Р-тісшесі жүрекшелер биопотенциалын бейнелейді. Оның бірінші жартысы оң жақ жүрекшенің, екінші жартысы сол жақ жүрекшенің электр импульсін көрсетеді. РQ-аралығы жүрекшелердің қозу бастамасынан жүрек қарыншаларының қозуына дейінгі арадағы уақытты қамтиды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5467 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...