Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

НауҚасты дайындау жӘне ҰлтабарҒа сҮнгілеуді жҮргізу



Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу жэне өт қалтасы кызметінің шогырландырып сақталуын жэне қысқыш (айналшық, сфинктер) жагдайын багалау; емдік - өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дэрі- дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: от қалтасының, бауыр, өт шыгару жолдарьшың аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе - жүрек жетіспеушілігінде, жедел холеңистит жэне панкреатит, бронхиалды астма жэне т.б.

Науқасты дайындау: таңертен, аш қарынға.

Ресурстар: залалсыздандырылган: үлтабар сүңгісін, Жане шприңін, 20 мл шприңті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолгаптарды, жылытқышты, жүмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабыгының қоздыргыштарын - 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60°С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі
  Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.
  Науқасқа емшара тэртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
  Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
  Науқасқа үйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.
  Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сүраңыз (егерде болса).
  Науқасты орындыққа дүрыс жэне ынғайлы, яғни арқасы орындыктын аркасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.
  Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
  Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
  Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинңетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (түрақты).
  Науқас жүтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін - бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз - екінші белгі).
  Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін үстаңыз.
  Науқастан аузын ашуын сүрап, ылғалдатылган оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кыскышпен қысыңыз.
  Асқазан ішіндегі сүйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
  Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жүтуын сүраңыз.
  Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аягын бүгуін сүраңыз, жамбастың астына жүмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.
  Наукастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындықка штативті пробиркалар қойыңыз.
  Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
  Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық кышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (үлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің үшына қыскышты салыңыз.
  Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприңімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа кысып қойыңыз.
  Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұган қою, қоңыр - зэйтүн түсті сүйықтык өт қабығынан түседі (өт қабығындагы өт «В» үлесі).
  Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сүйыктык пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.
  Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
  Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып. құрғатыңыз.
  Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
  Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханага жіберіңіз.
  Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- емшара барысында шығарылган сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау үсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы жэне қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгінің қалпын шприңпен сорып алу арқылы тексереді. Шприңке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтык түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

- асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприң арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асказанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «кұрылдаған» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;

- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суга пробирканы салып қояды.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зертханалық зерттеу әдістері.

2. Бактериологиялық зерттеу әдістің ұғымы.

3. Бактериологиялық зерттеу әдісіне пациентті дайындау ерекшеліктері. Пациентті дайындау және жұтқыншақтан, мұрыннан материал алу.

4. Бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты, зәрді алуға пациентті үйрету.

5. Көк тамырдан гемокультураға (залалсыздандыруға) және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қанды алу.

6. Пациентті дайындау және жалпы клиникалық анализге, атипиялық жасушыларға, бактериоскопиялық зерттеуге (туберкулез) қақырықты алу.

7. Диагностикалық тест–сызықтарын, экспресс-әдістерін және экспресс диагностиканының құралдарын қолдану.

8. Өт пигменттерге (Розина сынамасы), глюкозуриялық профильге зәрді зерттеуге алу үшін пациентті дайындау.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4758 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...