Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жасөспірімдердің нашақорлыққа үйірсек болуының себептері мен факторлары



Нашақорлыққа үйірсек болудың себептері % Нашақорлыққа үйірсек болудың факторлары %
Өз ортасынан қалып қоймау ниеті   Сабаққа деген енжарлық  
Ләззат алуға құмарлық   Әкесінің ішімдікке салынуы  
Жаңа сезімге бөленуге құштарлық   Болашақ мамандыққа деге қанағат-танбаушылық  
Бәрін ұмытуға талпыну   Ата-анасымен үнемі жанжалдасу  
Қызығушылық   Шешесі жағынан эмоциялық кері ықпал  
Ересектердің ықпалы   Ата-анасының ажырасуы  
Өз құрбыларының арасында көзге түсу   Шешесінің ішімдікке салынуы  
Ішімдіктің орнына пайдалану   Арнайы интернатқа орналасуы  
Үлкеңдерге бағынбау мақсатында   Басқа да себептер  

Бұл үлкен дерттің шағын жауап арқылы көрінген сыртқы көрінісі ғана. Нашақорлыққа үйірсек болудың астарында аса күрделі әлеуметтік мән жатыр. Мамандардың айтуынша, нашақорлыққа үйірсек болудың бір себебі «зерігушіліктен» деу дұрыс емес. Зерігушілік өте сирек кездеседі, ол жасөспірімдердің нашақорлыққа салыну себебінің тек бір пайызын ғана құрайды.

Сонымен бірге нашақорлыққа салынған әр түрлі топтарды бір ерекше бөлінетін топқа жатқызуға болмайды. Сарапшылардың айтуынша, елімізде нашақорлыққа үйірсек болғандардың саны 1,3-1,5 миллиондай адам. Нашақорлыққа үзбей салынған және оған тәуелді болып қалған құбылыс өте қауіпті құбылыс.

Нашақорлықтың медициналық анықтамасы өз алдына бір сала. Біз социология үшін девианттық форма, керітартпа ғадеттің дамуының әлеуметтік механизмі қызығушылық тудырып отырғандығын атап өткіміз келеді. Нашақорлықтың әскерде етек алуы аса қауіпті ахуал қалыптастыруда. 1987 жылы аймақаралық жүргізілген үлкен зерттеудің нәтижесінде нашақорлыққа салынғандардың 5-6 пайызы алғаш рет оны әскерде үйренгендігі дәлелденді. Әскерде нашақорлықтың кең етек жаюына, тіптен оның өте қауіпті формаларының қалыптасуына Ауғаныстандағы соғыс қайғылы әсер етті. Соғыс арандатқан психиканың аса қауіпті патологиялық ахуалы - нашақорлыққа деген ұмтылысқа жол ашып отырды. Ондай дерт олардың елдеріне оралғанынан кейін де жалғасып, әскерде жаппай тарай бастады.

Нашақорлықтың дамуындағы әлеуметтік механизмді зерттеу үшін сенімді және шынайы деректер қажет. Бірақ мұндай деректерді нақты есеп жүргізу арқылы алу мүмкіндіктері болмағандықтан, бұл құбылысты тек ғылыми тұрғыдан ғана зерттеуге тура келеді. Нашақорлықты клиникалық жағынан зерттеу талдаудың ең соңғы сатысы ғана болып қалады. Социология мұнда жеке адамның қасіретке, деформацияға ұшырамауына, оның алдын алуына келгенде нағыз гуманистік қызмет атқаратындығын айта кеткен абзал.

Керітартпа ғадетті зерттеуде аса күрделі проблемалардың бірі — жезөкшелік. Бұл тақырыптың баспасөзде пайда болуы таяуда ғана. Алайда, ол тек сенсациялық үстірт публистикалық сарынмен жазылып келеді. Сонымен бірге әдебиетімізде социологиялық әуендегі қызықты дүниелер де туындап отырды. Осы тұста 1980 жылдың орта шенінде Грузия ішкі істер министрлігінің қылмыс социологиясының лабораториясы жезөкшелікке жүргізген зерттеулеріне көңіл бөлейік. Жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің әлеуметтік сипаттамасы жайлы бір ауыз сөз: мұндай әйелдердің 70 пайыздан астамының жасы 30-ға дейінгілер. Олардың көпшілігінің білім деңгейі төмен, арнаулы орта және жоғары білімі барлар 12,1 пайыз ғана. Ажырасқан және тұрмыс құрмаған әйелдер - 85,5 пайыз. Сонымен бірге олардың 40 пайызға жуығының ыңғайлы үйлері, тұрмыс жағдайлары бар. Міне, сондықтан басты себеп — материалдық жағдайда деп айту тура емес. Сонымен девианттық ғадеттің мұндай түрінің сыры неде? Сұраққа жауап бергендердің 72,6 пайызы ақшасын киім мен косметикаға, 64,7 пайызы азық-түлікке, 28,2 пайызы балаларына, 21,6 пайызы пәтер ақыға жұмсайды, 3,9 пайызы ата-анасына береді, ал 7,5 пайызы ақшаларын кейінге сақтап қояды екен. Осылайша әр он үшінші жезөкше өзінің кәсібінің арқасында ақша жиюды мақсат ететін көрінеді. Ірі табыстарға ие болып отырғандар жезөкшелердің шағын ғана тобын құрайды. Олардың жартысына жуығы әр клиенттен 10 сомнан 50 сомға дейін ақша алады. 15-20 пайызға тарта жезөкшелер 5-10 сом пайдамен қанағаттанады. Әңгіме азғындаған жезөкшелердің көп бөлігі жайында. Біздің ойымызша, жезөкшеліктің әлеуметтік механизмдері мен олардың пайда табуы және өмір сүру шарттары жайлы нақты социологиялық ақпараттың жай эмоциялық талқылауға қарағанда профилактикалық мәні зор болары анық.

Осы орайда жезөкшелікпен күрес туралы заңды мәселе туындайды. Әр түрлі формалары — прогибистонизм (тыйым), регламентация (тіркеу, медициналық бақылау), аболиционизм (профилактикалық түсіндіру жұмыстары, мұнда тыйымдар мен тіркеулер болмайды) орын алады. Тыйым салу әрекеттерімен, әсіресе қазіргі кезеңде, аса маңызды табыстарға жету мүмкін емес. Мамандардың пікірінше, үшінші тәсіл — профилактикалық жұмыс тиімдірек көрінеді. Осы тұрғыда социологияның мәні, яғни оның осы құбылыстың динамикасын көрсете алуы, ешқандай талас тудырмайды.

Бүгін социологтарымыз өмірдің әлеуметтік ұйымдастырылуындағы ерекшеліктерді бас бостандығынан айырылған жерлерде терең зерттеуде. Әрине, әр түрлі кезеңде бас бостандығынан айрылғандардың өміріне, тіршілігіне, оның ішінде саяси тұтқындарға, заң жүзінде арнайы тексеру жүргізуге дейінгі кезеңге зерттеулер жасалды. Бірақ бұл құбылыстарды әлеуметтік жағынан зерттеудің бір ерекшелігі, мұнда топтық тұрмысты ұйымдастыру, топтық әрекет ету негізге алынады. 1980 жылдардың ортасында еліміздің әр аймағындағы 18 еңбекпен түзеу колониялары мен тергеу изоляторында 14 жастан 18 жас аралығындағы 500 бас бостандығынан айырылғандар арасында арнайы зерттеулер жүргізілген еді. Сарапшылар қатарына еңбекпен түзеу колонияларының 96 тәжірибелі қызметкері тартылды.

Зерттеушілер осы жас аралығындағы сотталғандардың ішінде негізгі бірнеше топты бөліп алады. Олар: ерекше мүмкіндіктерге ие — бейрәсім жетекшілер, талас туғанда олар заңкөй және төреші бола қалады. Жай мүмкіндіктерге ие — жетекшілердің «кеңесшілері», бұлар сотталғандардың 5-10 пайызынан аспайды; ешқайсысына қосылмайтындар — сотталғандардың негізгі бөлігі, олар «керітартпа мәдениеттің» нормаларын сақтай отырып, онша белсенділік танытпайды; мүмкіндіктерге ие еместер — осы девианттық мәдениет нормалары тұрғысынан олар өздерінің дәрежесі төмен екендігін мой-ындап, барлық қара жұмысты орындайды; мүмкіндіктерден толық айырылғандар — тән кемістігіне орай беделден мүлде жұрдай болып, болар-болмас гомосексуализммен айналысады немесе құқық қорғау органдары қызметкерлеріне сөз тасу секілді жағымсыз әрекеттерге баруға мәжбүр болады. Социологтар бас бостандығынан айырылғандарға бір топтан екінші топқа өту мүлде қиындатылған сатылық жүйе тән екендігін баяғыда-ақ атап өткен болатын. Бір таңқаларлық жайт, осы топтық тіршілікті реттейтін нормалар жүйесі мен құрылымының қалыпты топтар арасындағыдан ерекшелігі шамалы ғана. Зерттеушілердің айтуынша, «сотталғандардың арасындағы нормативтік жүріс өзінің карапайымдылығымен таңқалдырады»: «ұрлама», «өтірік айтпа», «үлкендерді сыйла». Ал, бір ерекшелігі мұндай ортаның моралі өте ерекшеленген топтық сипатқа ие: «өз ортаңнан ұрлама», «өз ортаңа өтірік айтпа». Және ортасынан егер біреуі нормаларды бұзса, бас бостандығынан айырылғандар қауымы жалпы тәртіп бойынша оны әлеуметтік тұтқынға алады.

Бұл белгілі бір социологиялық теорияға бағыштайды. Біріншіден, мұндай топқа сай болушылыққа — тәуелділік, адамның жеке басының қасиеті емес, оның топтағы алатын орны сол адамға берілетін негізгі баға болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың мәнін бағаламау тура емес. Бұл керітартпа субъективті мәдениеттік нормалардың мәнін одан сайын күшейтеді. Екіншіден, үлкен қоғам сияқты колонияларда да өте күшті әлеуметтік дифференциация бар. Осы әлеуметтік дифференциациялау бас бостандығынан айырылғандар үшін «қалыпты» қоғам мүшелерінің азаматтарына арналған дифференциациялаудан бір мысқал да кем емес. Үшіншіден, мұнда билікке бағыну да бар. Билікке ие болғандар негізінен топтың бейрәсім жетекшілері, олар өзінің күшіне, немесе тәжірибесінің көптігіне, немесе жерлестерінің көмегіне, ұлттық топтасуға иек артады.

Осылайша бас бостандығынан айырылғандардың тобына социологиялық зерттеу жүргізу олардың сырт көзге қиын да күрделі, қатал өмірлерін түсінуге жетелейді. Социология аппараты, басқа салаларда жинақтаған тәжірибелерінің арқасында кылмыстының субъективті мәдениетінің құрылымы, нормалар ықпалы туралы түсініктеме береді. Социологиялық қорды дұрыс пайдалану құқық қорғау қызметінде тиімділікті арттырары сөзсіз.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1356 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...