Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер



1. «Әлеуметтік институт» және «әлеуметтік процесс» түсініктері.

2. Әлеуметтік институттардың түрлері мен функциялары.

1. Әлеуметтік институттар – қоғамдық маңызды функцияларды орындаушы, қоғамның әлеуметтік ұйым көлеміндегі әлеуметтік байланыстары мен қатынастарын, сонымен қатар мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін ерекше құрылым.

Әлеуметтік институттар – адамдардың біріккен әрекеттерінен қалыптасқан ұйымдарының тұрақты тарихи түрі.

Оларға тән белгілер:

- қатысушылардың бір-бірімен өзара үнемі байланыстар мен қатынастар орнатуы;

- байланысқа қатысатындардың нақты міндеттерін, құқықтары мен функцияларын анықтау;

- өзара байланыстарын бақылау мен реттеу;

- әлеуметтік институттардың арнайы даярланған, қамтамасыз етуші кадрларының болуы.

Негізгі әлеуметтік институттар:

- отбасы институты (қоғамның мүшелері ұдайы өндіріс функциясын атқарады);

- денсаулық сақтау институты;

- әлеуметтік қорғау итституты;

- мемлекеттік институт;

- шіркеу, бизнес, БАҚ және т.б.

Қызмет ету саласына байланысты институттар:

- релятивтік - әр түрлі белгілер бойынша қоғамның рольдік құрылымын анықтаушы;

- регулятивтік - өзіндік мақсаттарына жету үшін индивидтердің тәуелсіз әрекеттерінің шекарасын анықтаушы болып бөлінеді.

Дами отырып, әлеуметтік институттар өздерінің түрлерін өзгертеді. Олардың даму көздері:

- эндогендік – ішкі факторлар, моральды институт ескіреді, онда қайта ұйымдастыру, терең мамандандыру процестері жүреді;

- экзогендік – сыртқы факторлар, мәдениет элементтерінің институттарға әсер тигізуі.

Әлеуметтік процестер - әлеуметтің басқа да көптеген қимыл-әрекеттерден бөлінген бір бағыты және қайталанатын әрекеттер мен өзара әрекеттер жиынтығы.

2. Институционализация - әлеуметтік байланыстарды формалау мен тәртіпке келтіру процесі мынадай әлеуметтік қажеттіліктер:

- коммуникация;

- өндірісте өнім өндіріп, қызмет көрсету;

- игіліктер мен артықшылықтарды тарату;

- азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- теңсіздік жүйесін қолдау;

- қоғам мүшелерінің мінез-құлқының әлеуметтік бақылауы (дін, мораль, құқық, пенитенциарлық жүйе) пайда болмайынша процесс іске асырылмайды.

Институционализацияның маңызды компоненті оның:

- материалдық;

- қаржылық;

- ресурстық негізін (базасын) жасау болып табылады.

Әлеуметтік ұйым - әлеуметтік құрылымның элементі, белгілі бір мақсаттарға жету үшін индивидтерді біріктіруші қатынастар жүйесі.

Әлеуметтік ұйымның негізгі белгілері:

- ұйымның мақсаты (мақсатқа жетудің құралы болады);

- иерархия (мүшелердің мәртебесі мен рольдеріне сәйкес);

- функционалдық белгілер бойынша мамандандыру (еңбекті бөлу негізінде).

Бақылаушылар жүйелерге сәйкес әлеуметтік ұйымның әрекеттерін реттейді және бақылайды.

Ұйымдар қоғам өмірінің салаларына сәйкес ажыратылады.

Ұйымның типтері:

- формальды әлеуметтік ұйым;

- формальды емес әлеуметтік ұйым.

Формальды әлеуметтік ұйым әкімшілік, саяси шешімдердің нәтижесінде пайда болады. Оның негізінде еңбектің бөлінуі, терең мамандандыру, заң нормалары жатады.

Әлеуметтік ұйым - өзара әрекеттесудің және әлеуметтік байланыстардың негізінде құрылған жүйесі. Онда тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас нормалары қызмет атқарады, қатаң регламент пен тәртіп болмайды.

Көптеген ұйымдардың жүйелері болады.

Мысалы, кәсіптік ұйымдардың:

- техникалық;

- экономикалық;

- басқарушылық;

- әлеуметтік жүйелері болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 8738 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...