Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жатырдың бимануалдық компрессиясы



Мақсаты - қанағуды тоқтату.

Көрсетулері - босанғаннан кейінгі қанағу.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - геморрагиялық шок, ШТІҚҰ-синдромы.

Ресурстары – кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырлар үшін катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Босанған әйелді жалғыз қалдырмай бүкіл бос персоналды жұмылдырыңыз.

2. Көмекке шақырыңыз: оперативтік техниканың толық көлемін игерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, зертханашыны.

3. Қанжоғалтудың көлемін анықтаңыз.

4. Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:

· екі қолдыңда АҚ өлшеңіз;

· пульсін санаңыз;

· дене қызуын өлшеңіз;

· тыныс алу жиілігін санаңыз;

5. Қарқынды терапияның картасын үздіксіз жүргізу үшін бір қызметкерді бөліңіз.

6. Зәр қуығын катетерлеуді жүргізіңіз (зәр қуығы бос болуы қажет).

7. Кристаллоидтардың инфузиясын бастау үшін 3:1 қатынаста қан жоғалту мен утеротониктердің көлемін есептей отырып, №№14-16 G екі шеткі көк тамырға катетерлеуді жүргізіңіз.

8. Босанған әйелді жылытыңыз (көрпемен жабыңыз, дымқыл ақ жаймаларды құрғақ ақ жаймаларға ауыстырыңыз).

9. Дымқылдау оттегіні беруді қамтамасыз етіңіз.

10. Жалпы қан анализіне, коагулограммаға немесе қанның ұю уақытына және үйлесімділігіне қан алыңыз.

11. Қанның тобын, Rh-факторын анықтаңыз.

12. Себебін қойыңыз:

· жатырды тексеріңіз (ширақтығы, тіні);

· жыныс жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақаты).

13. Жатырдың бимануалдық компрессиясын утеротониктерді енгізумен бірге жүргізіңіз.

14. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

15. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

16. Қынапқа оң қолыңызбен кіріңіз және қолыңызды жұдырыққа қысыңыз.

17. Жұдырықты алдыңғы күмбезге қойыңыз және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз.

18. Басқа сол қолыңызбен алдыңғы іш қабырғасы арқылы, қынапқа кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басыңыз.

19. Әзірше қанағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды жалғастырыңыз.

20. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

21. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

22. Барлық мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Қан жоғалту көлемін анықтау әдістері:

1. Көзбен шолу әдісі (30 қате).

2. Гематокриттің деңгейінің бастапқысынан 10 аз төмендеуі.

3. Грамметриялық әдіс-операциялық материалды өлшеу (15 қате).

4. Өлшейтін ыдыспен өлшеу (саптыаяқ, бөлік салынған науа).





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1683 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...