Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету



Мақсаты - студентті босанатын әйелді бақылауға, дер кезінде асқынуды көрсете білуді және қан ағу кезінде күттірмейтін шараларды қолдануды, яғни қанағуды тоқтатуды үйрету.

Көрсетулері - босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қанағу.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - өліммен аяқталу.

Ресурстары – кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырларға салатын катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:

· АҚ өлшеңіз;

· пульсін санаңыз;

· тыныс алуын санаңыз;

· қан жоғалтуын бағалаңыз-көзбен шолу және өлшейтін саптыаяқпен өлшеңіз;

· қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

· қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

2. АҚ 90/60 мм сынап бағанасынан және одан төмен, пульсі 1 минутына 90 соққыдан жоғары, тері жабындысының, шырышты қабықтардың бозғылттығы және демалудың жиілігі минутына 22-ден жоғары кезінде:

· зәр қуығын катетермен босатыңыз;

· алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырдың сыртқы массажына кірісіңіз, қол әрекетін жасаған уақытта, ол жарақатсыз болуы керек, өрескел қол әрекеті тек жатырдағы тромбының пайда болу үрдісін күшейтеді;

· №14,16 шеткі көктамырларға катетерлеу жүргізіңіз;

· босанған әйелден кетпей бүкіл бос персоналды және кезектегі бригаданы шақырыңыз (5минуттан артық емес);

· міндеттерді бөліңіз;

· бұлшық етке 2 мл (10бір) окситоцинді енгізіңіз;

· қан жоғалту көлеміне 3:1 қатысты жылдамдығы 1000мл 15-20 минут ішінде сорғалатып екі көктамырға инфузиялық терапияны бастаңыз;

· 1 минутына 60 тамшы 500 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көктамыр ішіне 4 мл (20бір) окситоцинді енгізіңіз;

· қанағу басталғаннан бастап бір сағат ішінде 2 литрден кем емес кристаллоидтық ерітіндіні құйыңыз.

3. 5 минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:

· бала жолдасының бүтіндігін тергеңіз (тін): кемістік кезінде-жатыр қуысын қолмен тексеріп және бала жолдасының кідірген бөліктерін алып тастаңыз;

· босану жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақат)- босану жолдарының жыртылуы кезінде-тігу жүргізіңіз;

· жатырдың ширақтылығын анықтаңыз (ширақтылық): гипотония кезінде-жатырдың сыртқы массажын, оның толық жиырылуына дейін жүргізіңіз;

· әртүрлі коагулопатияларды алып тастаңыз (тромбалар-гемостаздың бұзылысы (бірінші кезекте, ШТІҚҰ-синдромның салдарынан);

· қағанақ суларымен эмболияны алып тастаңыз;

· бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз;

· қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

Ескерту. Барлық қол әрекеті бір уақытта жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1495 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...